Тақырыбы: «Рефрактометрдің жұмыс істеу принципі және сызбасы» Орындаған: Серікбол Айкерім Тексерген: Нүсіпақынова Маржан Алматы 2023



бет1/3
Дата28.03.2023
өлшемі2.55 Mb.
#471254
түріСабақ
  1   2   3
Серікбол Айкерім ФЕК-207 пс№5


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Институты «Математика, физика және информатика»
Кафедрасы «Математиканы, физиканы және информатиканы оқыту әдістемесі»
Тақырыбы: «Рефрактометрдің жұмыс істеу принципі және сызбасы»
Орындаған: Серікбол Айкерім
Тексерген: Нүсіпақынова Маржан
Алматы 2023
№5.Практикалық сабақ
Мазмұны
1. Құрылғының құрылғысы және жұмыс принципі
2. Рефрактометрлердің түрлері және олардың ерекшеліктері туралы
3. Рефрактометрді қалай дұрыс қолдануға болады
4. Қорытынды
Рефрактометр (лат. refractus - сынған) — жарықтың сыну көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылатын құрал, екі ортаның шекарасында байқалатын толық ішкі шағылуға негізделген. Рефрактометрдің қозғалмалы призмалы, құрамды призмалы, жарты сфералы және тағы басқа түрлері бар.
Рефрактометр — қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың сыну көрсеткіштерін зерттейтін құрал.Заттың сыну көрсеткішін (n) біле отырып, оған химиялық анализ (талдау) жасауға болады.
7.1.-сурет. Жарықтың толық шағылуы мен Рефрактометрдің жұмыс істеу схемасы
Рефрактометрия әдісі халық шаруашылығының көптеген саласында қолданылады. Мысалы шахта ауасының құрамындағы қопарылыс қаупі бар метан газының мөлшерін анықтауға осы әдіс пайдаланылады. Рефрактометрия әдісі тамақ өнеркәсібінде майлардың және т. б. заттардың сапасын тексеруге, геологияда минералдардың сапасын, ауыл шаруашылығында қант қызылшасының, помидордың пісу дәрежесін анықтауға, медицина мен мал дәрігерлігінде асқазан сөлін, қан мен зәр құрамын тексеру үшін пайдаланылады.
Рефрактометрлердің жұмысы мына әдістерге негізделген:
  • жарық екі ортаның шекарасынан өткенде оның сыну бұрышын тікелей өлшеу;
  • толық ішкі шағылу құбылысына негізделген әдіс;
  • интерференциялық әдіс;
  • Фре­нель формулаларына сүйеніп сыну бұрышын та­бу әдісі;
  • көлеңке әдісі. Осының ішінде кеңірек таралғаны бастапқы үш әдіс болғандықтан біз солардың екінші әдісіне толық ішкі шағылу құбылысын қарастырамыз. Екі орта, айталық су мен ауаны алайық. Судың сыну көрсеткішін n2 деп, ауаның сыну көрсеткішін n1деп белгілейік. (7.1.-сурет)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет