Тақырыбы: Көшбасшы мұғалім Қабылдаған: Данияров Т.Ә П.ғ. к профессор Орындаған



Дата25.04.2024
өлшемі39.97 Kb.
#499859
Шахзода эссе (1)


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті

БӨЖ
Тақырыбы: Көшбасшы мұғалім

Қабылдаған: Данияров Т.Ә
П.ғ.к профессор
Орындаған: Акимходжаева Ш.
ФАТ-312 А тобының 1- курс студенті
Түркістан -2024
Эссе
Көшбасшы мұғалім
Мұғалім деген бір ғана сөздің астарында қаншама мағына жатыр. Атап айтқанда мұғалім ол –екінші ана, білім беруші, баланы жетектеуші, ұлы тұлға ,қадірлі ұстаз,бар білгенін балаға үйретуші. Жалпы біз өмір сүріп жатқан ортада мұғалімнің орны қандай ? Көшбашсы мұғалім деген кім?
Көшбасшы мұғалім — бұл қазіргі заманғы гуманитарлық этикалық білікті алдыңғы қатарлы адам.Ол әріптестерінің игілігі үшін қам жейді. Әділетсіздікті әшкерелеп, жойып отырады.Көшбасшы мұғалім әрдайым өзінің қайырымдылық пен игілік ұғымын тереңдетуге асығады. Ондай мұғалім өзінің оқушыларын жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелейді.Көшбасшы мұғалімнің бойында ақыл, логика, көрегенділік, шешендік, іскерлік тәрізді парасаттылық қабілеттері мен әуесқойлық, танымшылдық, бастамашылдық, икемділік, жасампаздық, шығармашылық, адалдық, батылдық, сенімділік, тәуелсіздік, төзімділік тәрізді мінез-құлық қырлары мол болады.Ол сондай ақ өзгелерге қолдау көрсетіп, танымалдылыққа қол жеткізіп, мойнына жауапкершілік алып, адамдарды тани білуі керек.Шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын, ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты білімді жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушы білімінің дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы керек. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болуы міндетті.Әрбір оқытушы хакім Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын ұстанымы етіп алса, өз мамандығының нағыз шебері болары хақ.Көшбасшы ұстаз оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту және шығармашылық ізденіске апаратын ұлы тұлғалардың бірі.Ұстаз міндеті оқушылар тәрбиесіне, біліміне үлкен мән беруі қажет деп ойлаймын. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі болып отыр. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім қабылдауы аздық етеді, себебі қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан, бұл мәселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныпты басқару проблемасымен де байланысты екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде қарулануын, әрі сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын көздейді. Аталған проблеманы шешу мақсатында ХХІ ғасыр дағдылары жүйесі мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді. Ол жағдайда мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеп, инновациялық, тиімді идеялармен алмаса алады, сол арқылы күнделікті қызметте қолданатын оқыту мен оқудағы тәсілдердің ықпалын күшейте түседі. Дегенмен идеялар сыныпта шын мәнінде іске асырылуы үшін саяси ниет пен әкімшілік басшылықтың тарапынан болатын шектеулерді еңсерудің өзі үлкен міндет екенін ұмытпау қажет. Ұлы ұстаз А. Байтұрсынов «Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп атап өткендей оқушының алған білімін қолдана білу дағдысын дамытатын негізгі тұлға мұғалім. Сондықтан мұғалімнің кәсіби біліктілігіне баса назар аударылып отыр. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Әріптесіне ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.


Ойымды америкалық білім қайраткері және зерттеуші Ф.Г. Кумбстың «Дағдарыспен күресу үшін әрбір білім жүйесіне ақшаға сатып алуға болмайтын көптеген нәрселер-идеялар, батылдық, табандылық, ізденіс пен өзгерістерге ұмтылуда сыни тұрғыда өзін-өзі бағалауға қабілеттілік қажет» деген сөзін басшылыққа алып, барлық әріптестерімді ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын, өз бетімен білім алу мүмкіндігі мол ұрпақ тәрбиелеу үшін бар күш-жігерімізді жұмсайық демекпін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет