Тақырыбы: Педагогикалық зерттеулерде статистикалық математикалық әдістердің қолданылуының қазіргі жағдайы мен болашағы Орындағандар



бет1/2
Дата24.07.2022
өлшемі25.84 Kb.
#459767
  1   2
реферат 2docx


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Математика, физика және информатика институты
МӨЖ
Тақырыбы: Педагогикалық зерттеулерде статистикалық - математикалық әдістердің қолданылуының қазіргі жағдайы мен болашағы


Орындағандар: V - топ
Ахмерова Толқынай
Құрақ Гаухар

Алматы 2018


Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Педагогикалық зерттеулерде статистикалық-математикалық әдістердің қолданылуының қазіргі жағдайы

  3. Педагогикалық зерттеулерде математикалық статистиканың болашақтағы дамуы

  4. Қорытынды

  5. Әдебиеттер тізімі



Кіріспе
Соңғы уақытта Қазақстан Республикасында педагогика ғылымы бойынша қорғалған диссертациялар саны еселеп өскендігі белгілі.Тіптен қоғамдық ортада педагогикадан диссертация қорғау оңай және оған аса көп күш-жігер мен уақыт жұмсамауға болады деген қате пікірлердің орын ала бастағаны да жасырын емес.Осы сияқты жағдайлар педагогикалық диссертациялардың сапасының төмендеп кетуінің бұдан да басқа себептерін атап көрсетуге болады.Біздің ойымызша, оның басты себептерінің бірі - зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелердің статистикалық - математикалық әдістер арқылы тәжірибелік тұрғыда тым әлсіз негізделуінде.Бүл педагогика ғылымы бойынша соңғы жылдары орындалған диссертациялық жұмыстардың басым көпшілігі үшін негізгі және аса кең таралған кемшілік болып отыр.
Жалпы алғанда, ғылыми білімге қойылатын басты талаптардың бірі - оның сенімділігі мен дәлелділігі.Ал диссертация дегеніміз ғылыми білімдердің жиынтығы екендігін ескерер болсақ, ондағы алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен дәлелділігінің жоғары болуы керектігі түсінікті.Ғылыми жұмыста алынған нәтижелердің сенімділігі математикалық әдістер арқылы, дәлірек айтқанда статистикалық критерийлер арқылы негізделуі тиіс.Химия, физика, медицина, сондай-ақ психология ғылымдарында бұл талапты орындау міндетті болып табылады, онсыз диссертациялық жұмыс қорғауға жіберілмейді.Өкінішке орай, педагогика саласында мұндай талап қойылмайды.Біздіңше, егер педагогикалық зерттеулерге де осындай талап қойылар болса, олардың сапасы сөзсіз жоғары деңгейге көтерілер еді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін соңғы жылдары орындалған педагогикалық диссертацияларда осы талаптың орындалуы қандай деңгейде? деген сұраққа жауап іздеп көрейік.Біз осы мақсатпен педагогика бойынша қорғалған 30 диссертациялық жұмысқа талдаулар жасадық.Осының барысында мынадай жағдайларды анықтадық.

24 диссертацияда (80 %) эксперимент нәтижелері аса қарапайым математикалық әдістер көмегімен өңдеуге алынған, анығырақ айтқанда, оларда процент есептеу, сондай- ақ нәтижелерді диаграммалармен кескіндеу деңгейіндегі аса қарапайым математикалық әдістер қолданылған.Соның өзінде кейбір диссертацияларда процентті есептеу барысында дөңгелектеу ережелері сақталмаған, бақылау және эксперименттік топтарда бастапқы жағдайларды салыстыруға көңіл бөлінбеген.Кейбір диссертациялар эксперименттік топтағы бастапқы және соңғы жағдайларды салыстыруымен ғана шектелген.


Қалған 6 диссертациялық жұмыстың (30-24-6) екеуінде «орташа балл» пайданылған және алынған нәтижелерді «орташа балл» арқылы негіздеуге әрекет жасалған.Бұл диссертанттардың статистикадан мүлде сауатсыз екенін байқатты, өйткені орташа мәндерді есептеу барысында сандық мәліметтердің қосындысын табуға тура келеді.Ал, ранглік шкалада қосу операциясы анықталмаған.
Ендігі 4 диссертацияның (6-2=4) I -еуінде дисперсия есептеп шығарылған.Бірақ оның не үшін есептеп шығарылғаны туралы ештеңе айтылмаған, яғни дисперсияның мәні алынған ғылыми нәтижені негіздеуге пайдаланылмаған.
Соңғы 3 жұмыста статистикалық критерийлер (оның екеуінде х2 - критерийі, ал біреуінде Стъюденттің t - критерийі) қолданылыпты.Мұнда Стъюденттің t - критерийі ранглік шкалаға қолданылған.Бұл дұрыс емес, өйткені Стъюденттің t - критерийін тек метрлік шкалада қолдануға болатындығы ескерілмеген. х2 - критерийін қолдану 2 жұмыстың біреуінде сауатсыз орындалған.Ол 1 ғана жұмыста, «Гуманитарлық- бағдарлы мектепте ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында орындалған жұмыста ғана белгілі бір деңгейде дұрыс қолданылған.Алайда, оның өзінде алынған нәтиженің статистикалық сенімділік (мәнділік) деңгейі анықталмаған.
Сонымен, қорыта айтқанда, біз талдау алған 30 диссертациялық жұмыстың бір де біреуі ғылыми нәтижелердің сенімділігі туралы талапқа жауап бере алмайды.Демек, орындалған жұмыстардың ешқайсысында да ғылыми білім жинақталмаған деп кесіп айтуға болады, өйткені ғылыми білімге қойылатын басты талаптардың бірі сенімділік талабы болып табылады.
Осындай жағдайдың орын алуының себептері неде?
Біздің ойымызша, біріншіден, ізденушілердің математикалық статистикадан білімдері жоқ, әсіресе педагогтар үшін математикалық статистика мүлде оқып - үйретілмеген білім саласы болып отыр.
Екіншіден, ғылыми жетекшілер де ізденушіге осы бағытта ғылыми-әдістемелік көмек беруде дәрменсіздік танытып отыр, олардың тарапынан орындалған ғылыми жұмыстар да осындай кемшіліктерден ада емес екендігі ешкімге жасырын емес.
Үшіншіден, диссертациялық жұмыстарды сараптамадан өткізуде, сондай-ақ бекітуде де оларда алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігінің статистикалық критерийлер арқылы негізделу дәрежесіне тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отыр.
Біздің зерттеулеріміз педагогика ғылымының алдында оның «сенімділігі аса күмәнді ғылыми білімге ұқсас шығармалар жинағына» айналып бара жатқандығына байланысты аса күрделі проблеманың туындап отырғанын аңғартады.Сондықтан да бұл мәселе қазіргі күні мемлекеттік деңгейде көтеріліп, тиісті шаралар қолданылуда.Соның нақты бір айғағы, бұрынғы жүйе бойынша диссертациялар қорғау тоқтатылып, оның орнына магистратура және PhD докторантура жүйесінің енгізілуі болып табылады.Осы жүйеге қөшу барысында болашақ ғалым-педагогтарға математикалық статистикадан терең білім беру және осы арқылы жоғарыда атап көрсетілген проблеманы шешу жүзеге асырылады деп күтілуде.Шынында да Қазақстан Республикасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің дамуына орай Абай атындағы ҚазҰПУ- дың Магистратура және PhD докторантура институтында психологиялық және педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарларына «Педагогикалық зерттеулердегі математикалық әдістер», «Психологиядағы бақылау нәтижелерін математикалық тұрғыдан өңдеу әдістері» атты пәндер енгізілді.Сондықтан бүгінгі күні психология және педагогика ғылымдарында математикалық әдістердің қолданылуына байланысты қазіргі заманғы идеяларды қазіргі магистранттар мен PhD докторанттар - ХХI ғасырдың алғашқы жартысындағы болашақ ғалым - психологтар мен ғалым - педагогтар жүзеге асырылады деп есептеуге толық негіз бар.
Математикалық статистикада бүгінгі күнге дейін аса бай тәжірибе қоры жинақталды, сондай-ақ ғылым саласы ретінде ол дәл ғылымдар шеңберінен шығып, педагогика сияқты гуманитарлық ғылымдарға да ене бастады.Мұның өзіндік себептері бар.Біздің ойымызша, басты себептердің бірі мынада: қазіргі заманғы педагогика ғылымы үшін педагогикалық құбылыстардың сапалық жағы мен сыртқы сипаттамаларын ғана оқып-үйрену мен зерттеу жеткіліксіз болып табылады.Қазіргі күні педагогика ғылымы дамудың жаңа деңгейіне көтерілу үстінде.Біздіңше, педагогикалық құбылыстар бағынатын заңдылықтардың мән-ма5ынасын тереңірек аша түсу үшін ХХI ғасыр педагогикасы сапалық талдауларды қазіргі заманғы статистикалық-математикалық талдаулармен толықтыра түсуге мүдделі болады десек артық айтпаған болар едік, өйткені қазіргі заман талаптарының өзі-ақ педагогика ғылымының алдына аса күрделі педагогикалық құбылыстарды математикалық статистика ғылымының жаңа табыстарына негізделген қазіргі заманғы математикалық әдістерді тиімді түрде пайдалана отырып, кешенді түрде зерттеу мәселесін қойып отыр.
Математикалық статистиканың болашақтағы дамуы әр түрлі бірнеше бағыттарда өріс алуы мүмкін.Біз төменде аса күрделі педагогикалық заңдылықтарды зерттеудегі факторлық анализ бен кластерлік анализдің мән-маңызына сипаттама беруді жөн көрдік.
Факторлық анализ зерттеуге алынатын құбылыстың немесе обьектінің белгілері арасындағы тәуелділіктердің (байланыстардың) құрылымы туралы неғұрлым жалпы түрдегі ақпаратты қысқа, әрі нұсқа түрде өрнектеуге мүмкіндік береді.Мұнда мәліметтерде қамтылған ақпарат математикалық статистиканың дәстүрлі әдістеріне қарағанда неғұрлым кең көлемде зерттеуге алынады және ең маңыздысы - берілген ақпарат әр түрлі көзқарастар тұрғысынан талдауға алынуы мүмкін.Осының барысында зерттеушінің теориялық қорытындылар жасауына, жаңа гипотезаларды тұжырымдауына кеңінен жол ашылады. Факторлық анализдің нәтижесінде алынатын сандық мәліметтер кестесін мазмұндық тұрғыда кескіндеу көп жағдайларда зерттеушінің жасайтын қорытындыларын, зерттеу жұмысының онан әрі жүргізілу барысын анықтайды, сондай-ақ зерттеліп отырған педагогикалық құбылыстың теориялық тұжырымдамасының «қанқасын» құрайды.
Факторлық анализ белгілі бір формальдық модельге негізделеді.Оның нәтижелерін осы модельдің негізіне алынған қағидалар орындалғанда ғана шындық жағдайды сипаттайды.Қарама- қарсы жағдайда талдау нәтижелері зерттеліп отырған педагогикалық құбылыстың қасиеттерін бейнелей алмайды.Факторлық анализді дұрыс қолданбау шындық жағдайлармен үйлеспейтін қорытындылар жасауға алып келуі де мүмкін.Сонымен қатар, факторлық анализді белгілер қатынастар немесе интервал шкаласында өлшенген жағдайда ғана қолдануға болатындығын атап көрсеткен жөн.
Факторлық анализді қолданудың қиындығы мынада : талдау барысында мәліметтерге көптеген аса күрделі түрлендірулер жасалады.Сондықтан факторлық анализ барысында жүзеге асырылатын алгоритмді жете менгермеген зерттеуші алынған нәтижелердің бастапқыдағы берілген мәліметтермен байланысын тағайындай алмайды.Егер статистиканың дәстүрлі әдістерін қолдағанда цифрлар әр уақытта нақты обьектіні сипаттайтындығы анық байқалатын болса, факторлық анализ жүргізілгенде зерттеушіге өңдеулер нәтижесінде алынған сандар мен зерттеліп отырған құбылыс арасындағы байланысты қайтадан тағайындауға тура келеді.
Факторлық анализ барысында алынған нәтижелер негізінде зерттеліп отырған педагогикалық құбылысқа қатысты қандай сипаттағы қорытындылар жасау керектігін, сонымен қатар факторлық анализдің көмегімен қандай мәліметтреді өңдеуге болатындығын анықтау аса маңызды мәселелер қатарына жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет