Тақырыбы: Ақпаратты алғашқы өңдеудің материалдық модульдік жүйесі. Дәрістің мақсаты



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі82.46 Kb.
#472962
  1   2
1 дәріс


Тақырыбы: Ақпаратты алғашқы өңдеудің материалдық модульдік жүйесі.
Дәрістің мақсаты: Желілік топологияның динамикалық имитациялық моделін жасау. Желілердегі мәліметтерді берілген жөнелту үрдісі үшін имитациялық моделді жасау үлгісінде желінің әртүрлі топологияларына арналған мәліметтерді беру ортасына қатынау әдістерімен танысу.

Желінің топологиясы – бұл компьютерлердің, кабельдердің және басқа желілік құрауыштарының орналасуының физикалық мінездемесі. Желінің топологиясы компьютердің желідегі әрекеттестігінің тәсілін анықтайды. Барлық желілер үш базалық топологияның негізінде құрылады:



  • Шина (Bus);

  • Жұлдыз (Star);

  • Сақина (Ring).

Егер компьютерлер бір кабельдің бойында қосылып тұрса мұндай топология шина деп аталады.


PC-1 PC-2 PC-3 PC-4 PC-5


PRINTER
Сурет. 1. «шина» типінің желісі
Шина топологиясының желісінде мәліметтер желіге тек бір компьютермен уақыттың бір сәтінде беріледі.
Ақпаратты алушының ақпаратты берушінің және берілген ақпараттың мекен-жайы көрсетілген электрлік сигналдар түрінде беріледі. Берілетін ақпаратты барлық компьютерлер «естиді», бірақ оны тек алушының мекен-жайы сәйкес келетін ғана қабылдайды. Ақпаратты беру кезінде қалған компьютерлер мәліметтерді бере алмайды, олар тек желіні «тыңдап» және берудің аяқталуын күтеді. Желі «босаған» кезде (мәліметтерді беру аяқталғанда), бірінші, болып ақпаратты берем деушілер өзінің ақпаратын беруді бастайды.
Шина – пассивті топология, онда компьютерлер желі бойынша беріліп жатқан мәліметтерді беріп, тыңдайды, бірақ оларды күшейтпейді, сондықтан желілік кабельдің ұзындығы және желідегі компьютерлердің саны сигналдың өшуімен шектелген. Активті топологияларда компьютерлер мәліметтерді күшейтеді және оларды ары қарай желі бойынша береді.

Кабельдің ұзындығын көбейту үшін «репитерлер» қолданылады, екі бағытта күшейтетеін және қайта жаңартатын әлсіз сандық сигнал. Репитерлерді белсенді BNC-баррел-конектор ретінде пайдалануға болады.


Егер компьютерлер бір нүктеден шығып тұрған кабель сегменттеріне қосылып тұрса, (HUB концентраторы) мұндай топология жұлдыз деп аталады. «Жұлдыз» топологиясында барлық компьютерлер желінің сегменттерінің көмегімен орталық құрауыштарға қосылады, бұл (HAB) концентраторы деп аталады. Беріп тұрған компьютердің сигналдары концентратор арқылы барлық қалған компьютерлерге түседі. Бұл желінің тез әрекетін көбейтеді. «Жұлдызда» мәліметтерді беру технологиясы әдетте «шина» топологиясымен ұқсас. Сондықтан «жұлдыз» - бұл орталық күшейтетін және комутациялайтын жабдығы бар «шина» деп есептеуге болады. Концентраттар активті (күшейтетін) және пассивті (желіні күшейтусіз қосатын), сонымен қатар гибридтік (пассивті жіне активті режимде жұмыс істей алатын) болады.




Сурет 3. «Жұлдыз» типінің желісі


Егер компьютерлер қосылған кабельдер сақинамен бекітілсе, мұндай топология «сақина» деп аталады.




Сурет. 4. «Сақина» типінің желісі


Сақина топологиясында сигналдар бір бағытта сақина бойынша беріледі (сағат тілі бойынша) және әрбір компьютер арқылы өтеді. Бұл технологияда әрбір компьютер репитер болып табылады, ал мәліметтерді «маркерді» пайдалану арқылы «сақина» бойынша ақпараттарды беру деп аталады.
«Сақина» топологиясында мәліметтерді беруде әрбір компьютер жіберу үшін тепе-тең уақыт квантын алады, мәліметтерді жіберуге деген бәсекелестік және монополия болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет