Тақырыбы: 2 (iiа) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері Жоспар



бет1/3
Дата19.02.2024
өлшемі78.96 Kb.
#492422
  1   2   3
2 топ элементтері онс


Тақырыбы: 2 (IIА) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері


Жоспар:

  1. Сілтілік-жер металдар

  2. Магний және оның қасиеттері

  3. Кальций және оның қасиеттері



Сілтілік-жер металдар
ІІА топша элементтерінің оксидтерін бұрын «жер» деп атаған, олардың судағы ерітінділері сілтілер болғандықтан бұл элементтердің топтық атауы – сілтілік – жер металдары (1 – кесте).
ІІА топша элементтері – бериллий Be, магний Mg, стронций Sr, барий Ba, радий Ra. Бұлардың ішінде радий табиғаты радиоактивті элемент, оны 1898 жылы Мария және Пьер Кюрилер ашқан. Радийдің α- ыдырауы нәтижесінде радон түзіледі:
1 – кесте. Элементтер және жай заттардың сипаттамалары



Элемент

Валенттілік
электрондық формуласы

Элемент

Атом радиусы, нм

Иондану энергиясы, эВ

Электр те-рістілік

Электрон- тартқыш-тық, эВ

Атом көлемі, см3



2s2

1,13

9,32

1,47

0,38

4,85



3s2

1,6

7,65

1,23

-0,22

13,96



4s2

1,9

6,11

1,04

-1,93

26,03



5s2

2,12

5,69

0,99

-1,51

32,82



6s2

2,25

5,21

0,97

-0,48

38,04



7s2



5,28

0,97








Элемент

Жай зат

Түсі

Тығыз-дығы, г/см3

t0C , балқу

t0C , қайнау

Салыстырмалы электрөткізгіш-тік, (Hg=1)

Стандарттық электродтық потенциал, В



қара-сұр

1,85

1287

2450

14,31

-1,847



күміс түсті

1,74

650

1107

20,55

-2,363



күміс түсті

1,54

852

1484

25,42

-2,866



күміс түсті

2,63

770

1380

6,05

-2,888



күміс түсті

3,76

710

1640

4,61

-2,906



жылтыр

5,5

700-900

1140-1500



-2,916

Радийдің қосылыстары емдік қасиеті бар радон алуда қолданалады. Табиғи радон көздері еліміздің шығысында орналасқан «Рахманов қайнарлары» деп аталатын шипажайда кездеседі.


Бериллийдің қасиеті осы топшадағы басқа элементтердікінен өзгеше болып келеді. Ол сілтілік – жер металдарына жатпайды. Бериллийдің оксиді мен гидроксиді екідайлы қасиет көрсетеді. Себебі Be мен Al периодтық жүйеде диагональ бойында орналасқан. Бериллий өте қатты, ашық – сұр түсті металл; құрғақ ауады тұрақты, сумен қыздырғанда ғана әрекеттеседі, Ол атомдық реакторларда нейтрондардың тежегіші ретінде қолданылады. Сол мақсатта көп мөлшерде Өскеменнің Үлбі металлургиялық зауытында өндіріледі. Бериллиймен улану өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады.
Сілтілік – жер металдар ақсұр түсті, сілтілік металдардан қаттырақ, аллотропиялық түрөзгерістері жоқ элементтер; олар да, сілтілік металдар сияқты тотықсыздандырғыштар.

Оларды тұздарының балқындасын электролиздеп алады. Тұздарының суда ерігіштігі топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді (MgSO4–ерімтал, CaSO4 - нашар ериді, BaSO4 - ерімейді), ал негіздерінің ерігіштігі артады. Сілтілік – жер металдарының оттекті қышқылдармен түзген тұздары термиялық ыдырайды. Барийдің сульфатының суспензиясы ас қорыту жолдарын рентгенографиялық тексеруде айтқындағыш зат ретінде қолданылады, себебі ол рентген сәулерін сіңіреді.
Магний және оның қасиеттері
Периодтық жүйедегі орны. Магний III периодтың, II топтың негізгі топшасының элементі, атомдық нөмері 12, олай болса ядросында 12 протон бар, электрондарының жалпы саны да 12, салыстырмалы атомдық массасы 24, сондықтан ядросындағы нейтрондар саны да 12 болады ).
Магнийдің 12 электроны үш электрондық қабаттарға бөлініп орналасқан:
1s2 2s2 2p6 3s2
Валенттілік электроны 3s2, олар кванттық ұяшықта жұптасып орналасқан; валенттігі II; тотығу дәрежесі 0, +2.
Табиғатта таралуы. Магний табиғатта таралуы бойынша сегізінші орында тұр; табиғи минералдары магнезит MgCO3, доломит MgCO3 CaCO3, карналлит KCl MgCl2 6H2O, асбест 3MgO 2H2O 2SiO2. Оның минералдары Қостанай өңірінде (асбест) кездеседі.
Магний ионы жасыл өсімдіктердің хлорофил дәндерінде, теніз суларында болады.
Магнийді хлоридінің балқындысын 7500C электролиздеп алады.
MgCl2 Mg + Cl2
Физикалық қасиеттері. Магний күмістей ақ, жеңіл ( г/см3), балқу температурасы 6510С, қайнау температурасы 10960С, ауада оңай тотығып, жарқырап жанады, тығыз оксидтік қабатпен қапталатын металл.
Химиялық қасиеттері. Магний химиялық белсенді металл ( ), бетіндегі оксидтік қабыршақтан тазартылған магний оттегімен, хлормен, азотпен, фосформен, кремниймен әрекеттеседі.
а) жай заттармен әрекеттесуі:
2Mg + O2 = 2MgO магний оксиді
Mg + S = MgS магний сульфиді
3Mg + N2 = Mg3N2 магний нитриді
3Mg + 2P = Mg3P2магний фосфиді
2Mg + Si = Mg2Si магний силициді
ә) күрделі заттармен әрекеттесуі:
2Mg + H2O = MgO + O2
2Mg + SiO2 = 2MgO + Si
2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti
Осы реакция бойынша Өскеменнің титан-магний комбинатында титан өндіріледі. Химиялық, медициналық аспаптар; ұшақ, кеме, зымыран жасауда қолданылатын болатты асылдандыру үшін титан таптырмайды металл. Ол болатқа беріктік пен коррозияға тұрақтылық береді
3Mg + MoO3 = 3MgO + Mo
3Mg + WO3 = 3MgO + W
Магний көмірқышқыл газында да жанады:
Mg + CO2 = MgO + CO
2Mg + CO2 = 2MgO + C
Нағыз металл ретінде қышқылдармен әрекеттеседі:
Mg + 2HCl = MgCl2 + H2
Осы реакциялардың барлығында магний-тотықсыздандырғыш. Органикалық синтезде магнийорганикалық қосылыстар кеңінен қолданылады, олар мына реакция бойынша алынады:
C2H5Cl + Mg С2H5 – Mg – Cl (Гриньяр реактиві)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет