Табиғат – көріністері Сабақтың мақсаты: білімділік


Мультфильм көрсету. Табиғатқа байланысты. Бетбақдала



бет3/3
Дата17.03.2023
өлшемі316.4 Kb.
#470916
түріСабақ
1   2   3
табиғат тарбие сағат 6 сынып 2

Мультфильм көрсету. Табиғатқа байланысты. Бетбақдала


Жапырақты сөйлету.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жануар – жәндік тұрмақ, тіпті көктемде көктеп, күзде қурайтын өсімдіктің де өзіне тән жаны, мінезі бар көрінеді. Өсіп, жайқалып тұрған жапырақтарға биолог ғалымдар ультра жазу аппараттары арқылы мынадай қызықты тәжірибе жасапты.
Сабағына арнайы байланыс құралдарын орнатып, өздері жапырақты жұлуға қол созған. Сөйтіп, жапырақты ұстағанда, экранда қорқыныш діріл пайда болған. Одан әрменгі оқиға былайша өрбіген.

  • Қауіп – қатер төнді!

  • Тірі қаламын ба, жоқ па?

  • Жарақат салды!

  • Құрыдым!

Жапырақты жұлып алғанда, экрандағы қорқыныш дірілі де жоғалған. Яғни бір ғұмыр үзілді. Міне, көрдіңдерме? Яғни, біз бір жапырақ жұлғанның өзінде табиғатқа қасірет әкеледі екенбіз. Ал, біз өзіміздің табиғатымызды көркейте білуіміз қажет. Табиғатты көркейту үшін не істеуіміз керек, балалар? (Оқушылардың ойын тыңдау)
Ой толғау.
Оқушыларға ақ парақ таратылып беріледі. Әр топ берілген сұрақтарға жауап жазады.
І – топ: Табиғаттың адамға деген пайдасын жаз.
ІІ – топ: Табиғатты қалай қорғайсыңдар?
ІІІ – топ: Табиғатты қоректендіру үшін не істейсіңдер?
Мұғалім: Өте жақсы айтылған жауаптар болды, рахмет!
Табиғаттың суретін құрастырып, өздері қорғап шығу
Оқушылар көгалдандыру жұмысын өз үйіміздің, мектебіміздің ауласынан, сыныбымызды гүлдендіруден бастайық. Сіздерге мен «Гүл – өмірдің сәні» атты тәрбие сағатында гүлді отырғызудың әдіс – тәсілдерін, гүлдерді қалай баптап – өсірудің жолдарын айтып өткен болатынмын. Қалай отырғызатыны туралы кім айтады?
(Гүл отырғызудың әдіс – тәсілі, гүлдерді қалай баптап өсірудің жолдары оқушылардан сұрау). Әр топқа гүл отырғыздырту.
Дастан:
Күн сәулесі төгілгені әдемі!
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі!
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі!
Биік – биік шыңдарымда әдемі!
Сүңқар құстың самғағаны әдемі!
Даланы әнге бөлеген,
құстарым қандай әдемі!
Мөлдіреген көздері,
киігім қандай әдемі!
Аппақ қарға оранған,
қысым қандай әдемі!
Масатыдай құлпырған,
көктем қандай әдемі!
Асыр салып ойнайтын,
жазым қандай әдемі!
Сары түске боялған,
күзім қандай әдемі!
Осылайша табиғатқа бір қарап,
Табиғатпен сырласуда әдемі!
Жер – Ананы аяласаң жан – тәніңмен,
Боларсыңдар, сендерде дүниедегі ең әдемі! (слайд көрсету)
«Сиқырлы қалам?» (мен не білдім?)
Қорытынды.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда сіздер табиғат туралы біраз мағлұмат алдыңыздар. Білімдеріңізді жақсы деңгейде көрсеттіңіздер.
Әрқашан өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортадағы табиғат нысандары мен тірі ағзаларды қорғап, қадірлеп, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға міндетті екенімізді ұмытпайық










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет