Таңдаулы бақылау түсінігі. Іріктеу тәсілдері


Таңдаулы бақылаудың қателіктері



бет2/2
Дата03.05.2024
өлшемі47 Kb.
#500437
1   2
10 тақырып.2 (1)

7.2 Таңдаулы бақылаудың қателіктері


Дара ерекшеліктеріне ие болып, бақылауды тексеру үшін іріктелген бірліктері бас жиынтықты қалпына келтірмейді, сондықтан да таңдаулы жиынтықтың жалпылаушы көрсеткіштерінен қабылданбауы мүмкін.
Осыған байланысты репрезентативтік (жүйелі және кездейсоқ) қателіктер пайда болады. Егерде бас жиынтықтан алдын ала белгілердің көпшілігінде жоғары немесе төмен мәнімен бірліктерді әдейі іріктесе, сонда таңдаулы жиынтықтың көрсеткіштері бас жиынтықта белгінің мәнін жүйелі түрде арттыруы немесе төмендетуі мүмкін, жүйелі қате пайда болады. Жүйелі қателікке жол бермеу үшін бірліктердің іріктеу кездейсоқтығын қамтамасыз ету қажет.
Кездейсоқ іріктеу қайталама және қайталаусыз таңдау түрінде жүргізілуі мүмкін.
Қайталама таңдауда іріктелген бірлік белгінің тіркеуінен соң бас жиынтыққа қайтып, іріктеуге қайтадан қатысады.
Қайталаусыз іріктеуде әр іріктелген бірлік бас жиынтыққа қайтпайды, демек, іріктемеге тек бір рет түсуі мүмкін.
Кез келген таңдауда кездейсоқ қателіктер болу мүмкін, бірақта келесі ережелерді жетекшілікке ала отырып, оларды қандай да болсын кіші өлшемдерге дейін жеткізуге болады:
1. Іріктемеге кездейсоқ іріктеуге, бас жиынтықта ауытқудың болуынан, белгілердің әртүрлі мәндерімен бірліктер түседі. Іріктеменің жеткіліктідей үлкен көлемінде кейбір жағдайларда болу мүмкін кездейсоқ ауытқулар орташаның есебінде өзара өтеледі. Осының салдарынан мүмкіндіктің белгілі дәрежесінде таңдаулы орташа бас жиынтық үшін белгінің типтік мәнін көрсетеді. Осыдан, іріктеменің көлемі үлкен болған сайын, кездейсоқ ауытқалар толық өзара өтеліп, іріктеме қателері аз болады.
2. Іріктеме қателегі тербелістік (түрлену) дәрежесіне байланысты. Жиынтықта зерделенетін белгінің түрлену көрсеткіші үлкен болған сайын іріктеме қатесі үлкен болады. Белгі тербелістігі дәрежесінің негізгі көрсеткіші орташа квадраттық ауытқу болғандықтан, іріктеме қателігі орташа квадраттық ауытқуға тұра пропорционалды.
Іріктеменің орташа қателігін келесі формуламен көрсетуге болады:
(48)
онда: μ- таңдаудың орташа қатесі;
2 — ауытқулардың орташа квадраты, немесе дисперсия;
п — іріктелген бірліктердің саны.
Таңдаулы бақылауды жүргізгенде бас жиынтық бойынша ауытқудың орташа квадратының шамасы белгісіз. Орташа қателіктің формуласында ол түрленудің мәні бойынша жақын көрсеткіші — таңдаулы жиынтық ауытқуының орташа квадратымен ауыстырылады.
Іріктеменің бір орташа қателігін білу жеткіліксіз.
Іріктеменің шекті қателігі келесі формула бойынша есептеледі:
(49)
онда: ∆ — таңдаулы бақылаудың шектеулі қатесі;
t — белгілі ықтималдыққа сәйкес келетін сенім коэффициенті (арнайы кестелердегі мазмұнның нақты мәндері);
μ — іріктеменің орташа қателігі.
Белгінің үлесі (W) үшін таңдау қателігі ұқсас есептелінеді. Іріктеменің орташа қателігінің формуласында сандық белгінің дисперсиясы балама белгінің дисперсиясымен ауыстарылады (атрибутивтік белгінің бір түрі болып, балама белгі бір бірліктерде болса, басқа бірліктерде болмауы мүмкін).
Осы белгінің үлесі үшін орташа қателіктің формуласы:
(50)
Іріктеме қателіктерін есептеу формулалары қайталама іріктеуде қолданылады.
Қайталаусыз іріктеуде қателік әрдайым бірліктен төмен коэффициентке (1-n/N) азайады, өйткені қатынас – бас жиынтықтағы таңдаулы жиынтықтың үлесі және формулаларға келесі түрде болады:
(51)
Ықтималдықтың белгілі дәрежесінде іріктеменің қателіктері болу мүмкін жол берілетін шектерді табу үшін шектеулі қателік (∆) есептелінеді. Ол t сенім коэффициентінің таңдаудың орташа қателігінің туындысына тең.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет