Тақырыбы: сандардың тарихы және санау жүйелері мақсат



бет1/2
Дата15.04.2024
өлшемі191.63 Kb.
#498683
  1   2
САНДАРДЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ (8 сынып)


Тақырыбы:




САНДАРДЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Мақсат:




Жаңа білім

Сандардың шығу тарихын еске түсіреді. Сан және цифр ұғымын сипаттайды. Санау жүйелерін және санау жүйелерінің түрлерін анықтайды.

Жаңа түсінік

Позициялық және позициялық емес санау жүйелерін айырып таниды. Оларға жататын санау жүйелерін анықтайды.




Қолданым әрекеті

Санау жүйелерінің жазылу ережелерін пайдаланады. Әр жүйедегі сандардың жазылу ерекшеліктерін көрсетеді.

Талдау әрекеті

Позициялық санау жүйесіне жататын екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелерінің байланысын анықтайды.

Шығармашылық әрекет

Жаңа санау жүйесін ойлап табады. Сол жүйенің ерекшеліктерін түсіндіреді.




Бағамдау әрекеті

Әрбір санау жүйесінің ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың маңыздылығын түйіндейді.

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (5 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі:




• фронтальді, топтық.

Оқыту әдісі:




репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


• Оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді. Өз ойларын дамытуға көмектеседі.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




• Санау жүйесі, позициялық, позициялық емес, негіз, цифрлар алфавиті, бірлік жүйе, иероглиф.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• Тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу

Ақпарат көздері:

1. Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева. Информатика 8, Алматы: Мектеп, 2012.
2. О.Ефимова, В.Морозова, Н.Угринович «Курс компьютерной технологии»
учебное пособие для старших классов.-М.: ООО «Издательство АСТ», 2000.
3. Е. Арын, Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану, Павлодар:
ҒӨФ «ЭКО», 2006.
4. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том.

Оқушы жетістігін бағалау:




• Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады. Ал қосымша баға (бонус) топтық тапсырма үшін беріледі.

Үй тапсырмасы:




Ондық жүйеден басқа өзің қалаған кез-келген санау жүйесінің маңыздылығын дәлелде.




САБАҚ БЛОКТАРЫ 







і. аҚПАРАТ алмасу






Тақырып жоспары:

  1. Сандардың тарихы. Сан және цифр ұғымы

  2. Санау жүйелерінің түрлері

  3. Санау жүйелерінің жазылу ережелері және ерекшеліктері

Слайдтар:

1-слайд Сандардың шығу тарихы

  • Сандар шамамен 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған

  • Әуелі сандар сызықшамен белгіленген

  • Ноль санының пайда болуы сандарға революция жасаған

« Қарыз», «жеткіліксіздік» деген ұғымдар теріс сандардың шығуына алып келеді




2-слайд Сандар және Цифрлар ұғымы

  • Сан – мөлшерді сипаттайтын санауда пайдаланатын абстракт нәрсе

  • Сандардың мынадай түрлері бар:

    • Натурал сандар (Белгісі N)

    • Бүтін сандар (Белгісі Z)

    • Тиімді сандар (Белгісі Q) (рационал)

    • Рабайсыз сандар (Белгісі I) (иррационал)

    • Нақты сандар (Белгісі R)

    • Терім сандар (Белгісі C) (комплекс)

Реті бұлай болады:  N ⊂ Z ⊂ Q ⊂ R ⊂ C




3-слайд Сандар және Цифрлар ұғымы

  • Цифр – біріккенде санды құрайтын символдың түрі болып табылады

  • Цифрлар ең алғаш Үнді-Араб санау жүйелерінде пайда болған

Ертеректе қолданылған басқа да тарихи цифрлар:





4-слайд Санау жүйелері
САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері

Позициялық емес

Позициялық



САНАУ ЖҮЙЕСІ





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет