Тақырыбы: Есептеу экологиясы, осы саладағы зерттеулердің негізгі бағыттары



Дата07.12.2022
өлшемі22.34 Kb.
#466718
15 нед ІТ СРСП


Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ОСӨЖ
Тақырыбы: Есептеу экологиясы, осы саладағы зерттеулердің негізгі бағыттары
Дайындаған:Курманалина.А.Е
Тексерген:Бисалыева.Р.Н

Табиғат пен қоғамның өзара əрекеттесуі табиғаттағы өзара байланыстылықтың негізінде жүзеге асырылады. Бұл заңдылықты түсіну табиғаттың қоғамға, қоғамның табиғи ортаға əсер ету үдерісін ғылыми тұрғыда дұрыс бағалаумен байланысты.


Əлеуметтік экологияның негізгі мазмұны қоғам мен биосфераның өзара əрекеті теориясын қалыптастыруға итермелейді. Себебі бұл əрекеттесу үдерісіне олардың өзара ықпалдасуындағы биосфера мен қоғам кіреді. Олай болса, бұндай үдерістердің заңдары жекелеген ішкі жүйелер дамуының заңдарына қарағанда ортақ қасиетке ие болуы шарт [1].


Бүкіл адамзат тарихы бойы табиғат пен қоғам арақатынасы мəселелері туындай отыра іле-шала өз кезегінде табиғат пен қоғамның өзара қарымқатынасының бірегей жүйесін түсіндіретін ғылыми нақтылаған талпыныстар да туындады. Соңғы кездері мұндай мəселелер «адам əлемі» мен табиғат əлемінің өзара əрекеттесуінің жалпы заңдарын, материя қозғалысының əлеуметтік жəне басқа да формаларымен заңды байланыстарын зерттейтін ғылыми білім саласы əлеуметтік экологияның да зерттеу нысанына айналды.

Жалпы адам мен табиғаттың қарым-қатынасы мəселесін зерттеу əлеуметтік философияда бұрыннан бастау алады. Қазіргі таңда ол адамзаттың жаһандық мəселелері деп аталатын негізде қалыптасты. Бірақ бұл бір мəселе төңірегі болып табылады. Бұрынғы таңда да қазіргі кездегідей бұл мəселе əр түрлі шешімге ие болып отырды. Мұның шешімі əртүрлі философиялық пікірлермен толып отырды жəне елеулі түрде қоршаған ақиқат (табиғат пен қоғам) жөніндегі жаңа идеялар мен ойлар түсінігінің қалыптасып отыруына əкелді. Басқаша айтқанда əр кезең сайын белгілі бір дүниетанымдар пайда болып қалыптасып отырды [2].


Экологиялық əлеуметтанудың негізгі концепциялары қоғамның ортамен өзара əрекетінің заңдылықтары мен формаларын, əлеуметтік өзгерістердің əлеуметтік үдерістердің тіршілікті қамтамасыз ететін материалдық алғышарттарының өзгерістерімен жан-жақты байланысын зерттейді. Оны локальдық-қауымдастық шеңберімен шектей отырып, əлеуметтік-экологиялық бағытты қолданады. Инвайроменталды (тіршілік ортасының сапалылығы қолдайтын əлеуметтік қозғалыс) теорияның қарастыратын шеңберіне қоршаған ортамен əлеуметтік білімнің өзара əрекеттесуі жатады. Бұл теория дүниетанымдық жəне теориялық бағытты білдіреді.


Өзінің толыққанды концептуалдық дамуын инвайроменталдық теория американдық əлеуметтанудан алды. Əлеуметтік-экономикалық тұжырымдамалар социал-дарвинизм, эволюционизм, инструментализм, натурализммен байланысты.


Экстенсивтіден интенсивті табиғатты пайдаланушылыққа өту жағдайында қоғам мен табиғи ортаның өзара əрекетін шешудегі негізгі əлеуметтік-реформалық бағыттар қалыптасты.


Консерватизм (Б. Фернау, Дж. Пиншо жəне т.б. «утилитаристар») қоғамдық институттардың қайта ұйымдастырылуы экономикалық өрлеуді жəне табиғи байлықты эгалитарлық бөлуді қамтамасыз ететін тиімді жəне өнімді табиғатты қолданушылыққа бағытталуы тиіс деп есептеді.


Биоцентризмнің қорғаушылық тұжырымдамасы олардың көзқарасы бойынша оны пайдаланудың мүмкіндіктеріне қарамастан бағалы болып табылатын жабайы табиғатты сақтауды қолдады. Бұл қозғалыс («Сера Клаб», Дж. Мьюир, Дж. Катлин, Дж. Одюбон, Ф. Паркмен, Э. Эванс жəне т.б.) үшін маңызды рухани сапалармен танылған (табиғат жөніндегі бұндай пікірді «жаңаағылшындық трансцендентализмнан» Р.У. Эмерсон, Г. Тородан алды) жəне мүлтіксіздік ретіндегі табиғат пен қоғамның арақатынасы тəн. Биоцентристер инвайроментализмді болмыс тəсілі жəне мінез-құлықтың белгілі бір түрі деп анықтайды.


Экологизм – академиялық шеңберге жақындауы болып табылады. Өздерінің табиғат пен қоғамның өзара əрекеті үлгісін табиғи-ғылыми негізге сай құрастырады. Өзара байланысқа экожүйе мен адамдық бірлестіктерді қоса отырып, олар əлеуметтік жүйенің қызметін экожүйенің ұтымды қызмет жасауын қамтамасыз ету жəне экологиялық үдерістердің бұзылуының алдын алуынан көреді. Олар үш идеяларды ұсынды: экожүйелік холизді (А. Леопольд), «моральдық қоғамдастық» жəне биотикалық функционализмді.


Экономизм – бұл қозғалыс экологиялық қиындықтарды табиғи, стихиялық шешу қатынасында өзінің оптимизмімен ерекшеленеді. Оларға антиреформизм тəн. Табиғат олардың ойынша жеке қызығушылық жəне индивидуалдық бастама үшін жаралған.


А. Вирт пен Р. Маккензи «социологизация» жəне «биосоциалдық» дуализмді жеңу бағытындағы əлеуметтік-экологиялық теорияны қайта ұғыну талпыныстарын жасады. Функционалдық бағытта «қоғамдастық» организм жəне субъəлеуметтік күштердің тасушысы ретінде емес, ортамен өзара əрекеттестікке қабілетті функционалдық бірлік ретінде ұғынылды. «Классикалық» тұжырымдаманың əлеуметтік атомизмі «ұйымдасқан» функционализммен ауыстырылды.
У. Каттон, Р. Данлан жəне т.б. əлеуметтануындағы «жаңа инвайроменталды парадигма» социологиялық «герметизмді», қоғамды зерттеудегі антропоцентризмді, əлеуметтік жəне мəдени дамудың мүмкіндіктерін жоққа шығарады. Олар əлеуметтік теорияда табиғат пен əлеуметтік ортаның өзара əрекеттесуінің үндестік принципін қалпына келтіруге, «жаңа əлеуметтік шындықты» түсіндіруге, қазіргі қоғам құндылықтар жүйесінің түбегейлі өзгеруіне жəне осы жүйеге сəйкес экологиялық ақталған тəртіптің жаңа үлгілеріне бағыт беруге тырысады [3].

В.И. Вернадский əрдайым көрсеткеніндей, яғни «биосфера жаңа эволюциялық күй – ноосфераға өтті немесе дұрысырақ айтсақ өтуде» деген ойы қоршаған ортаның өзекті мəслелерінің өсуі салдарынан ғылымдардың көпшілігінде орын алған сол ілгерілеулерді түсінуде негізгі кез болып табылады. В.И. Вернадскийдің пікіріне жүгінсек, биосфераның ноосфераға эволюция үдерісін қоғам – əлеуметтік күштердің қарқындап дамушы қуатының ықпалындағы табиғат жүйесінің қалыптасуы мен дамуы ретінде қарастыруымызға болады. «Ноосфера саналы адамдық қызмет бұл жерде үстемдік етуші фактор болғандықтан, негізінде қоғамға жататын табиғат пен қоғамның өзара əрекеті, бірлігі болып табылады».


Биосфераны тірі организм жүйесі ретінде қарастырсақ, органикалық емес табиғат, яғни тірі организмдердің қоғамдастығының бірлігі болып есептелінеді. Жер мен оны қоршаған органикалық емес ортаны (биолог биотоп деп атар еді), яғни сол ноосфераны, яғни қоғам мен оны қоршаған органикалық жəне органикалық емес орта бірлігі, қоғам – табиғи жүйесі ретінде қарастыруға болатын еді. Бұл жерде атап өтетін жəйт, ноосфераның тұтастылығы – ұтымды қатынасты анықтаудағы адамзаттың мақсатқа бағытталған қызметімен, биосфераның тұтастылығын анықтайтын тірі жəне өлі табиғи жердің үйлесімділігі табиғаттың табиғи күштерінің əсерінен жердің эволюция үдерісінде стихиялы іске асырылған кездегі қоғам мен табиғаттың үндестігімен анықталынатындығында. Басқаша айтқанда, ноосфера адамдардың саналы қызметінің өнімі ретінде пайда болады. Басқа жолмен ол туындауы мүмкін емес [4].


1920 жылы В.И. Вернадский адамзаттың бейорганикалылық болуы мүмкіндігі жөнінде болжам жасап, тағы да бір принципшіл қадам жасаған болатын. «Əлеуметтік мəселелерді шешу үшін адамгершілік құдіреттің негіздеріне жүгінуі керек, яғни адам қолданатын тамақтану формасын, энергия көздерін өзгерту қажет. Содан кейін негізгі тезис: «Ұйымдасқан жанды заттардың көмегінсіз тағамды синтездеу ашылған кезеңде адамның болашағы түбегейлі өзгеріске ұшырайды». Мұндай азықтың синтезі «адамды басқа тірі нəрсеге тəуелділігінен» босатар еді. Ол гетеротрофты нəрседен бейорганикалыққа өзгерер еді.

Бұл ғылыми болжамның негізгі элементтері былайша сипатталады:


1) адамзат шексіз ұзақ дами алады, тек бір ғана шектеу – табиғи ресурстардың жеткіліксіздігі (Вернадский бойынша «бастапқы шикізат материалдарының»);


2) бұл жалғыз шектеуді күші шексіз болып табылатын адам санасы жеңуі мүмкін;


3) азықты өндіру əдісінің өзгеруі адамзаттың өмірі мен болашағын түбегейлі өзгертеді. Бірақ ғалым адамзат жарты ғасырдан соң қақтығысқан (ресурстық қақтығыстар, халықтың тығыздығы) керітартпа байланыстардың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарды. Ол ғылыми-техникалық прогрестің екі жақты мəнінің іргелі айғақтарына мəн бермеген-ді, ал ол үнемі табиғат пен адамдар үшін тəуекел жəне қауіп-қатер тудыруда. Ол негізінде өзінің замандастарының, соның ішінде ресейлік ғалымдар мен философтардың (Д. Анучин,Н. Данилевский, В. Докучаев, Вл. Соловьев) ескертулерін елемеді [5].


В.И. Вернадскийдің ілімі заңды түрде қоғам – табиғат жүйесінің қалыптасуына мақсатты бағытталған нақты-ғылыми теориясын жасаудағы алғышарт ретінде қарастырылуына болады. Бұндай теория жасау талпынысы қазіргі жаңа ғылыми пəндерден де көрінеді. Бұл жөнінде негізінен В.И. Вернадскийдің ілімінен адам экологиясының жəне ол конструктивті деп атайтын жалпы синтетикалық ғылымының тұжырымдамалық негізін жасаудағы алғышарт ретіндегі ноосфераны көретін В.И. Казначеев жазған болатын.


Ноосфераның қалыптасуын өңдеудегі стратегияның əлеуметтік-экологиялық басқаруда екі бағыттың бар екендігін атап өткен жөн. Расында да, табиғат пен қоғамның арасындағы үндестікке жетудегі мақсатта табиғи ортаны өзгерту жəне жобалауда жəрдемдесе отырып, сонымен қатар қоғамның өзінің əлеуметтік-экономикалық жəне əкімшілік-ұйымдастырушылық құрылымын өзгертіп жəне жетілдіруге болады. Бірінші бағыт конструктивтік географияда жəне табиғи ортаны қорғаушы биологияда, ал екінші бағыт адам экологиясы эконологияда іске асырылады. Бұл екі бағыт та бірін-бірі толықтырып, ноосфераның қалыптасуы, яғни бір үдерістің екі жағы ретінде көрінеді [4].


Негізінен алғанда, əлеуметтік экологияның қалыптасуының бастауы туралы айтқанда келесі бір кең таралған себептерді ескеруіміз қажет. Əлеуметтік экология əуел бастан ғылыми емес əлеуметтік-философиялық бағыт болып есептелді. Əлеуметтік экология интегралдық ғылым, сол себепті ол бір жағынан география, биология секілді ғылымдардың тəжірибесі мен біліміне сүйенуін қажет етсе, ал біржағынан оған философия, əлеуметтану, экономика ғылымдарының мағлұматтары мен əдістері қажет.


1970 жылдар мен 1980 жылдар аралығында əлеуметтанудағы жағдай өзгере бастады. Кризистік əлеуметтану саласындағы жұмыстар, жүйелік зерттеулердің дамуы, негізінен алғанда Рим клубының қалыптасуы, яғни ғалымдар мен гуманитарлардың халықаралық пəнаралық қоғамдастығы, содан кейін ЮНЕСКО-ның «Адам жəне биосфера» бағдарламасы бойынша, экология проблемаларына байланысты БҰҰ-ның тарапынан өсіп отырған назар, өзіндік əлеуметтік пəннің эволюциясы, яғни əлеуметтік экология – бұлардың бəрі бірігіп адам мен табиғаттың өзара қатынастарын парадигмалық ұғыну қажеттіліктеріне əкелген білімнің, ақпараттың, қоғамдық мүдденің «кризистік массасын» туғызды. Бұл американдық əлеуметтанушылар У. Каттон мен Р. Данлэппен жасалынған-ды.

«Ескі» антропоцентристік жəне «жаңа» экологиялық парадигмалардың айырмашылығы олар былайша сипаттады: 1) адамның басқа жануарларға қарым-қатынасының «ерекшелігі» қағидасына қарағанда ол жаһандық биофизикалық ортаға кіретін көптеген тірі ағзалардың бірі болып табылады; 2) негізгі детерминанттарымен мəдениет жəне технология постулаттанған адамгершіліктік белсенділікке бұрынғы көзқарасқа қарағанда, жаңа парадигма күрделі жəне əрқашанда болжауға келе бермейтін адамның биофизикалық ортаға тəуелділігін постулаттайды; егер бұрынырақ мəдениет пен техникалық прогресс шексіздікті қамтамасыз етеді деп болжалынса, қазір В. Каттон мен Р. Данлэп бекіткеніндей ол «экологиялық заңдармен» шектеулі.


Философ О.Н. Яницкийдің көзқарасы бойынша ЖЭП – ең алдымен əлеуметтік мəдени парадигма, сондықтан ол барлық тірі организмдердің теңдігі, биофизикалық ортамен қызметінің шектеулілігі, барлығының өмір сүруге іргелі құқықтары жөнінде айтады. Бұл постулаттар еркін немесе еркін емес түрде христиандықтың кейбір қағидаларына қарсы, технократизм идеологиясына, тұтынушы қоғамының сциентизм мен тұжырымдамаларына қарсы бағытталған [5].Биосфераның адамның қызметіне салатын бұл шектеулерді қалай түсіндіруге болады? Əлбетте, биофизикалық динамика мен əлеуметтік айнымалы қатарынан шығарылған қарапайым жеке тұжырымдар емес, қандай да бір жалпы заңдылықты жүзеге асыратын, оларды əлеуметтік тұрғыдан түсіндіретін ұстаным болуы керектігі көрініп тұр.

Мысалы, нақты нені шектеу керек: жердің халқының санын (өсу ырғағын) немесе оның қажеттіліктерін, яғни «шектелген (қарапайым) қажеттіліктер», «табиғатқа қамқорлы қатынас» мəдениетін ұсыну керек. Бұл екі жағдайда да мүлдем бірбіріне ұқсамайтын түсіндірмелер – мультизиандықтан маркстікке дейін болуы мүмкін. Бұл мəселе адамзаттың əлемдік экожүйеге қосылғандығымен берілетін шектеулерге де қатысты туындайды. Бір жағынан, бұл шектеулер табиғи-климаттық жағдайларға қойылуы мүмкін, айталық, табиғи ресурстардың болуымен жəне рұқсат етілуімен, нақты бір мемлекеттің территориясының көлемі мен аймақтануымен (локалдану) байланысты. Мысалы, қандай да бір тең жағдайларда Ресейде АҚШ пен Батыс Еуропамен салыстырғанда энергия бірлігін өндіру құны анағұрлым қатаң климаттық жағдайлар мен тасымал жасауға қиын болғандықтан жоғары болады. Басқа жағынан, əлеуметтік биотехноортамен (біріккен тораптық өмір сүру ортасы) сəйкес нақты қауымдастықтың қызметіне қойылатын шектеулер болуы мүмкін. Бұл шектеулерді үлгілеуге тырысу – нақты тікелей жəне кері байланыстарды – Д. Медеоуз пен оның басқа да ұжымдастарының «өсу шегі» концепциясында жасалынған. Яницкийдің ойынша, бұл концепцияның динамикасында «адамзат – биосфера» жүйесін дамыту қарастыру артықшылығы бар. Бір жүйемен (биофизикалық) басқасына, əлеуметтікке қойылатын шектеулер емес, олардың байланысқан дамуы. Ол – мүлдем басқа бағыт, В.И. Вернадский биосферасының концепциясы, кейіннен Э.С. Кульпиннің əлеуметтік-жаратылыстану тарихы концепциясы секілді əдістемелік салада жүретін жаратылыстану – тарихи бағыт [5].


Қорыта айтқанда, əлеуметтік экологияның негізгі мазмұны да қоғам мен биосфераның өзара əрекеті теориясын қалыптастыруға итермелейді. Табиғат пен қоғамның өзара əрекетінің жалпы теориясын қалыптастырудағы негіз болу керек мəселелерді жүйеге келтіріп, шешімін толыққанды көрсетуді уақыт көрсетіп отыр.


Әдебиеттер


Грицианов А.А., В.Л. Абушенко, Г.М. Евелькин. Социальная экология. //Социология. – Минск: Книжный дом, 2003. – 964 с.


Сейнов В.Ф. Социальная экология и мировоззрение человека. – Л., 1985. – 16 с.
Абсаттаров Р.Б., Мен Д.В., Соловьева И.А. Социология экологии. // ҚазҰПУ хабаршысы. Əлеуметтану жəне саяси ғылымдар сериясы. – Алматы, – № 3. – Б. 84-103.
Марков Ю.Г. Социальная экология. – Новосибирск: Наука, 1986. – 172 с.
Яницкий О.Н. Экологическая парадигма как элемент культуры. // Социологические исследования. – – № 7. – 83-92 с.
Павленок П.Д., Савинов Л.И., Журавлев Г.Т. Социология: Учебное пособие. – М.: Просвещение, – 736 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет