1 Негізгі әдебиеттер.
1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.
2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.
3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет.
7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.
3 Руководство по клинической токсикологии / под ред. Е.А.Биртанова - 2006
4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.
5 Основы токсикологии / Авт.: П.П.Кукин, Н.Л.Пономарев, К.Р.Таранцева и др. - 2008
№15 Дәріс
Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы
Тақырыбы Құрама жеммен, күнжара және шротпен малды азықтандырғанда туындайтын токсикоздар.
Жоспары:
1.Құрама жеммен, күнжара және шротпен малды азықтандырғанда туындайтын токсикоздар.
2. Зығыр күнжарасынан улану
3. Қыша күнжарасынан улану
ҚҰРАМА ЖЕММЕН, КҮНЖАРА ЖӘНЕ ШРОТПЕН МАЛДЫ АЗЫҚТАНДЫРҒАНДА ТУЫНДАЙТЫН ТОКСИКОЗДАР
Құрама жем – құнарландырылған және ірі азықтардың белгілі бір малға арнайы рецепт бойынша өндірісте өндірілетін қоспасы. Құрама жемдер қазіргі уақытта арнаулы құрама жем өндіретін зауыттарда дайындалады. Құрама жем ұнтақ, брикет және түйіршік түрінде ірі қараға, шошқаларға, құстар мен балықтарға беріледі. Құрама жемнен уланудың негізгі себебі – оның құрамында ас тұзының тиісті мөлшерден асып кетуі. Алғашқыларының кінәсі-ас тұзын мөлшерден тыс көп қосып жібергендігін, екіншілері малдың бір түріне арналған жемді шатастырыпғ екінші бір жануарлар түріне бергендігі болып табылады. Осының салдарынан мал мен құс өлім-жітімге ұшырайды.
Малдардың құрама жемнен улануының екінші себебі -олардың белгіленген талапқа сай болмауы. Улану азық баланысының бұзылуынан емес, құрамды жемді сақтағанда уақытынан бұрын бұзылғандығынан туындайды. Бұл жағдайда құрама жем зең және басқа да зиянды саңырауқұлақтармен зақымдалады, құрамы жән құнарлық қасиеттері өзгеріп, асқорыту органдарының қызметінің бұзылуына әкеледі. Талапқа сай емес құрама жеммен азықтанып, ауырған малдардың клиникалық көріністері әр түрлі.
Достарыңызбен бөлісу: |