7-ТАҚЫРЫП: ТАҢДАУЛЫ БАҚЫЛАУ
Таңдаулы бақылау түсінігі. Іріктеу тәсілдері
Таңдаулы бақылау тұтас емес бақылау түрлерінің бірі болуда. Ол тұтас бақылауды жүргізу мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыда жүргізу тиімсіз болғанда атқарылады. Таңдаулы бақылау кезінде тексеруге жиынтықтың іріктелген бірліктерінің қандай да болсын бөлігі жатады. Осымен негізделген еңбек, қаражаттар мен уақыттың үнемделуі практикалық қызметтегі және ғылыми зертеулердегі таңдаулы бақылаудың кең қолданылуына ықпал етті. Таңдаулы бақылау нарық бағаларын зерделегенде, өнім сапасын бақылағанда, халықтың кейбір қоғамдық топтарының отбасылар бюджеттерін тексергенде және басқа жағдайларда да қолданылады.
Таңдаулы бақылау кезінде келесі негізгі сипаттамаларды айырады:
N – зерделенетін жинықтықтың барлық бірліктерінің саны (бас жиынтық);
п – таңдаулы тексеру үшін іріктелген бірліктердің саны (бас жиынтық);
X – бас орташа (сандық белгінің орташа өлшемі);
х - таңдаулы орташа;
і – бас жиынтықта зерделенетін белгіге ие бірліктер саны;
Р – бас жиынтықта зерделенетін белгіге ие бірліктердің үлесі (бас үлес);
W – таңдаулы жиынтықта зерделенетін белгіге ие бірліктердің үлесі (таңдаулы үлес);
1 - W – таңдаулы жиынтықта зерделенетін белгіге ие болмайтын бірліктердің үлесі.
Таңдаулы тексеруді жүргізу үшін бастапқы (бас) жиынтықтан бақылау бірліктердің белгісі бөлігін іріктеу қажет, ол үшін осындай іріктеу тәсілдері қолданылады:
- меншікті кездейсоқ,
- механикалық,
- типтік (немесе аудандандырылған),
- сериялық (немесе ұялы).
Меншікті кездейсоқ тәсілде бірліктер кездейсоқ, шамамен (мысалы, жеребе бойынша) іріктеледі. Таңдаулы жиынтықтықтың осындай қалыптасуында әр бірлік іріктеуге түсуге тең мүмкіндікке ие.
Механикалық тәсілде бірліктердің іріктелуі механикалық түрде (қандай да болсын маңызды белгілі есепке алусыз) жүргізіледі, мысалы, белгілі аралық арқылы (20% іріктеуде әр бесінші, немесе 10% іріктеуде әр оныншы) және т.б.
Типтік (немесе аудандандырылған) іріктеуде бас жиынтық алдын ала сапалы біркелкі топтарға мүшеленеді, олардан кездейсоқ тәртіпте бірліктердің қажетті санының іріктеулуі жүргізіледі.
Сериялық (немесе ұялық) тәсілде сериялардың (ұялардың) кездейсоқ іріктелуі жүргізілсе, іріктелген сериялардың ішінде тұтас бақылау атқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |