Тақырыбы: Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан(құрылымдық,функционализм,қақтығыс теориясы,символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт,кино,отбасы,және т б) Орындаған



бет1/2
Дата07.10.2023
өлшемі36.77 Kb.
#480055
  1   2
Сәрсен Жанел эссе социология


Абай атындағы қазақ ұлттық университеті
Математика, физика және информатика институты

ЭССЕ
Тақырыбы:Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан(құрылымдық,функционализм,қақтығыс теориясы,символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт,кино,отбасы,және т.б)
Орындаған:Сәрсен Жанел Болатқызы
Біздің қоғамымыз күрделі әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесінен тұрады. Мұндай байланыстар өзара серіктестікке, ынтымақтастыққа негізделіп, жасампаздыққа немесе қарама-қайшылықтар мен дау-жанжалдық ситуациялардың әсерімен қиындықтарға да алып келуі мүмкін. Осындай жағдайда Әлеуметтану пәні қоғамның әлеуметтік жағдайын теориялық тұрғыдан түсінуге, сипаттауға және жүйелеуге, тәжірибелік тұрғыдан деректер жинауға мүмкіндік береді. Әлеуметтанудың мақсаты - түрлі әлеуметтік байланыстардың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіріп, дауларды шешудің тиімді жолдарын көрсету болғандықтан бізге, яғни қоғамда болған әр құбылысқа тікелей байланысты. Әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың қалыптасу сипаты адамдардың құндылықтарымен, өмірге деген көзқарастарымен, мәдениетімен, психологиясымен анықталады және олардың қалай қалыптасатындығы әлеуметтік жағдайға белгілі бір деңгейде байланысты. Сондықтан да әлеуметтануды оқу арқылы өзімізді, өзіміз өмір сүріп отырған ортаны, түрлі топтарды немесе ұжымдарды, олардың әлеуметтік психологиясын, мәдениетін, түрлі ситуацияда қандай әрекетке дайын болатындығын түсіне аламыз.

Мысал келтіретін болсақ, қарапайым жеке тұлғаның бір ортадан екінші ортаға ауысуы сол тұлға үшін өте бір үлкен құбылыс болып саналады. Себебі, ол тұлғаның әлеуметі, яғни қоғам, ортасы ауысты. Жаңа әлеуметке үйрену оңайға түспейді. Әр ортаның өзіндік мінезі, жүріс-тұрысы, талқылатын мәселесі, мәдениеті өзгеше. Құрылымдық функционализм – негізінен алғанда, Толкотт Парсонс, Роберт Мертон және олардың шәкірттері мен ізін жалғастырушылар еңбектеріндегі басты әлеуметтану теориясы. Келісім теориялары, оның бірі – құрылымдық функционализм және конфликт теориялары арасындағы ерекшеліктерді қарастыру аса маңызды. Көп уақыт бойы конфликт теориясы құрылымдық функционализмге балама болып келген екен. Дегенмен құрылымдық функционализм мен конфликт теорияларының арасындағы айырмашылықтарды көрсеткенмен, олардың ұқсастықтарының да маңызды екенін ұмытпау керек. Қандай уақыт, қандай мезет болмасын қоғам әр кез қарым-қатынаста сондықтан оны бір орында ұстап тұру немесе белгілі бір тәртіпті енгізген күйде де оның арасында конфликт немесе түсініспеушілік болмайды деп айта алмаймыз. Құрылымдық-функционалдық теория, әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асыралытыны туралы проблеманы зерттейді.

Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады. Барлық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмым істейтінін зерттеуге мүдделі. Құрылымдық- функционалдық теорияны қолданатын әлеуметтанушылар әлеуметтік құрылымдардың табиғатын және салдарын зерттеумен шұғылданады. Бұл функцияның әлеуметтанушылар үшін маңызы өте зор. Мысалы, белгілі бір жоғарғы сынып оқушыларының сауық кешін алайық. Мектеп кештері негізінен мектеп рухын қалыптастыру, оқушылар арасындағы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға сияқты бірнеше функцияларды атқаруға арналған. Бұл мысалдан қоғамды сақтауға үлес қосатын әлеуметтік құрылым кейбір топтарға басқалардан артық пайда әкелу мүмкіндігін байқаймыз.

Конфликт теориясы- қазіргі әлеуметтік құрылымдардың, яғни қандай да болмасын топ және ұжымда кездеседі. Мысал келтіретін болсам, тұрмыстағы зорлық- зомбылық, бұл тұста еркектерге қарағанда әйелдердің жиі және қатты зәбір көретіні бәрімізге айдан анық.Әлеуметтік қиял- қарапайым тілмен алғанда жеке тұлғаның проблемасын түсінуді сонымен қатар әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша біз ,яғни адамдар көптеген нәрсені толықтай бақылай алмаймыз, себебі көптеген құбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да біздің назарымыздан тыс жүзеге асып жатады. Әлеуметтік қиял- әлеуметтанудың басты бағыты, ол өз өмірімізбен басқа адамдардың да өмірін әлеуметтік құрылымның бір бөлігі ретінде көре білу қабілеті.Әлеуметтік қиял адамдардың өмірі мен қоғамын өзгертуіне мүмкіндік береді, бұл «жеке басымызды» көруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қиял әлеуметтің перспективаның маңыздылығын көрсетеді - қоғам әлеуметтік өнім болып табылады, сондықтан оның құрылымдары мен институттары өзгереді. Әлеуметтік құрылымдар мен күштер біздің өмірімізді қалыптастыратыны сияқты, біздің таңдауымыз бен іс-әрекетіміз қоғамның табиғатына әсер етеді. Біздің күнделікті өмірімізде біздің мінез-құлқымыз қоғамды растайды немесе оны жетілдіруге шақырады. Әлеуметтанулық көзқарас екі нәтиженің де мүмкін екенін көруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік перспектива-бұл өткен, қазіргі және болашақ бірлігіндегі шындық, оның тұтас бағыты мен әлеуетті динамикасы. Болашақ, өткен және қазіргі деген ұғымдар - әлеуметтік перспективаның балама компоненттері десек те болады. Осындай әлеуметтік мәселелерге конфликтологтар көбінше көңіл бөледі екен.

Күнделікті өмірде біз экономиканың, әлеуметтік құрылымдардың өмірге тигізетін әсерін сирек байқаймыз. Қазіргі заманның экономикалық ахуалына байланысты үйсіз немесе баспанасыз қалған көптеген жандар күнделікті өмірде кездеседі. Олардың баспанасыз қалуының бірнеше себептері болуы мүмкін мысалға жоғарыда айтылғандай экономикалық ахуал және соның ішіндегі ақша жетіспеушілігі немесе ол тұлғаның қазіргі заман адамдарының көп қолданатын мүмкіндіктерінің бірі ипотека алуында. Осындай мәселелерді әлеумметтік қиялмен кеңірек талқылауға болады. Әлеуметтік қиялмен бұл мәселеге келетін болсақ баспанасыз қалған адам бірнеше сәтсіздіктерді басынан кешуі мүмкін , яғни бұл дегенім ол адамның жұмыс жасайтын орнының жабылуы, ипотека, несие, шамадан тыс көп қарыз алуы деген сияқты жағдайлар себепші болуы мүмкін. Әлеуметтік қиял- жұммыссыздықтың жоғары болуы, адамның жеке бас ерекшеліктерінен гөрі әлеуметтік жағдайларға көбірек байланысты екенін көре аламыз.
Әлеуметтік құрылым социология ғылымының тарихында өте маңызды мәселелердің бірі. Әлеуметтік құрылым туралы социологияда әртүрлі концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда 2 бағытты ажыратуға болады. Социоло.гтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды, олардың элементтерін, процестерін нақты өмірде бар деп түсінсе, ал екінші бағыт өкілдері таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды, тек қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт : құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм деп аталады. Біз осы 1-ші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылады. Осы организмнің өзі оны құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста, байланыста болуы негізінде ол құрылымды жасайды. Біздің ойымызша қоғамның әлеуметтік құрылымы нақты, объективтік құбылыс, ол өзгеріп,
дамып отырады, оның жаңа элементтері, бөлшектері пайда болуда.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз- әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара-қатынастары. Әлеуметтік құрылымның басты негізгі элементтері - әлеуметтік топтар, страталар, таптар. Әлеуметтік құрылымға кіретін үлкен топ-ол тап. Тап деген ұғым екі мағына береді. –ші кең мағынада тап дегеніміз- өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатысы бар, қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдістер арқылы алынатын табыстың өзіндік мөлшері бар үлкен әлеуметтік топтар. Көбіне тап дегеніміз тар мағынада қолданылады. Бұл мағынада тап дегеніміз: әлеуметтік топтар, страталар. Олардың басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі т.б
Шағын топтардың 8 түрі бар. Олар.
1)диффуздық немесе атаулық топтар-белгілі бір уақытша мақстаттық негізінде құрылған топтар. Мыс, алыс жолға бірге шыққан бір купедегі, автобустағы жол
2)ассоциациялық немесе уақытша тұрақты топтар-ортақ істіжүзеге асыру үшін жиналған топтар. Мыс, қысқа мерзімге жалданып жұмыс істейтін топ.
3)Корпорациялық топтар-әрқайсысы өз мақсатын басқаларсыз орындай алмайтын, бірақ бір-біріне ешқандай сыйластығы, іштей тілектестігі жоқ адамдардан құралған топтар.
4)Автономиялық топ-ресми құрылымның негізінде ұзақ уақыт бірге тұрақты жұмыс істейтіндердің топтары.
5)Гиперавтономиялы топ-қоғамнан ұзақ уақыт тәуелсіз өмір сүре алатын топ. Мыс, туристік, экспедициялық топтар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет