Абай атындағы қазақ ұлттық университеті
Математика, физика және информатика институты
БӨЖ-6
Тақырыбы: Салықтар: олардың түрлері, салық салудың теориялық негіздері.
Орындаған:Нурмагамбет Арайлым МФК-222
Қабылдаған:Казиева А.Н
Алматы 2024
ЖОСПАР:
1. Салық ұғымы
2. Салық жүйесі
3. Салық алуды ұйымдастыру
4. Салық түрлері
5.Қазақстандағы салық түрлері
Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат.
Салықтың бюджетке төленетін басқа төлемдерден айырмашылығы: - салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі; - салық - ақшалай нысанда төленеді; - салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады; - салық - баламасыз сипатта болады; - салық - салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады; - салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салық жүйесі - бұл, мөлшерлемелері төлеушілер және салық салу объектілері, төлеу тәртібі, жағдайы және мерзімдері, есептеу мен тіркеу әдістері көрсетілген, заңдарға сәйкес белгіленген, көрсетілген уақыт аралығында әрекет ететін барлық салықтар тізімі.
1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі» туралы заң қабылданды. Осы заңға байланысты салықтар үлкен 3 топқа бөлінді: 1.Жалпы мемлекеттік салықтар
2.Міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар.
3.Жергілікті салықтар мен алымдар
Салық алуды ұйымдастыру салықтық қатынастар нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды.
Салық салу механизмі :
Салық салу қағидаттары;
салық элементтері;
ақпараттық қамтамасыз ету;
салықтарды алудың әдістері;
салықтық бақылау;
салықтардың есеп құралдары;
салықтарды басқару жүйесі;
салық құқығы мен заңдылығы;
салықты болжаумен жоспарлау;
салықтар түрлерінің жиынтығы
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
Табысқа салынатын салық. (Корпорация салығы, жеке табыс салығы
Тауарға салынатын салық. ( Қосымша құн салығы, акциздер)
Капиталға салынатын салық. (Жер салығы, Мүлік салығы)
Салық мөлшерлемесі Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептеулерінің шамасын білдіреді Салық салу мөлшерлемесі 3 ке бөлінеді:
1.Тұрақты салық мөлшерлемесі
2.үйлесімді салық мөлшерлемесі
3.Регрессивті салық мөлшерлемесі
Салық элементтері - салық заңдырегламенттелген салықтың қолдануы жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктердің жиынтығы.
Салықтың бірнеше элементтері бар:
Салық субъектісі;
Салық объектісі;
Салық көзі;
Салық мөлшері;
Салық жеңілдіктері;
Салық ставкасы;
Салық кезеңі;
Салықты есептеу тәртібі;
Салық есептілігі;
Салық төлеу тәртібі.
Салықтардың пайда болу тарихы
Салық ежелден мемлекет экономикасының маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекет пайда бола салысымен сарайларды, штабтарды және әскерді ұстауға қаражат қажет болды. Бастапқыда бұл сәйкес келмейтін табиғи өнімдер топтамалары болды. Кейіннен салық дерлік мемлекеттің негізгі табысына айналды.
17 ғасырға дейін мұндай салық жүйесі болған жоқ. Тек 18 ғасырдың басында ғана негіз қалыптасып, салық және табыс салығы, акциз, тура және жанама салықтар сияқты ұғымдар пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс салық реформаларының катализаторы болды. Төлемдер дифференциялана бастады, жетекші орынды тікелей салықтар алады.
Достарыңызбен бөлісу: |