Тақырыбы; Г. Менделдің белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі23.79 Kb.
#480972
  1   2
белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары (1)


Тақырыбы; Г.Менделдің белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ


1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Доминаттылық және рецессивтілік

    2. Гомо және гетерозиготалы

    3. Гибридологиялық әдіс

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Генетика — белгілердің мұраға берілу зандылықтары туралы ғылым. Бұл заңдылықты табуға тұңғыш рет Г. Мендельдің қолы жетті. Мендель будандасу әдісі (генетикалык негізгі әдіс) мен математикалық әдісті қолдана отырып тәжірибелер қорытындысын талдау арқылы мынадай заңдар мен ережелер тұжырымдады:

  1. гаметалар тазалығының болжам заңы — аллельдер (ата-ене гендері) ұрпаққа гаметалар арқылы араласпай, таза түрінде өтеді;

  2. бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы — бірінші ұрпақта (екі әр алуан АА және аа гомозиготалардың толық басымдылығы кезіндегі) ұрпақтардың барлығында басым фенотип, басылыңқы тек (Аа) болады, яғни гетерозиготалы болып келеді;

  3. ажырау заңы — будандардың екінші ұрпағында 3:1 қатынасында ажырау болады. Мұнда 3 бөлігі басым фенотипті (1АА және 2Аа) және 1 бөлігі басылыңқы фенотипті (аа) болып келеді.

  4. тәуелсіз тұқым қуалау заңы — сәйкес хромосомалардың әр алуан жұбында болатын (асбұршактың түсі және пішіні) гендер біріне-бірі тәуелсіз екінші ұрпақта 9:3:3:1 қатынаста ажырайды.

Басымдық толық та, толық емес те болады. Мұндай жағдайда гетерозиготаларда аралық фенотип болады және 1 • 2 : 1 (1AA: 2Аа: 1 аа) формуласы бойынша 2 рет ажырайды. Зерттелетін белгілердің санына байланысты бірбуданды (1 белгісі - түс), қосбуынды (2 белгісі — түс және пішін), үшбуданды, төртбуданды және көпбуданды шағылысулар болады деп бөлінедь Сендер оқыған тарауда тек алғашкы 2 жағдайы ғана сипатталған. Моногетерозиготалы Аа гаметалардың 2 іріктемесін: А және В түрінде береді. Аа дигетерозиготалар гаметалардың 4 іріктемесін: AaBe, АВ, Ав, аВ, ав түрінде береді. Табиғатта кептеген түрлерде дөл сол геннің (адам шашы түстерінің саны) 2 аллелінен артығырағы болады; бұдан басқа гендердің бір мезгілде бірнеше белгілермен өзара әрекеттесуі немесе ықпал етуі мүмкін.
Т. Морган әр түрлі емес, бір хромосомада болатын гендер жәрдеміндегі белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын анықтап зерттеп, негізгі тұжырымдауға қол жеткізді. Ол ережелер:

  1. тіркес тұқым қуалау заңы — бір хромосомадағы гендер, егер айқасу болмаса, тіркес немесе бірге тұқым қуалайды;

  2. тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы.

Морган ашқан жаңалықтың дальтонизм және гемофилияға болжам жасауда негізгі мәні зор болды. Бұлар - жыныстық X хромосомада болатын басылыңкы гендер кодталған адам ауруы.
Адамда 44 аутосома (жыныстық емес хромосомалар) - еркекте және әйелде мөлшері мен пішіні бірдей хромосомаларжәне 2 жыныстық хромосомалар: әйелде - XX және еркекте ХУ хромосомалар болады. Ағзаларда мутагендердің әсерінен өткен генетикалық өзгерістер мутация (өзгеру) деп аталады.
Мутацияның мөлшері мен салдары әр алуан болады, алайда егер мутантты дарақ көбеюге қатысса, ойда олар мұраға беріледі. Мутациямен Н.И. Вавилов шұғылданды, ол «Тұқым қуалау өзгергіштігінің сәйкес (гомологиялық) қатарларының заңға сәйкес ірі ағзалардың жақын туыстас формаларында ұқсас; тұқым қуалайтын өзгерулер (мутация) өтеді. Генетикальық табиғат қорғауда, сұрыптау мен ауыл шаруашылығында, медицинада және биотехнологияда орасан зор іс жүзінде маңызы бар.
Адам генетикасы тұқым қуалайтын аурулардан сақтандырып, емдеу болжамымен шұғылданады. Онда зерттеулердің өзге әдістері: текнамалық, цитогенетикалық, егіздік, биохимиялық және иммунно-генетикалык әдістер қолданылады. Бүгінгі медициналық генетиканың басты міндеті - бұл жеке елдерде және өңірлерде, сондай-ақ тұтас өлемде таза тектік қорларды сақтауға себепші болуы.

Негізгі бөлім

    1. Доминаттылық және рецессивтілік

Г. Мендель өзінің зерттеулеріне бұршақ өсімдігінің таза линияларын алды және бір линия гүлінің аналық аузына екінші линия гүлінен алынған тозанды салу арқылы тозаңдандырды және керісінше. Зерттеуге екі айырмашылығы бар белгілерді алғанда, мысалы, дәнінің пішіні тегіс және бұдыр сонан соң олардан бірінші ұрпақ гибридтері алынды (F,) және олардың барлығы біркелкі болып шықты, яғни ата-ана өсімдігінің біріне ұқсас болды (барлық дәндер тегіс пішінді болды). Ең қызығы, тозаңдандыратын тозаң ата-ананың қайсысына жатпасын онан шығатын барлық гибридтер тегіс пішінді дәндер берді.
Басқа да 6 қарама-қарсы белгілер бойынша жүргізілген зерттеулер де тура осындай нәтижелер берді, яғни шағылыстыру нәтижесінде алынған Ғ1 гибридтерінің барлығы да ата-ананың біреуінің белгісіне ие болды. Осы нәтижелерден Г. Мендель қарама-қарсы белгілері бар екі линияны шағылыстырудан алынған гибридтерде тек бір белгі ғана көрінеді деп тұжырымдады. Гибридтердің бірінші ұрпағында көрінедін белгіні Г. Мендель доминантты деп атады. Барлық шағылыстырулар нәтижесінде доминантты белгілер болып дәннің тегіс пішіні, дән жарғағының сары түсі, дән қабығының сұр түсі, бұршаққынның тегіс болуы, пісіп жетілмеген бұршаққынның жасыл түсі, гүлінің сыртқа қарай орналасуы және өсімдіктің бойының биіктігі есептелді.
Тэжірибені жалғастыра келе Г. Мендель алынған бірінші ұрпақтарды өздігінен тозаңданыру арқылы бір-бірімен шағылыстырды. F1 гибридті ұрпақтарының біркелкілігіне қарама-қарсы, екінші ұрпақта (Ғ2) ата-анада болатын доминантты белгілермен қатар олардың тағы бірінде кездесетін белгі де көрінді, яғни F, гибридтерінде жасырын түрде болатын белгілер де көрінді. Бір-бірінен қарама-қарсы белгілер арқылы ажыратылатын өсімдік линияларында, егер де Ғ1 ұрпақта сол белгілердің бірі көрінбесе, ол белгі мүлде жоғалды деуге болмайды. F ұрпақта болып, ол белгінің көрінуі басылған немесе жасырын күйде болады және келесі Ғ2 ұрпақта ол альтернативті белгі көрінеді.
Гибридтерде басылып қалатын белгілерді Г. Мендель рецессивті белгілер деп атады. Рецессивті белгілер арасында бұршақ өсімдігінде дэннің пішіні бұдыр, дән жарғағының түсі жасыл, дән қыбығының түсі ақ, бұршаққынның пішіні қатпарлы, пісіп жетілмеген бұршаққын түсі сары, гүлінің орналасуы жоғарыда жэне өсімдік бойы карлик (төмен) жатады. Г. Мендель арқылы анықталған толық доминанттылық қүбылысы келесі ретте басқа да ғалымдармен жануарлар гибридтерінде (сүтқоректілер, балықтар және т.б.) және өсімдіктерде анықталды. Сонымен қатар доминанттылық болмайтын жануарлар мен өсімдіктер де сипатталды. Мысалы, қызыл түсті шортгорндарды ақ түстімен шағылыстырса, бірінші ұрпақ гибридтері аралық түске ие болады (алқызыл). Гибридтердің екінші ұрпағында ажырау шортгорндардың қызыл, ақ және алқызыл түрлерін береді. Көптеген тірі организмдерде кейбір белгілер жартылай доминантты типпен тұқым қуалайды. Қандай-да болмасын белгінің доминанттылығы организмде әртүрлі деңгейде көрінуі немесе толық көрінбеуі де мүмкін. Қазіргі кезде қандай-да болмасын доминанттылық қасиетіне қарамастан тәжірибе жүзінде орындалған барлық шағылыстырулардан шығатын бірінші ұрпақтардың гибридтері сол белгі бойынша біркелкі болады.

1.3 Гомо және гетерозиготалы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет