• жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;
• қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету
Мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз
Тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалымен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т.б. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте солғұрлым аз болады.
Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері
1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;
2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;