Тақырыбы: Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеудегі қауіпсіздік техникасының ережелері Жоспар



Дата03.01.2022
өлшемі152.8 Kb.
#450580
Тех қауіпсіздік ережелері


Тақырыбы: Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеудегі қауіпсіздік техникасының ережелері

Жоспар

1.Өндіріс үдересінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

2. Автомобильдерді жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсетудегі қауіпсіздік талаптары

3. Еңбекшілердің арнайы киімдері мен қорғану құралдары

Өндіріс үдересінің қауіпсіздігі МемСТ 12.3.002-75 және ОСТ 46.0.141-83-ке сәйкес ұйымдастырылады.

Өндірістік үдерестердің қауіпсіздігі төмендегідей жолдармен қамтамасыз етілуі тиіс:



  • Өндірістің озат технологиясын пайдалану арқылы және өндіріс жабдықтарының күтімін тәртіпке сәйкес сапалы жүргізу арқылы;

  • Жұмыс орындарын дұрыс жабдықтап жұмысшылардың денсаулығына, біліміне, қабілетіне қарай іріктеу арқылы;

  • Арнайы киімдер мен қорғану құралдарын пайдалану арқылы;

  • Қауіпсіздік талаптарын үнемі бақылауға алып отыру арқылы

Осылардың іске асырылуына бас мамандар мен бөлімше басшылары жауапты болып саналады.

Сондықтан олар төмендегідей жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті:



  • Әрбір жұмыс орнында қауіпсіздік техникасының ережесін іліп қоюға;

  • Өндірістік бөлмелердің тазалығын бақылап отыруға;

  • Өндіріс жабдықтарының, құралдардың, жарық пен желдеткіштердің жарамды болуын бақылауға алуға;

  • Жұмысшылардың арнайы киімдерін ілетін кабинасы болуына, шылым шегетін, тамақ ішетін орындарды белгілеуге;

  • Дәрігерлік байқаудан өткізуді ұйымдастыруға;

  • Науқас адамды, мас адамды, жұмыс білмейтін адамды, қауіпсіздік техникасының нұсқауын алмаған адамды жұмысқа қоспауға;

  • Адамдарға нормадан ауыр салмақты көтертпеуге;

Шаруашылық жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру барысында еңбек қауіпсіздігіне байланысты төмендегідей шаралар ескерілуі тиіс:



  • Жұмысты механикаландыру, автоматтандыру, қашықтан басқаруды енгізу;

  • Жабдықтарды дер кезінде жөндеп реттеу;

  • Жұмысшыларды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көздерінің тікелей әсеріне ұшыратпау;

  • Қауіпті немесе зиянды операцияларды алмастыру;

Технологиялық үдерістердің тәртібі төмендегідей жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс:



  • Машиналар мен механизмдердің жұмысын қауіпсіз етіп ұйымдастыру;

  • Машиналардың жүктелуі оның өнімділік дәрежесіне сәйкес болуы.

Жұмыс орындарын ұйымдастырудың талаптары:

  • Жабдықтардың арасында ені 1,1 м адам жүретін ашық жер қалдырылуы тиіс;

  • Технологиялық желілерді басқару пульті адамға ыңғайлы және қауіпсіз жерге орналастырылуы қажет;

  • Жұмыс орындары дәрі-дәрмектермен, ауыз сумен, қол жуғышпен, душпен қамтамасыз етілуі тиіс;

  • Электр тогы жүретін обьектілер изоляцияланған, адамға зақым келтірмейтін жерде орналастырылуы тиіс.

2. Автомобильдерге техникалық кутім жасау мен жөндеу жүргізу арнайы шеберханаларда, көтергіш құралдары бар қажетті аспаптармен, құралдармен жабдықталған орындарда атқарылуы тиіс. Стендтер, аспаптар, басқа да құралдар жарамды, қауіпсіз болуы қажет. Машиналардың жұмысшы мүшелерін ауыстырғанда олардың астына тіреу қойылуы тиіс.

Станокторда жұмыс жасағанда төмендегідей ережелер сақталуы тиіс:



  • Станоктар жерге жақсы бекітілген болуы керек;

  • Станоктарды орналастырғанда олардың арасынан адам еркін өте алатындай болуы тиіс;

  • Жұмыс орны таза болып, металл қалдықтары шашылмауы тиіс;

  • Станоктың қайысты, шынжырлы берілістері қоршалуы қажет;

  • Станоктар металл жанқаларының ұшуынан сақтайтын қорғану экрандарымен жабдықталуы тиіс;

  • Жұмыс алдында станоктың майы, суы, жерге тұйықталуы тексеріледі;

  • Станокты жүргізуші бас киіммен, арнайы киіммен жұмыс жасауы тиіс;

  • Автомашиналарға техникалық қызмет жасап, жөндеу кезінде әр машинаның арасында 1,2 м ашық жол болуы, тұрған орындарында астын көретін шұқыр және көтергіш құралдар болуы тиіс.

Автомобильдерді жөндеу алдында тазартып жуу керек. Қозғалтқыштың түтінін далаға шығару үшін құбырларымен жабдықталады.

Рессорларды, баллондарды ауыстарғанда машинаны көтеріп, тиянақты тіреуге қою керек. Автомобильдердің қорабын көтеріп, тіреуіш қою қажет.

Жөндеуді бітіріп, машинаны жүргізер кезде оның астын және жан-жағын жақсылап қарап, адам яки басқа заттардың болмауын қадағалау қажет.

Металдарды пісіргенде одан зиянды газ, бу, сәуле энергиясы және майда шаң бөлініп шығады. Мұның бәрі адамға зиян. Сондықтан пісірушілер қараңғы көзәйнекпен, брезент киімдермен, қолғаппен жұмыс істеуі тиіс.

Жұмыс істейтін барлық машиналар мен механизмдерді дыбысты сигналмен жабдықтау қажет.

3. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті бекіткен тізім бойынша қызметкерлерге тегін арнайы киімдер, арнайы аяқкиімдер және қорғану құралдары беріледі.

Арнайы киімдер екі топқа бөлінеді.

ж ұмыс киімдері





өндірістік арнайы киімдер

салалық киімдер

технологиялық киімдер


  1. тұрмыстық

Жұмыс киімдері барлық мамандықтарға ластанудан және жарақаттанудан сақтану үшін беріледі.

Арнайы киімдер- суықтан, ылғалдан, шаңнан, майдан, ұшқыннан, судан, т.с.с қорғану үшін беріледі.

Салалық киімдер- әрбір минстрліктің өз жұмысшыларына арнап тіктірген формалы киімдері.

Технологиялық киімдер- жоғары дәлдікте жұмыс жасайтын өндірістің жұмысшыларына берілетін киімдер.

Өндірістік киімдер: кастьюмдер, күртешелер, шалбарлар, комбинезондар, плащтар, халаттар, бас киімдер.

Жеке қорғану құралдарына тыныс алу мүшелерін, қолды, басты, көзді, бетті қорғайтын құралдар және белдіктер жатады.

Майда ұшқындардың көзді зақымдауынан сақтау үшін түссіз әйнек салынған ашық көзілдірікті, ал ірі ұшқындардан қорғау үшін жабық көзілдірікті пайдаланылады.

Тыныс алу мүшелерін шаңнан және басқа улағыш заттардан қорғау үшін респираторлар мен противогаздар пайдаланылады.


Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жөндеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін пайдаланудағы бейнеролик көрсетіледі.



Агроөнеркәсіптік кәсіпорындарындағы еңбек қорғау тәжірибелерін жинақтай келіп, еңбек жағдайын жақсарту мен еңбекшілердің денсаулығын сақтау үшін төмендегідей шаралар іске асырылуы тиіс деген тұжырымға келуге болады:

  • автомобильдердің құрылымдарын қауіпсіздік стандарттарының талаптарына сай жетілдіру қажет;

  • автомобиль техникаларын пайдалануда, күтім жасағанда және жөндегенде сақталуға тиісті қауіпсіздік ережелерін ғылыми негізде жетілдіру қажет;

  • шудан, дірілден, шаңнан және газдан қорғайтын тиімді құрал – жабдықтар жасап шығару қажет;

  • өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажет (оқыту, нұсқау беру, т.с.)

  • өндірісте әлеметтік жағдайды жақсарту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет