Тақырыбы: №2 практикалық жұмыс.Тотығу-тотықсыздану процестері
Мақсаты: Тотығу-тотықсыздану процестері. Электрондық-иондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру.
Дәріс тезистері
Тотығу – тотықсыздану реакциялары деп қосылыстарды құрайтын элемент атомдарының тотығу – дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакцияларды айтады.
2Мg + O2 =2MgO
Реакция нәтижесінде магнийдің әрбір атомы 2 электронын жоғалтады және әрбір оттек атомы осы 2 электронды қосып алады. Егер зат реакция барысында электронын жоғалтса – тотығады.Электрондардың тасымалдануын көрсету үшін жартылай реакцияны қолданамыз. Жартылай реакцияның біреуі электронның берілуін,ал екіншісі электронның қосылуын көрсетеді.
Магний: 2Mg – 4e → 2Mg+2
O2 + 4e → 2O-2
Егер ол электрондарды қосып алса- тотықсызданады.Магний тотығады, ал оттек тотықсызданады. Электронын жоғалтатын элемент – тотығады. Электрондарды қосып алатын элемент – тотықсызданады.Тотығуда тотықсыздандырғыш электрон беріп тотығады, тотығу дәрежесі артады. Тотықсыздануда тотықтырғыш электрон қосып алып тотықсызданады, тотығу дәрежесі кемиді.
Тыныс алу, фотосинтез,тамақ өнімдерінің, көкөністердің бұзылуы, металдардың жемірілуі, зат алмасу басқа да биологиялық процестер тотығу – тотықсыздану реакциялары болып табылады. Кеннен метал өндіру, қышқылдарды, сілтілерді, аммиакты, галогендерді алу; химиялық тоқ көзін құрастыру, әр түрлі заттардың жану реакциялары арқылы жылу мен энергия өндіру тотығу – тотықсыздану реакцияларымен байланысты.
Тотығу дәрежесі элементтің қосып алған немесе берген электрон санын көрсететін шартты заряды. Жай заттың тотығу дәрежесі нөлге тең. Са0,
Н20, О20.Тотығу дәрежесі тұрақты және ауыспалы болып екіге бөлінеді.Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді.
Тұрақты т.д
|
Ауыспалы т.д
|
1А топ
|
Мыс +1,+2 ; сутегі +1,-1
|
2А топ
|
Оттегі -2,-1,+2; көміртек -4 тен+4 ке дейін
|
3А топ
|
Күкірт -2,+2,+4, +6; кремний -4,+2,+4
|
Фтор -1
|
Хлор, бром, иод - -1,+1, +3, +5, +7
|
Мырыш +2
|
Темір +2,+3, +6; азот -3,+1 ден +5 ке дейін
|
Күміс +1
|
Хром +2,+3,+6; фосфор -3,+3, +5
|
Тотығу дәрежені анықтау: 1) х -2
N2O5
2x+(-10)=0
x 2х-10=0 2x=10 x=5
2) SO3-2
X+(-6) = -2
x-6= -2 x=-2+6 x=+4
Маңызды тотықтырғыштарға: оттек, озон, галогендер, азот қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, сутек пероксиді т.б жатады.
Маңызды тотықсыздандырғыштар:сутек, металдар, көміртек, көміртек (ІІ) оксиді және т.б
Тотығу – тотықсыздану реакцияларының 4 типі бар.
1.Молекулааралық тотығу – тотықсыздану реакциялары.Реакция барысында әр түрлі бастапқы заттардың құрамына кіретін элемент атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді:
Fe2O3 +CO =2Fe +3CO2
2. Молекулаішілік тотығу – тотықсыздану реакциялары. Реакция барысында бастапқы бір заттың құрамындағы әр түрлі элемент атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді
4FeSO4 = 2Fe2O3 +4SO2 + O2
3.Өздігінен тотығу, өздігінен тотықсыздану реакциялары.Бұл процестерде тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш рөлін бір ғана элемент атомы атқарады. Өздігінен тотығу, өздігінен тотықсыздану реакциялары 2 түрге бөлінеді:диспропорциялану және конпропорциялану
4.Диспропорциялану (дисмутация) – процесс нәтижесінде бір элементтің тотығу дәрежесі жаңа екі тотығу дәрежесін алады. Пайда болған тотығу дәрежелерінің мәні бастапқыдан үлкен немесе кіші болады.Мысалы:
CI2 + H2O = HCIO +HCI
Конпропорциялану (конмутация) Бұл процесс барысында бір элементтің әр түрлі тотығу дәрежесіндегі атомдары бір тотығу дәрежесіне ие болады. Пайда болған тотығу дәрежесі бастапқы тотығу дәрежелеріне аралық болады.Мысалы: SO2 +2H2S = 3S +2H2O
Тотығу -тотықсыздану реакцияларында жоғары тотығу дәрежесі бар атом тотықтырғыш, ал төменгі тотығу дәрежесі бар атомдар тек тотықсыздандырғыш болады.
Тотығу – тотықсыздану реакцияларын электрондық – иондық әдіспен теңестіру әдісі тотығу дәрежелерінің мәнін нақты есептеуді қажет етпейді. Тотығу – тотықсыздану процестеріне қатысқан электрондардың саны оң және сол жақтағы бөлшектердің зарядтары бойынша есептеледі.
Қышқыл ортада жүретін тотығу – тотықсыздану реакцяларын теңестіру ережелері:
1.Реакцияның сызбанұсқасын жазу. Тотығу – тотықсыздану процесіне қатысатын молекула немесе иондарды анықтау
2.Тотығу және тотықсыздану процстерінің жартылай реакциясының иондық формуласын жазу. Әлсіз электролиттер, қатты және газ тәрізді заттарды молекулалық түрде жазу
3.Зат массасының және энергияның сақталыққа ала отырып, жартылай реакция теңдеуін жазу үшін заттар мен зарядтардың тепе – теңдігін сақтау керек.Оттек атомдарының санын теңестіру үшін жартылай реакцияның қай жағында оттек атомдары артық болса, сонша сутек Н+ атомдарын қосамыз.Нәтижесінде оттек атомдары сутек атомдарымен байланысып, су молекуласын түзеді. Қарама – қарсы жағына су молекуласын қосып жазу керек. Оттекті, сутекті содан кейін электрондар санын теңестіру қажет.
4.Жартылай реакциядағы қосып алған және беріп жіберген электрондар санын теңестіреді
5.Алдымен жартылай реакцияның сол жағын, сосын оң жағын жинақтап жазу керек.Формуланың алдындағы коэффициентке көбейтуді ұмытпаған жөн.Иондық реакцияның жиынтық теңдеуі.
6.Теңдеудің оң және сол жағындағы ұқсас иондар мен молекулалар қысқартылады.
7.Жетіспеген катиондар немесе аниондарды қосып жазу керек. Теңдеудің оң және сол жағындағы қосылатын иондардың саны тең болу керек.
1.S0 + HNO3- → H2SO42- + NO0
.
2 1 S0 + 4H2O0 – 6e → SO42- + 8H+
3 2 NO3- + 4H+ +3e →NO0 + 2H2O0
4.S + 4H2O + 2NO2- + 8H+ → SO42- +8H+ +2NO +4H2O
S + 2NO2- → SO42- + 2NO
5.2H+= 2H+
6.S + 2HNO3 =H2SO4 + 2NO↑
Сілтілік ортада жүретін тотығу – тотықсыздану реакияларын теңестіру ережелері
1.Сутек және оттек атомдарының санын теңестіру үшін жартылай реакцияның оттек атомдары көп жағына су молекуласын қосады, ал қарама – қарсы жаққа гидроксид иондарын 2 еселеп қосады.
2.Теңдеудің оң және сол жағындағы оттек атомдарының айырмашлығын көрсететін Н2О алдына коэффициент қойылады. Ал ОН – ионының алдына 2 еселенген коэффициент қойылады. Сонда тотықсыздандырғыш гидроксид иондардан оттек атомын қосып алады:
1.I2 + KOH → KI + KIO3 +H2O
I0 + 1e → I- 5
I0 + 6OH- - 5e → IO3- +3H2O 1
5I0 + I0 + 6OH- → 5I- + IO- + 3H2O
3I2 +6KOH = 5KI + KOI3 + 3H2O
Бейтарап ортада жүретін тотығу – тотықсыздану реакцияларын теңестіру ережесі
1.Бейтарап орта шартты деп есептелінеді. Шын мәнінде тұз гидролизденгенде орта әлсіз қышқылдық (рН =6-7) немесе әлсіз негіздік (рН=7-8)болуы мүмкін. Сондықтан жартылай реакция 2 әдіспен жазылады:
А) тұздың гидролизі ескерілмеді. Орта бейтарап болғандықтан жартылай реакцияның сол жағына су қосады. Сонда бір жартылай реакция қышқылдық орта, ал екіншісін сілтілік орта деп қарастырылады;
Ә) егер реакция сызбанұсқасы бойынша ортаны анықтау мүмкін болса, онда жартылай реакцияны сәйкесінше қышқылдық орта немесее сілтілік орта деп есептеп теңестіреді:
1.SO2 + HBrO3 + H2O → H2SO4 + Br2
SO20 + HBrO3- + H2O→ H2SO42- + Br20
SO20 + 2H2O0 – 2e → SO42- + 4H+ 5
2BrO3- + 6H2O +10e → Br20 + 12OH- 1
5 SO2 + 10H2O + 6H2O+2BrO3-→5 SO42- + Br2 +2OH+ + 12OH-
5 SO2 + 2BrO3- + 4H2O →5 SO42- + Br2 +8H+
5 SO2 +4 H2O + 2 HBrO3=5 H2SO4 + Br2
Достарыңызбен бөлісу: |