Тақырыбы: Тас тұзының кен орнында газды жерасты сақтау қоймасын жобалау


Өндірістің сындарлы нүктесі. Шығынсыз нүкте



бет4/4
Дата07.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#181986
1   2   3   4

3.9 Өндірістің сындарлы нүктесі. Шығынсыз нүкте
Шығынсыз нүкте дегеніміз пайдалану шығыны мен түсімнің теңбе-теңдігі.

Ол былайша өрнектеледі:

1) 1 м3 газдың сатылу бағасы - 10,3 доллар;

2) Үзілісті шығындар - 62,3 мың. доллар;

3) Тұрақты шығындар - 16,3 мың. доллар;

4) Жылдық сатылым - 10 млн. м.

АВ - тұтас сызықты шығын, OD - түсім сызығы.

Бұл графикте шикізат өндірісінің көлемі көлденең бағыттағы ось және табыстың немесе шығынның көлемі тік ось.

АС сызығы, тек қана шығындарады көрсететін, көлеміне қарай өзгермейтін, X осіне параллель өтеді.

Көлденең ара қашықтық сызықтың арасында АС _ АВ негізгі мінездеме түрінде өндірістік шығындар газдың көлеміне байланысты, ал тік арақашықтық сызықтардың арасында ОА _ АВ қандай болмасын өндірістік көлемінде шығындар пайда болады.

Егер шығару көлемі 0-ге тең болса, онда тұтас шығындар 0-ге тең болмайды, ол ОА тең.

Егер сату көлемі 10 млн. м3 тең болса (100%-пайыздық өндіріс қуаттылығы) LB сызығы көрсетіледі.

LB=LC+CB= 16,3·103+62,3 · 103=78,6 тыс.долл.

мұндағы LC - тұрақты шығын, СВ - ауыспалы шығын.

Сызықты кесіп өту тұтас табысты OD сызығымен көрсетіледі шығынсыз (ТБ) нүкте, түтас табыстың тұтас шығынға тең болады.

Шығынсыз нүкте алгебралық жолмен былайша есептеліп шығарылады.

PQ = F + VQ

F = PQ - VQ (47)

Q(P - V) = F немесе

Ауыспалысын нақты көлемге ауыстыра отырып алынатыны:



млн.м3

мұндағы, Р - 1 м3 газды сату бағасы, 10" долл;

F - тұрақты шығындар, 16,3 мың. долл.;

V - 1м3 газдың ауыспалы шығыны, 62,3•10-3 долл.

Бұдан түсетін кіріс: Д = 4,3 млн. х 10-3 = 43000 долл.

4 ЕҢБЕК ПЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Еңбекті қорғау
Бұл тарау жоғары өнімді еңбекті қамтамасыз етуді алға қояды, ол үшін өндірістік жарақат алу мен ауырып қалуды болдырмау жолын жиі қарастыру керек.
4.1.1 Өндірістік тазалық
Еңбекшілердің денсаулығына зиян келтіретін факторларды жоюға бағытталады және қолайлы жағдай туғызылады.

Адам денсаулығына өндіріс ортасының кіші табиғаты едәуір әсер етеді, оған жылы-салқындық, ылғалдық, қозғалыс пен шұғыла жылдамдығы жатады. Бұрғылау және газды - қосылыс жасау кездерінде ауаға зиянды газ, бу шығып, температура төмен, не жоғары болуы әбден мүмкін, солардан сақтану қажет.

Желдету еңбек етуге дұрыс жағдай жасаушы. Ол табиғи да, жасанды да бола алады.

Газ сақтағанда кеністік табиғи, мехалық немесе аралас желдеткішпен жабдықталады. Мұнай және газ өндірістерінде жарық түсіру үшін қыздыру лампалары кен қолданылады, жеке тазалық, тамақтану, тұрмыстық бөлмелер болуы шарт, оларда ішкі жылыту, су құбыры желдеткіш, арналар болуы керек.

Жұмыс істеушілерді ауыз сумен қамтамасыз етудің мәні зор. Жеке қорғау құралы - ажыратылмас техникалық шара. Оған оқшаулаушы арнайы киім, аяқ киім, қолды, бетті, көзді, құлақты, қолқа, кенірдек, өңешті, басты сақтайтын құралдар мен жабдықтар және киімдер жатады.

Жобаланатын газ сақтау қоймаларында, өндірістік кешендерде жұмысшылырдың өз қажеттіліктеріне гигиеналық ғимараттар қарастырылады, күнделікті санитарлы ғимараттар, асханалар. Бұл ғимараттар негізгі пункттарға жақын салынуы керек, алаңдарға, жолдарға.

Күнделікті ғимараттарға құбыры, канализация, жылу, желдетумен қамтамасыз етілу керек.
4.1.2 Қауіпсіздендіру техникасы
Сұйытылған көмірсутекті газды (СКСГ) қабылдау, сақтау және жөнелту кезінде темір жол көлігі іске қосылады, оны газды қайта айдаушы сорап бекеттер жүзеге асырады.

СКСГ мынадай қауіпті қасиеттері бар:

- Олардың буы ауамен қосылып ыстық қоспа түзеді, ол жарылғыш келеді;

- СКСГ өнімі мен қосылымдары өте улы;

- Ол адамның терісіне тисе, тері аурулары туындауы мүмкін;

- Ағыны тисе, теріні үсітіп жібереді;

- Булануы кезіндегі сөл ғана мөлшері дененің ашық жерін күйдіріп түседі.

СКСГ-дар жүретін құбырөткізгіш резервуарлық парк, құю төгу сораптық станция территориясында жерден 0,5 метрден жоғары етіп тіреуіштерге орнатып салады.

Газды сақтау қоймасы территориясында жаяу жүру жолдары қатты грунтты немесе асфальтті болу керек, ол жолдар объектіге кіру жерінен бастап көмекші салымдарды байланыстыру қажет.

СКСГ айдауға арналған сораптарын қолданған кезде мына жағдайды ескеру қажет: ол сораптарды салғанда басқа жабдықпен құрастырмайды айдауға қатынас болмаса.

Әр сораптық станция өзінде өтпелі линиясы және диспетчерлі басқармалы бекіту арматурасы болу керек, бұл керек кезде сораптық станцияны тоқтатуға конденсатор проводтың жұмысын тоқтатпауға мүмкіндік береді. Сораптық станцияның айдау құбырына қорғауыш клапандар орнатылады, ол максималды өткізу қабілетіне есептелген және қысымның жоғарылап кетпеуіне мүмкіндік береді.

Эстакадалар мен құю төгу операцияларына ерекше техникалық қауіпсіздік орындалуы керек, олар үнемі таза, өткелдері мен басқыштары бос болуы керек. Эстакададан теміржол цистернасына көпіршелер қойылады, ол көпіршелер алюминді немесе ағаштан жасалған жастықшалармен жабдықталған, жастықшалар жасырынды бұрандалармен көпіршелерге бекітілген. Теміржол цистерналары конденсатты құю төгу операциялары алдында жерге қосу. Цистерналар тұрған жердегі теміржолдар жерге жатады.

Цистерналарға қосу, құю және төгу операцияларын тек қана цистерналардың эстакаданың жанында тұру жерінде орналасқаннан кейін, локомотивтің ол жерден кемінде 20 метр аласа кетуі керек.

Дайындық жұмыстары былай жүргізіледі:

-теміржолға жүруге тиым салынатын белгілер қою;

-цистерналарды рельстердегі арнайы бошмак-тиянақ тетіктерге бекіту;

-цистерналарды сырттай қадағалау;

-қолғаптардың жерге ендірулерінің дұрыстығы мен сенімділігін тексеру;

-барлық құйылатын және төгілетін құрылғыларды тексеру;

-бұрандаларды уақытымен қарап тұру;

-құю төгу жерінен 100м. кем емес аралықтағы от жағуды болдырмау.
4.1.3 Өрттік қауіпсіздік
Мұнай және газ өндірісіндегі өрт шығу қауіпі газ бен газ қосындысының физикалық және химиялық қасиеттерімен анықталады. Жалпы өрт қауіпсіздік шаралары мыналар:

- өндірістік объектілерді, кеністіктерді, құрал-жабдықтарды таза және ретті ұстау;

- құрал-жабдықтар мен қоммуникацияларды нығыздау;

- технологиялық процестерді механизациялау мен автоматтандыру.

Газ өндірісі электр құралдарын әртүрлі үрдісте пайдаланады, олар:

электрлі қозғыштар, жіберу аппаратурасы, автоматтандыру мен басқару құралдары, олар қорғанышты қалыпта шығарылады.

Газ сақтайтын жердегі қопарылыс мына жағдайда болады, қоршаған ортада газды булы қоспа, жалын кездессе және аппараттар мен электроқұралдарынан бұзылыс шықса. Көптеген өндірістік процестерде. Электр зарядтары туындайды:

а) құралдарды, сыйымдылықтарды, коммуникацияларды жерге көму;

ә) салыстырмалы ылғалдықты ұлғайту есебінен үстіңгі өтімділікті өсіру;

б) қопарлрылғыш қосылымдардың пайда болуын болдырмау;

в) мұнайөнімдері қозғалысы жылдымдығын кеміту;

г) ауаны немесе ортаны иондау.

Кәсіпорынды жоспарлағандағы ескерілетін қажеттіліктер:

- өндірістік обьектілерді белгілемдері мен өртке қауіптілігі жағынан болуы;

- жеке цехтар мен құрылымдарды тиімді орналастыру;

- ғимараттар мен құрылғылар арасындағы өртке қарсы бөліністер арасын сақтау;

- жол, өтілім бар аймақтарды орналастыру.

От сөдіруші құралдар реттінде су, химиялық және ауалық механикалық көбіктер, қүм т.б. пайдаланылады. Газ шығару және сақтау обьектілерінің көбісі көмірқышқылды өрт сөндіргіштерімен қамтамасыз етіледі; сонымен қатар өртке қарсы қарапайым инвентарлар сақталады. Тұрақты сулы және кендірлі өрт сөндіргіші болуы қажет. Бұлар кішігірім өртті сөндіруге негіз.


4.2 Қоршаған ортаны қорғау
Газ өнеркәсібінің барлық шаруашылық объектілері түгелдей дерлік қоршаған ортаны ластайды.

Өз сутектеріне қоса, ластаушылар құрамында көптеген реагенттер, ингибиторлар, сілтелер, қышқылдар, жанған кезде химиялық құрамға айналатын заттар кездеседі.

Өз сіутектеріне қоса, ластаушылар құрамында көптеген реагенттер, ингибитор пар, сілтелер, қышқылдар, жанған кезде химиялық құрамға айналатын заттар кездеседі.
4.2.1 Ауа тазалығын сақтау
Газдың көлік және сақтау объектілері атмосфераны ластауда едәуір орын алады. Олар - ыдыстардан, технологиялық аппараттардан және құю-төгуде бөлінетін газдар.

Сутекті көмір қышқылды компоненттердің күрделі құрамы алға шығады.

Алғашқыда ең жеңіл фракциялары буланып шығады. Сүйық фаза ауырлана береді. Мұнай мен газдың жоғалымын қысқартуды ұйымдастыру - техникалық шаралар көмегімен іске асыра алу мүмкіндігі туындайды. Алғашқысы барлық кешеннің пайдаланылуын үдетеді, барлық ережелердің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. Бұдан көлік пен сақтауды толық жауып ұстаудың мәні зор.

Құю мен төгу операцияларының барлығы жұмыс аймағының аса жіті қымталып, жабылып түрған қалпында орындалады. Паркіші қайта айдауды шегіне дейін қысқартады.

Жоғарылатылған қысымда газды сақтау кезінде "үлкен тыныс" жоғалуы жойылып, 50-60% қысқарады.

"Аз тыныс" шығыны жерасты ыдыста сақталған кезде болмайды.

Толық қымталған сорғыштар мен нығыздағыштар да жоғалымды 50-60% азаяды.
4.2.2 Су алабын қорғау
Ең ластағыштар - ағып келіп құйылатын жаман сулар. Олар суды ластап улап кетеді. Тазалықшылау, әжеттік арналар сулары, монша, жуынды сулары, т.б. өте қауіпті. Қардың еріген суы мен жаңбыр суы да жердің үстінде-ақ былғанып шыға келеді, жаман заттарды ағысы бойына ілестіре кетеді. Ластаушы заттар былайша өзгерістер береді:

1) судың қасиеттін өзгертеді;

2) химиялық құрамын өзгертіп, зиянды заттар түзіледі;

3) су үстінде және түбінде былғағыштар жүреді;

4) ерітілген оттегі азаяды;

5) жаңа бактериялар пайда болып, адамды, малды ауруға ұшыратады. Қазіргі суды механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық әдістермен тазалайды. Негізгі ластаушыларға ерімейтін қопалалар жатады, ол үшін сүзбе кен қолданылады. Ағын сулар мен жууға арналған таза сулардың құрамын жақсарту гидроциклонды тазртулар кен қолданылады.

Ашық гидроайналымдар үлкен өткізгіштігімен ерекшеленеді, қысым шығыны 0,5м аспайды. Олар 20мм қоспаларды тазарта алады. Оның көлемі, нығыздығы, нысаны үлкен рөль атқарады.
4.2.3 Жер қойнауларын қорғау
Өндіріс табиғатты тез арада өзгертуге ұшыратады, тіпті табиғи өзгерісінен әлқайда жылдам қозғалысқа түседі.

Әсіресе, жерасты газсақтау кезінде өте жиі болады, сондықтан сқважиналар мен сақтағыштар аса мұқияттылықпен қымталуы тиіс, оны үнемі қадағалап отыру керек. Өңдеу қезінде үстіңгі қабатта ореолдар пайда болып, газды - химиялық бақылау жасауды талап етеді.

Негізгі міндеттер мыналар:

- жерасты сақтағыш жақсы қымталғанын бағалау;

- табылған ореолдар байланыстарын анықтау;

- жеке құрамдары мен газды химиялық көрсеткіштерін бақылау;

- қабаттарындағы газды болдырмау. Газдалғандық жылына 1-2 рет жалпы тексеріледі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Тапсырма бойынша қорытындылау 100 мың м3 жердегі тұз шөгіндісінде болды. Жұмыс барысында жерасты сыйымдылықты құрылғылаудың біраз тәсілдері мен үлгілірі қарастырылды және ерітуге тиімді варианты алынды.

Жууға жаңа құрылғы ұсынылды, онын мақсаты-жууды тездету және құрылым мерзімін ұзарту, яғни сақтап қалу.

Техникалық және экономикалық бағаланымы үшін жоба есебі жерүсті сұйытылған көмірсутегі газының сақталу қорымен бірдей жасалды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мазуров В.А. Подземные газонефтехранилища в отложениях каменной соли. - М.: Недра, 1992

2. Захаров П.М. Проектирование и сооружения подземных резервуаров нефтегазохранилищ. - Киев: Будивельник, 1973

3. Кочкин П.И., Нестерова М.П., Бобровский. Очистка резервуаров от остатков Нефти и нефтепродуктов. - М.: ВНИИОЭНГ, 1965

4. Жолтаев Г.Ж., Булекбаева З.Е. Тектоника и нефтегазоносность бортовых зон прикаспийской синеклизы. - Алматы: Казахстан, 1975

5. БроварИ.М., Дата И.Г.,- Шмайс И.И. Тектоника и перспективы нефтегазоносности надсолевых отложений. - М.: Недра, 1971

6. Задора Г.И. Подземное хранение газов и углеводородных жидкостей в непроницаемых горных породах. - М., 1976

7. КазарянВ.А., Пышков Н.Н. Технологические схемы эксплуатация подземных хранилищ углеводородов в каменной соли. - М., 1990

8. Физика - химические процессы при образовании и эксплуатации подземных резервуаров. / Под ред. В.А. Мазурова. - М.: ВНИИ Промгаз, 1989

9. Хранение углеводородных газов в устойчивых породах. / Под ред. Н.А. Федорова. - М.: ВНИИ Промгаз, 1983

10. Каримов М.Ф. Эксплуатация подземных хранилищ газа. - М.: Недра, 1981

11. Хейн А.Л. Гидродинамический расчет подземных хранилищ газа.- М.: Недра, 1968

12. Сидоренко М.В. Подземное хранение газа. - М.: Недра, 1965



13. Куцын П.В., Федоренко В.И., Султанович А.И. Организация работ по охране труда в газовой промышленности. - М.: Недра, 1987

14. Куцын П.В., Эстрин Р.Я. Охрана труда и техника безопасности на газовом промысле. - М.: Недра, 1982

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет