Тақырыбы: Емдеу- алдын алу мекемелерінің санитарлық эпидемиологиялық режимі Жоспар: Кіріспе



бет1/6
Дата21.02.2024
өлшемі325.07 Kb.
#492616
  1   2   3   4   5   6
2 тақырып МҚС

Тақырыбы: Емдеу- алдын алу мекемелерінің санитарлық эпидемиологиялық режимі

Жоспар:

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

  • Санитарлық – эпидемияға қарсы тәртібтер.
  • Зарарсыздандыру.
  • Қорытынды:

    Қолданылған әдебиетер:

Ауруханалар үнемі емдеуге және анықталған аурулары бар (мысалы, хирургиялық, терапиялық, инфекциялық, психотерапиялық және т.б) пациенттерді күтуге арналған. Стационар аурухананың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Стационарда заманауи, диагностиканың күрделі тәсілдерін және емдеуді қажет ететін пациенттерді қабылдайды және емдейді, күту және басқа да мәдени-тұрмыстық қызметтерді көрсетеді. Кез келген салалы стационардың құрылымы пациенттерді орналастыруға арналған палаталардан, шаруашылық бөлмесінен санитаралы бөлмелерден, арнайы бөлмелерден (емшара, емдеу-диагностикалық), сонымен қатар мейірбике бөлмесі, бөлімше меңгерушінің бөлмесінен тұрады.

Палатарлардағы құрал-жабдықтар бөлімшенің саласына және санитарлы нормаға сәйкес келеді. Палаталар бір орынды немесе бірнеше орынды болып бөлінеді. Палаталарда төсектер (қалыпты немесе фукциональды), төсек маңында тумбочкалар және орындық немесе үстел, пациенттің киімін ілетін шкаф, мұздатқыш, жуынатын орын бар. Төсектердің бас жағын қабырғаға жақындатады, төсектердің бір-бірінен ара-қашықтығы бір метрдей шамасында болады, себебі науқасты күтуге және оны каталкадан төсекке немесе төсектен каталкаға ауыстыру кезінде ыңғайлы болу үшін. Пациентпен бекеттегі мейірбикенің арасындағы байланыс сөйлесу құрылымы арқылы немесе жарықты сигнализацияның көмегімен жүзеге асады. Стационардың арнайы бөлімшелерінде әр бір төсек орталықтандырылған оттегі беруге және басқа да медициналық аппараттармен жабдықтаумен қамтамасыз етілген.

Палаталардың жарығы санитарлы нормаларға сай. Күндізгі уақыттағы жарық коэффиценті терезе аумағының еден аумағы қатынысына тең 1:5—1:6 сәйкес. Кешкі уақытта палата жарығы люминесцентті шамдармен жарықтанады. Жалпы жарықтанудан басқа жекелеген жарықтану да бар. Түнгі уақытта палата есіктің қасында еденнен 0,3 метр биіктікте орналасқан түнгі жарық шаммен жарықтанды. Палата ішіндегі ауада көмір қышқыл газының концентрациясы 0, 1% -тен аспау керек, салыстырмалы ылғалдылығы 30—45%. Ересек адамдардың палатасындағы ауа температурасы 20°С-ден аспайды, ал балалар палатасында - 22°С. Бөлімшеде пациенттердің 50% -тін бірден тамақтандыратын ас тарату бөлмесі және асхана бар. Бөлімшедегі дәліз каталка, зембілдердің еркін қозғалуы үшін кең болуы керек.Ол стационардағы қосымша ауа қоры болып табылады және табиғи және жасанда жарықтан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет