Отбасын жоспарлаудың сұрақтары:
• қалаулы денісау бала ма; Балалары нешеу, жоспарлы ма бәрі, бала жасы аралығы сақталған ба:
- әйелдің жасы нешеде.
• әйелдердің денсаулығының, ерінің денсаулығы калай; Әйелдің анамнезін сұрастыру.
• отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділік туралы;
• некеде тұра ма;
• ерлі-зайыптылардың әлеуметтік-материалдық жағдайы калай.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 28 қазандағы N 595 бұйрығымен бекітілген “Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызметтерді көрсету жүйесін дамыту жөніндегі нұсқаулық”-та көрсетілген.
Отбасын жоспарлау – жекелеген адамдардың немесе қосақтардың олар қалаған балалардың санын, туулар мен оларды туу уақытының арасындағы интервалдарды анықтау қабілеті. Отбасын жоспарлауға контрацепцияны және бедеулікті емдеу әдістерін пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Отбасын жоспарлау мақсатында ұрпақты болу денсаулығын сақтау, тек қалаған және дені сау балалар туу үшін тиімді уақытты таңдау, түсіктер мен ана өлім-жітімінің санын төмендету болып табылады. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарының дәрігерлері отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін, оның ішінде анасына іштегі нәрестеге берілетін жұқпаның берілуінен сақтандыру мәселелері жөніндегі пациенттерге ақпарат және консультация беруді қамтамасыз етеді. Нарколог, психиатр, фтизиатр, онколог, дерматовенеролог дәрігерлер отбасын жоспарлау мәселесі жөніндегі ақпарат пен консультация беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, негізгі ауруларды, отбасын жоспарлау мәселесі жөніндегі арнайы дайындықты өткен, мамандармен бірлесіп контрацепция әдістемесімен бақылау және динамикалық байқауды реттейді. Акушерлер мен мейірбикелер отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулықты қорғау мәселелері жөніндегі пациенттерге ақпарат және консультация беруді қамтамасыз етеді.
Отбасын жоспарлау оқуын өткен әлеуметтік қызметкерлер, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулықты қорғау мәселелері жөніндегі пациенттерге ақпарат жүргізе алады.
Контрацепциялық заттардың жіктелуі:
Дәстүрлі әдістер
Заманауи әдістер
Ерікті хирургиялық әдістер
Лактациялық аменорея әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |