Т. Т. Ипалаков., Б. Апшикур маркшейдерлік іс негіздері



бет8/26
Дата26.12.2023
өлшемі1.29 Mb.
#487980
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
МУП маркшейдер. дела

3.4 Өсті нақтыға шығару

Өсті бөлуге жергілікті жерде нүктелер қатарын олардың горизонтальды жазықтықтағы проекция өстік жобалық жағдайымен сәйкес келетіндей қайта қалыптастырумен бекітуден тұрады. Бөлудің мұндай түрін, шахтаның ствол өсін нақтыға шығаруда, кірме жолдарды трассалауда, электр тарату желілерін жатқызуда, құбыр сымдарымен кабелдерді және т.б. төсеу үшін траншей трассалау барысында қолданбаған дұрыс.


Қажетті мәліметтердің бар болуымен байланысты көшіру үш түрлі тәсілмен атқарылуы мүмкін (сурет 3.3):


Сурет 3.3- Нүктелерді олардың берілген координатасы бойынша нақтыға көшіру тәсілі


1. Жобада оған орналасқан Р өсі нүктесінің хА және уР белгілі координаттарымен, оның дирекционды бұрышы α берілген (сурет 3.3). мұнан басқа тірек торларының А (хА, уА) және В (хВ, уВ) нүктелері белгілі.
Геодезиялық кері есептеуден А және Р нүктелерінің координаттары бойынша дирекционды бұрыш (АР) және АР сызығының ұзындығы анықталынады.
2. Жобада өстің бұрылыс нүктесін табу үшін, біртіндеп нақтыға көшірілетін полигондық жүрістің өсі, геометриялық элементтерімен (горизонталь бұрыштармен ұзындығы) берілген. Бұл тәсіл кірме жолдардың трассасын, тоннелдерді, жер асты және жер үсті коммуникацияларын бөлу барысында қолданылады.


3.5 Реперлерді нақтыда олардың берілген белгілері бойынша қайта құру

А нүктесінде репердің жобадағы берілген НА белгісін бекіту талап етілген болсын (сурет 3.4). Белгілі обсолютті НR белгісі бар, бастапқы реперге R, нивелир рейкасын қояды да, бастапқы репер мен анықталынатын репер арасында қойылған нивелирден санақ алады. А репері салынуға тиісті жерден (қабырға, бағана), нивелирдің визирлік сәулесінің Г проекциясын белгілейді.



Сурет 3.5 - Реперді оның жобадағы берілген белгісімен нақтыда қайта құру


Аспап горизонтын есептеп АГ= НR + l, өсімшені h айырмашылық бойынша анықтайды: H=АГ- НА.


4 шахта ұңғысының центрін және өсін бөлу шахта және карьердің өндірістік алаң үстінің вертикальды жоспарлануы

Дәріс жоспары:



  1. шахта ұңғысының өстері;

  2. Шахта құрылысы;

  3. Шахтадағы тірек торлары.

Вертикальды шахта ұңғысының өсі деп, біреуі параллелді ал екіншісі осы ұңғыға негізінен біртұтас перпендикуляр біріккен екі горизонталды түзуді атайды. Ұңғының өсі, ұңғының центрі деп аталатын нүктеде қилысады және оның горизонталды қимасына симметриялы өсі болып табылады.


Вертикальды шахта ұңғысының көтеру өсі, көтеру центрі болатын нүктені басып өтетін, көтергіш машинаның негізгі валына перпендикуляр горизонталды түзуді атайды. Көтеру центрі сөзінен, көтергіш құрылғылардың арқандарының өсі арасындағы аралықты тең бөліп тұратын нүктені түсінуге болады.
Еңісті шахта ұңғысының негізгі өсі деп, ұңғының түсуі бойынша түзу бағытталған және оның горизонталь қимасының симметриялық өсімен сәйкесетін өсті атайды. Еңісті ұңғының екінші өсі біріншіге перпендикуляр және ұңғыманың жобада берілетін шартты центр нүктесімен өтеді.
Еңісті шахта ұңғысының көтеру өсі, ұңғының негізгі өсіне параллель түзу және бір аралықты жолдың өсімен сәйкесетін немесе ұңғыдағы екі аралықты жолдың өстері арасының ортасымен өтетін өс болыа табылады.
Шахта құрылысын бастау алдында маркшейдер, жобалық мәліметтер негізінде, нақтыда ұңғының центрін және оның өсін бекітіп, көрсетеді (сурет 4.1).
Ұңғының өсі жер бетіне бекітіледі және шахта құрылысының процесімен оны пайдалану барысындағы көптеген маркшейдерлік мәселелерді шешуде, маңызды рол атқарады. Осы өске құрылыстың барлық беті бөлінеді, көтергіш кешені (шойын тоқпақ (копер), шкив, көтергіш машина) орнатылады және тексеріледі, ұңғыны арматуралау, ұңғы төңірегіндегі қақпаны т.б. жару жұмыстары жүргізіледі.
Шахталық ұңғыны оның координатасы бойынша нақтыға көшіру өткен дәрісте қарастырылған тәсілдердің бірімен геодезиялық негіздер пунктерімен жүргізілуі мүмкін. Ұңғының центрін полярлық тәсілмен көшіруді бақылау мақсатында, екі тірек пунктінен кем емес жүрілген болуы керек, ал бұрыштық қилыстыру әдісінде кем дегенде үш бағытта жүрілген болуы қажет. Ұңғының көшірілген центрі жеткілікті деңгейде уақыттық белгімен бекітілген болуы қажет, ол үшін газ құбырының кесіндісін немесе жуан ағаш қазықты пайдалануға болады.
Бөлінетін тірек торы, нақтыға ұңғының өстік жүйесі шартымен жобалық координатаны алдын ала есептеу бойынша, шахта ұңғысының өстік сызығына өзара перпендикуляр орнатылған екі теодолиттің көмегімен көшіріледі.



Сурет 4.1- Ұңғының центрін және өсін нақтыға шығару


Өстік пунктің және бөлінетін тор пунктінің дұрыс орнатылғандығын бақылау, торлардың өзара перпендикуляр бағыттары арасындағы горизонталь бұрыштарды өлшеумен және өстік пункт центрінің екі жаққа жарылғандығын тексеру арқылы жүргізіледі.


Өстік пунктің және бөлінетін тор пунктін бекіту олардың ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз етуі қажет, (сурет 4.2 а, в, б).



Сурет 4.2 - Өстік пунктің центрі: а- бетон центр; б- ғимараттың қабырғасына, ірге тасына бекітілген центр



Сурет 4.2 в - Центрдің үстіңгі қырына бекітілген теодолиттің визирлік өс бағыты сызылған металл пластина


Бетон центр 4.2 а суретінде көрсетілгендей. Дұрысында өстің пунктерді жасырып қояды, оны оңай іздеп табу үшін, жергілікті жердегі жақын затқа байланыстырады және байланыстырудың эскизін жасайды. Өстік пунктер ғимараттың немесе өндірістік алаңындағы құрылыстың күрделі қабырғасына, іргетасына бекітілуі мүмкін. (сурет 4.2 б). Центрдің үстіңгі қырына бекітілген теодолиттің визирлік өс бағыты сызылған металл пластина 4.2 в. суретінде көрсетілгендей.


Өстік пунктің және бөлінетін тор пунктін бекіткеннен кейін, түсірістің нәтижесінде әрбір пунктің координаталары анықталынып, координаттар каталогы құрастырылатын олардың түсірісі жасалынуы қажет.
Өндіріс алаңдарының үстіңгі бетінің вертикальды планы деп нәтижесінде жекелеген жер бөлігіне жобада пішіні берілген жұмыстарды айтады.
Құрылыс үшін тағайындалған бөлікті пландау, техникалық жоба негізінде жүріледі. Пландау барысындағы жұмыстар келесі сатылар бойынша жүріледі:
1. Өндіріс алаңдарын контурларға бөлу. Пайдалы алаңның контурын нақтыға шығару техникалық жобада көрсетілген қабырға ұзындықтары мен бұрыштары бойынша жүріледі. Контурдың бұрыштық нүктесі бекітіледі және бақылау өлшеуі жүріледі.
2. Тірек пунктерінің нақтыдағы жүйесін құру. Жағдайы алдын ала жергілікті жердің топографиялық планында белгіленеді. Анықталынатын контурдың конфигурациясы, оның жер бедеріне байланысты, тірек торларының құрылу дәрежесі, шаршы торлар түрінде радиалды торлар, көлденең қимасымен трассаның бойы және еркін ретпен пункте орналасқан болуы мүмкін.
3. Тірек торларының абсолютті белгілерін анықтау. Белгі геометриялық нивелирлеу арқылы анықталады және оларға ірі масштабты(1:500) планда ісжүзіндегі жер бетінің бедері горизонталь қимасы 0,25–0,5 м кескінделеді.
5. Жұмысшы белгісін анықтау.Үйінді биіктігін немесе тірек торларының әрбір биіктігінде топырақ кесіндісінің тереңдігін көрсететін белгіні анықтау, шаршылардың нақты биіктігімен жобалық арасындағы айырмашылық бойынша жүргізіледі.
6. Жер жұмыстарының көлемін анықтау. Пландау үшін бөлінген тор шаршыларының центр тереңдігі бойынша есептелінеді.
7. Маркшейдерлік тексеріс. Жер жұмысында орындалады, пландық алаңның негіздері нүктелерін қайта құруға енгізіледі, пландалған бөліктің анықталынған жаңа жер бедері және оның жоба бойынша берілген жинақталған пішіні анықталынады.

5 құрылыстармен кірме жолдардың өсін бөлу


Дәріс жоспары:

  1. Шахта орнындағы құрылыстармен ғимараттардың орналасуы;

  2. Ғимараттар мен құрылыстардың өстерін бекіту;

  3. Жер асты жолдарының өстерін шығару және бөлу.

Шахтаның өндірістік алаңы, генералды планмен жұмысшы сызбада көрсетілетін өзара бірі бірімімен анықталынған геометриялық байланысы бар көптеген ғимараттармен құрылыс құрылымдарынан тұрғызылады. Әрбір құрылыс құрылымының пландағы жағдайы олардың сипаттық нүктелерінің шахта ұңғысы өсінен арақашықтығы бойынша анықталады.


Ғимараттың, құрылыс блогы және іргетастың негізгі өсін бөлу, перпендикуляр немесе полярлық әдіспен орындалады. Нақтыда анықталынатын өстік және контурлық нүкте, бөлудің тірек торларының бастапқы пунктерінен 25метрден артық емес аралықта орналасуы қажет. Ғимараттың негізгі өсі өстік пунктке бекітіледі, ал іргетас өсі жеке дара өске шығарылып бекітіледі. Ұзындығы 80 метрден асатын ірі өндірістік ғимараттың блоктарының құрылысы барысында дара өске, ғимараттың сыртқы қабырғасының өсін бекітеді. Өстердің нақтыдағы қилысу нүктесін тіктеуіш көмегімен белгілейді.
Ғимарат өстерінің қилысу нүктесінің бөлінуінің дұрыстығын осы нүктемен, бөлудің тірек торының ең жақын орналасқан пункті арасындағы аралықты өлшеу арқылы тексереді, сондай-ақ ғимарат қабырғасының бойымен диоганалы бойынша бұрыштық нүктелер арасын өлшеу арқылы тексереді.
Іргетасты вертикальды бөлу, дара бағанаға бекітілген реперден бастап рейкамен нивелир көмегі арқылы жүргізіледі.
Траншеи құрылысы барысында маркшейдер, жергілікті жерде оның магистралының бойлық өсін жүргізеді. Траншеиде құбыр немесе сым жолын төсегеннен кейін, олардың нақты жағдайына нивелирмен түсіріс жүргізеді.
Кірме теміржол трассасының жобасын қабылдай отырып, маркшейдерберілген ізденістің нақты жағдаймен сәйкестігін тексереді. Тексеріс барысында реперлердің бекітілуі, трасса бұрылысының нүктесі, пикеттер, плюстік нүктелер және т.б. ерекше мұқият тексерілуі қажет.
Жоба элементтерінде бақылау тексерісі жүргізілгеннен кейін, трасса өсі, болашақ жер жұмыстарының шегіне шығарылады. Өстің нүктелерін шығару, келесі тәсілдермен орындалуы мүмкін: (сурет 5.2).
1. 1 және 2 нүктелерді параллель шығарып, трасса өсіне перпендикуляр l1 және l2 аралығын дәл өлшеп бекіту;
2. Жарма бойынша шығару. 3′ және 3″ нүктелерін трасса өсіне перпендикуляр бекітіп, l3 аралығын өлшейді. 4′ және 4″ нүктелері жармаға 4 нүктеден еркін аралықта бекітіліп, l4 аралығы өлшенеді;
3. Бұрыштық қилыстырумен шығару (5' және 5″нүктелері);
4. Полярлық шығару ( 6″ нүкте).



Сурет 5.2- Жер асты жолдарының өсін жер жұмыстары контуры шегіне шығару, бекіту және қисықтың негізгі нүктесін анықтау


Шығарылған нүктені сенімді бекітеді, бағанаға нүктенің нөмірі және шығарудың аралығы көрсетіледі. Шығару барысында трассаның бағыты көрсетілетін, оның шығару нүктесін, өлшенген бұрышын, және арақашықтығын анықтаушы байланыстырудың схемасы құрылады. Трассаның нүктелерін шығарғаннан кейін, жер жұмыстарының контурын (үйінді немесе қазынды) деталды бөлуге кіріседі. Бөлу, жергілікті жерде откос шегін шығару, тереңдік, қазынды үшін шекара, үйінді негізі және оның биіктігінен тұрады. Үйінді биіктігін нақтыда көрсету тәсілі, оның жобалық шамасына тәуелді болады. Биік емес үйінділердің құрылысы барысында, трассаның бойлық өсіне бекітілген пикет және плюстік нүкте бағанасын жер жұмыстарының басталуын веха (белгімен) алмастырады. Веха үстіне горизонтальды планке қағадады, төменгі жақтауына үйінді биіктігін белгілейді. биік үйінді құұрылысы барысында, веханы үйілген жер белгісі жобадағы шамаға 2-3 метр қалғанда қояды.


Тегіс жердегі үйінді негізінің шекарасы, оларға дейін трасса өсінен бастап салынған арақашықтықты белгілейді. Откос және қазынды түбінің шектік нүктесі нақтыда трасса өсінен аралықты өлшеумен белгіленіп, қазықпен бекітіледі. Үйіндінің немесе қазындының жобалық еңістігі шекаралық нүктелерде, жобалық еңістіктер бойынша, дайындалған еңістік үлгісін (откосных лекал) бекіту жолымен беріледі.
Жүргізілген жер жұмыстарының көлемі, тығыз топырақта есептелінеді, өйткені көлемді өлшеу нәтижесі бойынша, тығыз топырақ көлемі есептелінген. Коэффициенттері оның құрамы мен үйіндінің жарамдылық мерзіміне тәуелді болады.


6 қарама қарсы забой өткелі бағытын беру барысындағы маркшейдерлік жұмыстар


Дәріс жоспары:

  1. Кеніш орындарын өңдеу тәсілдерінің түрі;

  2. Өңдеу барысындағы орындалатын маркшейдерлік жұмыстар;

  3. Забойлардың шектік сәйкессіздігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет