Тақырыбы: Қыз еркем кестесімен көркем Мақсаты



бет1/5
Дата08.02.2024
өлшемі27.61 Kb.
#491391
  1   2   3   4   5
сценарий-женге-дұрысы


Тақырыбы: Қыз еркем кестесімен көркем


Мақсаты: Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту.

Сахнаға Ана шығады (музыка ойнатылып тұрады)


Ана: Уа, армысың, киелі далам! Қасиетті Жер – Ана!
Жер-Ана: Бармысың , барша адамзатқа нәр берген Абзал Ана!
Ана: Уа, Жер – ана!. Жарық дүниеде тіршілік ететін бар адам баласы не ойлайды? Әр адамның жүрегіне қалай жол табарсың, өзің киелі анам, бәрімізге ана – өзің ғой. Адам біткеннің бәріне өзің анасың, тек өзің ғана айтшы!
Жер-Ана: Жоқ, жоқ, Адамзаттың анасы, сен айт. Сен - адамсың, сен бәрінен де үстемсің. Сен бәрінен де парасаттысың, өйткені сен адамсың! Сен – Анасың. Сен өмір сыйлаушы, мейірім ұясы екендігіңе көз жеткізіп келесің. Себебі сен - тоғыз ай, тоғыз күн құрсағыңда көтерген балаңа ақ сүтін беріп өсіретін, сонымен бірге адалдық, имандылық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіретін Аяулы Анасың. Сондықтан бар адамзат сенің алдыңда бас иеді. Сен сөйле.
Ана : Халқымыз «Жақсы болсаң жердей бол,бәрін шыдап көтерген» деген. Жер-анамыздың мейірбандығы сонда, барлық тіршілік иелерін қойныңа алып, баршасына өмір сыйлайсың, қорек бересің, өсіресің, көркейтесің. Сен бізді, бүкіл әлемді, табиғатты жараттың. Жер бетіне тыныштық сыйлайсың. Сол үшін мен саған ризамын.
Ана бақыты деген халықтың қалың ортасынан тамырлай шығатын бір ғана жапырақ екен ғой . Ана тағдыры деген халық тағдырына тамырлас жатыр. Менен қаншама тағдыр өтсе де, осы сенімнен танбайын. Халқым аман болса менің де тірі жүргенім.

(Жүргізушілер шығады) Фанфар




Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар! Өнер апталығына орай ұйымдастырылып отырған «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты қыз бен жеңге арасындағы 8-10 сынып оқушыларына арналған сайысымызға қош келдіңіздер!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет