Тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің анатомиясы. Дәріс жоспары: Зәр шығару жүйесінің құрылысы. Бүйректің құрылысы, қызметі. Қуықтың, несеп ағардың құрылысы, қызметі. Бүйрек
Анатомия және физология
Тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің анатомиясы.
Дәріс жоспары:
1.Зәр шығару жүйесінің құрылысы.
2.Бүйректің құрылысы, қызметі.
3.Қуықтың, несеп ағардың құрылысы, қызметі.
Бүйрек (ren) жұп мүше, қою қызыл түсті, тығыз, салмағы 120-200г, екі жағынан омыртқамен, артқы қуысында 12 бел омыртқасының тұсында, іштің қуысыңда орналасқан. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағыдан төменірек орналасады: оның жоғарғы ұшы XI кеуде омыртқасының төменгі жағымен шектеседі, ал сол бүйректің жоғарғы ұшы осы омыртқаның орта бөлігінде орналасқан. Он бүйректің алдыңғы жағынан он екі елі ішектің төмендеген бөлігі және тоқ ішектің оң иіні өтеді. Оң бүйрек жоғарғы жағынан бауырдың висцералді бетімен шектеседі. Сол бүйректің алдыңғы жағында асқазан, ұйқы безінің құйрық бөлігі, аш ішектің ілмегі, ал жоғарғы жағында көкбауыр және тоқ ішектің сол иіні орналасады. Бүйректің артқы беті қабығымен бірге көкетке жанасқан, сонымен бірге белдің шаршы бұлшықеттеріне, іштің қиғаш бұлшықеттеріне және белдің үлкен бұлшықетіне жанасқан, олар бүйрекке ойыс жасайды. Бүйректің жоғарғы шеті бүйрекүстімен жанасады.
Бүйрек бірнеше қабықтан тұрады: ең алдымен ол жұқа қабық — фиброзды қабықпен (capsula fibrosa), сыртынан бүйректің майлы денесін құрайтын майлы қабықпен (capsula adiposa) жабылған. Ол бүйрекалды және бүйрекарты жапырақшаларынан тұратын бүйрек шандырларымен (fascia renalis) ұсталады. Бүйрек шандырының бүйрекалды жапырақшасының алдында париеталді қуыс орналасқан, яғни бүйректер экстраперитонеалді орналасады және қанайналым, бүйрек шандырымен, майлы қабықшамен айқындалады. Бүйректің латералді шығыңқы жиегі (margo lateralis) сыртқа қараған, ал медиалді (margo medialis) ойыстысы омыртқаға қараған. Ойысты жиегінің ортасында тереңдеу орналасады — бүйрек қақпағы (hilum renalis), бұл арқылы қан тамырлары және лимфа тамырлары, нерв және несепағар өтеді. Бүйрек қақпасының кеңейген терендікке өтеді. Бүйрек қақпасының кеңейген тереңдікке өтеді — бүйрек қойнауына (sinus renalis), яғни кіші және үлкен бүйрек тостағанша, қанайналым және лимфа тамырлары, нерв және майлы тін орналасады. Әр бүйректе алдыңғы (facies anterior) және артқы (facies posterior) беті, жоғарғы (extremitas superior) және төменгі (extremitas inferior) шеттері болады. Бүйректің кесіндісін көргенде 2-2,5 см қалындықтағы ішкі милы заты мен 0,4 -0,7 см болатын беткейлік затын көреміз. Мүшенің орталық бөлігінде болатын бүйректің милы заты (medulla renalis) сыртқы және ішкі шекаралардан және 10-15 конустәрізді бүйрек пирамидаларынан (pyramides renales) жасалады. Бүйрек пирамидалары нефрон тұзағын жасайтын және милы заты арқылы өтетін жинағыш бүйрек түтіктерін жасайтын тік өзекшелерден тұрады. Бүйрек түтіктері жайлап бір-бірімен қосылып, бүйректік емізік аймағында 15-20 қысқа ағын емізікше түтіктерін (ductuli papillares) түзеді. Бүйректің қыртыс заты шетінде орналасқан, бірақ бүйректік милы затына бүйрек бағаналары (columnae renales) тәрізді өтеді. Өз кезегінде, милы заты сәулелер жасай отырып, жұқа өсінділері қыртыстыға өзгереді. Бүйректің қыртыс затында құрылымдық-функционалды бірлігі — нефрон бар. Оның саны 1,5-1,8 млн-ға жетеді. Нефрон мен бүйректің несеп шығаратын өзекшелерінің құрылысы