Тақырыбы: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру



бет3/4
Дата19.12.2022
өлшемі131.9 Kb.
#467524
1   2   3   4
жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау

Жерді қорғау - бұл, ең алдымен, оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау. ҚР Жер кодексінің 17 тарауы жерді қорғауға арналған, ал 139 бапта жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталған. Бұл бапқа сәйкес,жерді қорғау қоршаған ортаның бір болігі ретінде жерді қорғауға,жерді ұтымды пайдалануға,жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға,сондай-ақ топырактын құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық ұйымдық,экономикалық,технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.

Жерді қорғау мақсаттары болып мыналар табылады: 1)Өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық,мелиорациялық және басқа да іс-шараларды жургізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін,шаруашылық қызметтін басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау. 2)Тозған немесе бүлінген жерді жасарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету. 3)Жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының Жер кодексiне және осы ережеге сәйкес мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын орындауын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуларын табуды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiн сақтауды, жер кадастрын жүргiзу мен жерге орналастырудың дұрыстығын және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Жерді қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүргізетін мемлекеттік органдар ЖПМҚМБ жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар мыналар болып табылады: - Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган; - Жергілікті атқарушы органдар; - Санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары; - Сәулет қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган. Бас органдар келес функцияларды атқарады: - Өз құзыретіне сәйкес жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау; - Жердің сапалық жай – күйінің өзгеруінің тексеруді ұйымдастырады; - Жер заңнамасының бұзылуын тексереді; - Нормативтік актілерді дайындауға; - ЖҚМПМБ мемлекеттік органдар рөлі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет