Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Тақырыбы: Елдің төлем балансы
Орындаған: Матайбаева Б
Қабылдаған: Орынханова Ж.А
Тобы: 6В01407
Алматы 2022 ж
Төлем балансы – белгілі бір кезеңдегі елдердің сыртқы экономикалық операцияларының балансын көрсететін статистикалық құжат.
Мемлекет төлем балансы теориясына сүйене отырып, төлем балансын реттейді:
1) автоматты тепе-теңдіктің классикалық теориясы алтын стандартымен байланысты;
2) икемді тәсіл, төлем балансының негізі – сыртқы сауда және сауда балансының сальдосы, валюта бағамына көбейтілетін импорттық тауарлар бағасының деңгейіне экспорттық тауарлар бағасы деңгейінің қатынасымен айқындалады. Демек, реттеудің неғұрлым тиімді тәсілі – валюта бағамын өзгерту болып табылады;
3) кейнсиандық тәсіл төлем балансын ІЖӨ-нің негізгі элементтерімен байланыстырады, демек, экспортты көтермелеу (қолдау) және экспортты ауыздықтап ұстап тұру қажет, ең алдымен бұл отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы жүзеге асырылады;
4) монетарлық тәсіл: елдің ақша нарығындағы тепе-теңсіздік тұтастай алғанда төлем балансының тепе-теңсіздігін айқындайды.
Төлем балансын мемлекеттік реттеу әдістері:
1. Тікелей бақылау, оның ішінде, импортты, кедендік және өзге алымдар тәртібін реттеу, шетел инвестициялары бойынша кірістерді шетелге аударуға тыйым салу немесе шектеу, ақысыз көмек көрсету және тағы басқаларды шағын бизнес ауыр қабылдайды. Қысқа мерзімді тұрғыдан алғанда оң әсер береді (мемлекеттің мүмкіндігі болған кезде бақылай алатын жағдай), бірақ та ұзақ мерзімді перспективада инвестициялар тарту үшін кедергілер туғызады. Экспортты субсидиялау – тым қымбатқа түсетін саясат болып саналады.
2. Инфляциямен күрес. Капиталдың құйылуы ұлғаяды, импорт азаяды, бірақ та экспорттың өрістеуін ауыздықтап ұстап тұрады.
3. Айырбас бағамының өзгеруі.
Валюта саясаты – бұл валюта қатынастары мен ақша айналымы аясында мемлекет пен орталық банк жүргізетін бүкіл шаралардың жиынтығы. Елдің экономикасына және ұлттық валютаның сатып алу күшіне ықпал ету оның түпкі мақсаты болып саналады, яғни валюта саясаты – мақсат емес, ол экономикалық реформаларды жүргізу құралы. Валюта саясаты ұлттық және дүниежүзілік экономика тоғысындағы өтпелі көпірдің рөлін атқарады. Валюта саясаты – жалпы экономиканың, оның ішінде елдің ақша-несие саясатының соған қатысты дербес бөлігі.
Нарықтық экономикаға өтудің күрделі жағдайларында ол:
- өндірістің құлдырауын жою;
- экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
- инфляцияны және жұмыссыздықты ауыздықтап ұстап тұру;
- төлем балансының тепе-теңдігін ұстап тұру сияқты елдің алдыға қойған басты міндеттеріне жетуге бағытталған.
Экономикалық саясатта валюта саясатының:
- құрылымдық – валюта жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған ұзақ мерзімді шаралардың жиынтығы;
- ағымдағы – валюта бағамын, валюталық операцияларды және валюта нарығының қызметін күнделікті жедел реттеуде пайдаланылатын қысқа мерзімді шаралар жиынтығы;
- дисконттық (оған валюта бағамы мен төлем балансын реттеуге бағытталған орталық банктің есептік мөлшерлемелерінің (ставкаларының) өзгеруі кіреді). Банктің валюта саясатының осы түрін жүзеге асыру үшін: қысқа мерзімді капиталдар қозғалысына; ақша массасының динамикасына; бағалар қозғалысына; жиынтық төлем сұранысының мөлшеріне әсер етеді;
- девиздік – мемлекеттік органдардың шетел валюталарын (девиздерін) сатып алу-сату жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі. Ұлттық валютаның бағамын көтеру мақсатында орталық банк оны сатады, ал бағамын төмендету мақсатында – шетел валютасын сатып алады. Девиздік саясат валюталық өктемдік жүргізу жолымен, яғни шетел валюталарын сатып алу-сату арқылы шетел валютасының бағамына әсер ету мақсатымен валюта нарығындағы операцияларға Орталық банктің араласуымен жүзеге асырылады; қос валюта нарығы – белгіленген және өзгермелі валюта бағамдарының тәртібі арасындағы аралық орынды алатын, валюта саясатының формасы. Оның мәні: валюта нарығының екі бөлікке бөлінетіндігінде болып табылады Коммерциялық операциялар мен көрсетілетін қызметтер бойынша ресми валюта бағамы қолданылады, ал коммерциялық мәмілелер бойынша төмен көрсетіліп белгіленген бағам тауарлар мен қызметтер көрсету экспортын көтермелеу (қолдау) және төлем балансын теңестіру үшін, ал қаржылық операциялар бойынша – нарықтық бағам қолданылады. Қос валюта нарығы валюта резервтерін кейбір үнемдеуді қамтамасыз етуді, өйткені валюталық өктемдік жасауға деген қажеттілік азаяды.
Валюталық реттеу – мемлекетаралық және өңірлік деңгейлерде жүзеге асырылатын валюталық операциялар жүргізудің тәртібі мен халықаралық есеп-айырысуларды мемлекеттік реттеу – валюта саясатын жүзеге асыру құралдарының бірі болып саналады. Тікелей валюталық реттеу заң актілері мен атқарушы биліктің әрекет ету жолымен, ал жанама реттеу – экономикалық, атап айтқанда нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына (тәртібіне) әсер етудің валюта-несие әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекетаралық валюталық реттеудің мақсаттары:
- жекелеген елдердің валюта саясатын үйлестіру;
- валюта дағдарысын жою жөніндегі бірлескен шаралар;
- өзге елдерге қатынасы бойынша жетекші елдердің валюта саясатын келісу.
Өңірлік валюталық реттеу экономикалық ықпалдасу бірлестіктері шеңберінде жүзеге асырылады.
Валюта саясаты валюталық проблемалар бойынша шешімдер дайындау, қабылдау және жүзеге асыруды айқындайды. Валюталық қатынастарды реттеуге мынадай бірнеше деңгейлер кіреді:
- жеке кәсіпорындарындар, бірінші кезекте, үлкен көлемде валюта ресурстарына иелік ететін және валюталық операцияларға белсенді қатынасатын, ұлттық және халықаралық банктер мен корпорациялар;
- ұлттық мемлекет (қаржы Министрлігі, Орталық банк, валюталық бақылау органдары);
- мемлекетаралық деңгейде.
Валюта, несие және қаржы саясатын үйлестіру формасындағы мемлекетаралық реттеу:
- валюта, несие, қаржы қатынастарын қоса алғанда, ұлттық экономиканың өзара тәуелділігінің күшеюі;
- шаруашылық қатынастарын ырықтандыру жағдайында нарық пайда үшін нарықтық және мемлекеттік реттеу арасындағы қатынастың өзгеруі;
- екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысында қалыптасқан дүниежүзілік аренадағы күштер арақатынасының өзгеруі, АҚШ-тың жеке дара көшбасшылығының әріптестік пен қарсыластардың үш орталығының – АҚШ-тың, Батыс Еуропаның, Жапонияның үстемдігімен алмасуы. Сонымен бірге жас бәсекелестер – жаңа индустриалды мемлекеттер пайда болды;
- өзгермелі валюта бағамдарының, пайыздық мөлшерлемелердің (ставкалардың), биржалық дағдарыстардың және т.б. күрт ауытқуларымен байланысты тұрақсыздықпен өзгешеленеді.
Абсолютті автономиялық (дербес) ұлттық экономикалық саясат, оның ішінде валюта, несие, қаржы саясаты елдердің өзара тәуелділіктерінің дамуымен және олардың дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалдасуымен сыйымсыз.
ХВҚ мемлекетаралық валюталық реттеу органы болып саналады, ал 70-ші жылдардың ортасынан оған қатысушылардың шектеулі санымен жоғары деңгейдегі тұрақты кеңестер өтіп тұратын болды.
Валюталық шектеу – мемлекет аумағында олардың және\немесе шетелдерде резиденттердің валюталық операцияларды жүзеге асыру кезіндегі резиденттердің және резидент еместердің (тыйым салу немесе лимит беру формасында) бекітілген әртүрлі нормативтік құқықтарын шектеу валюталық реттеудің неғұрлым кең таралған формасы болып саналады.
Халықаралық валюта-қаржы тәжірибесінде:
- төлем балансының ағымдағы операцияларына қатысты (сауда жасау сипатындағы емес төлемдермен байланысты операцияларға және сауда операциялары);
- капитал қозғалысын орталандыратын (инвестицялар, орта-және ұзақ мерзімді несиелер, қозғалмайтын мүлік сатып алу) қаржылық операцияларға қатысты валюталық шектеулерді қолданудың екі негізгі формасы ажыратылады.
Негізгі валюталық шектеулердің қатарына мыналар жатады:
- резиденттердің экспорттық операцияларының төлем валютасына шектеу;
- экспорттық валюта түсімдерінің бүкілін немесе бөлігін міндетті сату тәртібі;
- жекелеген экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысу формаларына шектеу;
- халықаралық төлемдер мен капиталдар аударымдарын, алтынның, ақша белгілерінің және бағалы қағаздардың қозғалысын реттеу.
Валюта түсімдерін міндетті сату туралы талаптарды орындау меншік иелерінің меншігінің көлемін бұзбайды, оның бір формадан екінші формаға трансформациялануымен ғана қоса жүреді (жиі түрде өтімділігі аз формаға және оның меншік иесіне қажеттілігі аз). Валюта нарығының көп немесе аз түрде қалыпты жұмыс істеуі мен талап етілетін валюта резервтерінің деңгейін ұстап тұру үшін қажет сандағы шетел валютасы ресурстарының құйылуын қамтамасыз етуге қол жетпеген жағдайда, елге экспорттық түсімдерді аудару және оны ұлттық валютаға міндетті түрде айырбастау бойынша мәжбүрлеу шараларына жүгінуге тура келеді.
Соның есебінен сыртқы экономикалық айналымға қатысушылар, отандық ақша бірлігіне сенім білдіруден бас тарта отырып, неғұрлым күшті және неғұрлым сенімді шетел валюталарына артықшылық бере бастауынан елдің экономикалық және валюта жағдайының нашарлауы биліктің осындай әрекеттерге баруының объективті себебі болып қызмет етеді. Оған керісінше, егер ұлттық валютаның халықаралық беделін көтеру мен нығайту орын алатын болса, онда валюта нарығының субъектілері оның пайдасына жұмыс істей бастайды және валюталық түсімдерді аудару мен сатуға қатысты мәжбүрлі шаралардың ендігі жерде қажеті болмай қалады.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеулер бірін-бірі толықтырады. Бәсекелестікке негізделген нарықтық реттеу дамуды ынталандырса, ал мемлекеттік валюталық реттеу валюталық қатынастарды нарықтық реттеудің жағымсыз зардаптарын жоюға бағытталған. Осы екі реттеуіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы алатын пайдалармен (тиімділіктермен) және шығындармен айқындалады. Сондықтан да олардың арақатынасы жиі өзгеріп отырады.
Дағдарыстық сілкіністер, соғыстар, соғыстан кейінгі бүліншілік жағдайларда неғұрлым қатал мемлекеттік валюталық реттеу басым болады. Валюталық-экономикалық жағдай жақсарған кезде валюталық операцияларды ырықтандыру жүзеге асады, осы аядағы нарықтық бәсекелестікке қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге валюталық қатынастарды реттеу және қадағалау мақсатында мемлекет әрқашан да валюталық бақылау жасауды сақтайды.
Валюталық бақылау – заңға сәйкес арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар немесе өзге органдар (мысалы, валюталық бақылау агенттері ретіндегі уәкілетті банктер) жүзеге асыратын, бекітілген әкімшілік және ұйымдық шаралар кешені валюталық реттеу жүйесінің маңызды бөліктері болып саналады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыттарының қатарына мыналар жатады:
- жүргізілетін валюталық операциялардың қолданыстағы заңдарға сәйкес келуін және оларды жүзеге асыру үшін қажет лицензиялар мен куәліктердің болуын анықтау;
- олардың контрактылардың (келісім шарттардың) талаптарына сәйкестігі бойынша шетел валютасындағы төлемдердің негізділігін тексеру;
- валюталық операциялар бойынша есеп пен есептіліктің толықтылығын және объективтілігін тексеру .
Соғыстан кейінгі жылдардағы яки экономикалық қатынастарды ырықтандыру кезеңіндегі шаруашылықты қалпына келтіру қажеттілігімен байланысты, қаржылық дербестікті, ақша жүйесінің тұрақтылығын қорғау, ұлттық валютаның бағамын нығайту, валюталық резервтерді жұмылдыру мақсатында, мемлекеттердің басым көпшілігі олар үшін экономиканың қиын кезеңдерінде валюталық бақылауды белсенді түрде пайдаланды.
2. Нақты валюта бағамы – екі елде шығарылған тауарлардың қатысты бағасы. Нақты валюта бағамы, бір елдің тауарлары екінші елдің тауарына айырбасқа сатылуы мүмкін қатынастарды сипаттайды. Нақты валюта бағамы кейбір уақытта сауда шарты (талабы) ретінде айқындалады.
Номинал және нақты айырбас бағамы арасындағы тәуелділік мынадай түрге ие:
мұнда ЕR – нақты ВБ,
EN – номинал ВБ,
Pd – ұлттық валютамен көрсетілген ішкі бағалар деңгейі (индекс),
Pf – шетел валютасымен көрсетілген, шетелдегі бағалар деңгейі (индекс).
Екі елдегі бағалар деңгейі (индексі) бір базистік жылға жатқызылған. Нақты тиімді валюта бағамы, Pf түріндегі көрсетілген тәуелділік елдер топтары үшін орташа мөлшердегі бағалар индексі болып қатысатынын болжайды.
Нақты немесе нақты тиімді валюта бағамының көтерілуі (төмен түсуі) әлемдік нарықтағы осы елдер тауарларының бәсекеқабілеттілігінің төмендегенін (артқандығын) растайды.
Валюталық тепе-теңдік – бұл заңдық тәртіпте белгіленген екі валюта арасындағы қатынас. Мұндай қатынас валюта бірлігіндегі алтынның ресми құрамы негізінде, СДРнемесе әлемдік тұрақты валюталардың бірі (немесе валюталар мөлшері базасында белгіленеді). Валюта тепе-теңдігі валюта бағамын қалыптастыру үшін негіз болып қызмет етеді.
Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі – олардың әрбірінің сатып алу қабілетін теңестіретін, валюталардың айырбас бағамының деңгейі. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдік тұжырымдамасына сәйкес, халықаралық бәсекелестік, халықаралық саудаға қатысатын тауарлар мен қызметтер көрсетуге ішкі және шетел бағаларының бірте-бірте теңелуіне әкеледі. Егер осы елдегі инфляция шетелдегі инфляция қарқынынан озып кететін болса, онда, өзге тең жағдайларда ұлттық валюта кұнсыздану үрдісіне ие болатын болады. Осы тұжырымдамаға сәйкес, әр елдегі бағалар деңгейінің динамикасындағы айырманың орнын жабу үшін бұл қанша қажет, валюта бағамы (ВБ) әрқашанда соншалықты өзгеретін болады.
,
мұнда r – отандық валюта бірлігіндегі шетел валютасының бағасы,
Pd – бағаның «ішкі» деңгейі,
Pf – шетелдегі баға деңгейі.
Жоғарыдағы стрелкалар көрсетіп тұрғандай, бағалар индекстері қатынасының көтерілуі (төмен түсуі) сол шамаға валютаның айырбас бағамының төмен түсуінің (көтерілуінің) орнын жабуды туғызады. Бұл, валюталар айырбастаудың номинал бағасының ұзақ мерзімді динамикасына ойдағыдай болжам жасау үшін осы елдердегі бағалар деңгейін айқындайтын факторлардың өзгеру ықтималдықтары туралы ақпараттың қажет екендігін білдіреді.
3. Белгіленген валюта бағамдарын ұстап тұру мерзімді туындайтын төлем балансының тапшылығын жабу үшін тиісті резервтердің болуын талап етеді. Егер резервтер жеткіліксіз болса, онда елдер кірістер мен бағаларды төмендету бойынша дефляциялық саясат қабылдауы, протекционистік сауда шараларын қабылдауы немесе төлем балансының жағдайын уақытша жақсартатын валюталық бақылауды енгізуі тиіс.
Икемді айырбас бағамдары, негізінен, қысқа мерзімдік кезең тұрғысынан тұрақсыз болып саналады, сонымен бірге ұзақ мерзімді тұрғыдан олар қажетті тиімділікті қамтамасыз етеді. Керісінше, белгіленген айырбас бағамдары қысқа мерзімді тұрақтылық тұрғысынан тиімді болып саналады, бірақ та ұзақ мерзімді перспективада икемді емес. Осы жүйелердің бірде-бірі ресурстардың толық жұмыс істеуін, бағалар деңгейінің тұрақтылығын және төлем балансын реттеуді қамтамасыз ету ісіндегі айырықша басымдықтарға ие емес.
Қазіргі жағдайларда елдер, өзгермелі және белгіленген валюта бағамдарының элементтерін үйлестіретін ымырашыл (аралас) жүйелерді пайдаланады. Жаңа тепе-теңдікке қол жеткенге дейін, ресми органдардың валюта бағамының деңгейін бірте-бірте өзгертуді болжайтын, басқара отырып валюталар бағамын өзгерту осылардың қатарына жатады. Оған жақындауға қарай күні бұрын белгіленген шамаға ұлттық валютаның күн сайын девальвациялануы болады. Бұл ретте үкімет экономиканы жаңа жағдайға бейімдеу және валюта нарығында қажетті операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы іздеу шараларын қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |