7.5 Жалғастырылатын үшбұрыштарды тіктеуішке жанастыру және оларды өңдеу
Екі тіктеуіште тыныш жағдайда бекітілген кезде жобаның аяқталуы бойынша оларды жанастыруды іске асырады. Әдетте ол жер бетінде және жер астында бір уақытта жүргізіледі. Жанастырудың әдісін таңдау, дирекционды бұрышты қажетті қабырғадан жер бетіне тіктеуіш жармасына және тіктеуіш жармасынан жер асты тірек торлары қабырғасына беру барысындағы орташа квадраттық қателік 30" аспайтындай етіп тағайындалады.
Ең көп қолданылатын жанастыру тәсілі, үшбұрыштарды жалғастыру. Ол жанасатын нүктелердің, бұрыштық сызықтық өлшемдері жағдайын таңдаудан жинақталып отырады.
Жанасатын нүктелердің орналасу орнын таңдау. 7.3 суретте үшбұрыштарды жалғастыру тәсілі көрсетілген, онда үшбұрыштарды жалғастыру тәсілі жер бетінде және тау жұмыстарының горизонтында пайдаланылған. Осыдан жер бетінде шахтада оқпанға жақын С нүктесі және С1 нүктесі олардан екі тіктеуіште көрінетіндей, сондай-ақ жер бетіндегі жақын пунктпен жер асты тірек торлары көрінетіндей есеппен бекітіледі. Жобалық А және В нүктелерімен бірге, олардың проекциясы А1 және В1,таңдалған нүктелер жалғастырушы деп аталатын ABC және А1 В1 С1,үшбұрышын қалыптастырады.
Сурет 7.3- Жалғасқан үшбұрыштарды жанастыру схемасы
Жалғасқан үшбқрыштарды жанастырудың ерекшелігі, оның схемасының өлшеуге, есептеуге қарапайымдылығы болып табылады. Мұнан басқа, бұл тәсіл, жанасудың біршама жоғары дәлдігін, үшбұрыштардың тиімді формасын құрастыру және өлшеудің мұқият орындалуы есебінен алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ориентрлі-жалғастыру түсірісін жанасудың геометриялық әдісі бір оқпан арқылы жүргізу өндірісі барысында, көбінесе жалғастырушы үшбұрыштармен жүзеге асырылады. Дегенмен үшбұрыштардың тиімді формасын құру мүмкіндігі болса, жанастырудың басқада тәсілдерін пайдалануға болады. Бір оқпан арқылы ориентирлі –жалғастырушы түсірісті бақылау үшін, екі рет орындалады (тіктеуіштің екі жағдайында).
Достарыңызбен бөлісу: |