33
кісіні таңқалдырарлық деңгейде дамыған ғалымның шеберлігіне де тағзым еткені деп түсіндірсе, ұлы
Абайдың тілінен қорғаған диссертациялық еңбегін ғылымдағы айрықша сипаттағы ерлік деп бағалайды.
Бір қуаныштысы, осындай аға буынның феномендік тұлғасы, өмірлік өнегесі мен ғалымдық ізденіс
өрісі, ұстаздық ұлағаты өздерінен кейінгі бүгінгі ұрпақтың шығармашылық болмысы мен ғалымдық
мұратында жалғастық табуда. Және ең бастысы, абыз-анамыздың ізін басып, «ана тілі»
деп аталған
асылымызды жан-жақты зерттеп жүрген қазақ қыздарының қарасының көптігі. Бірақ қатарымыздан оза
шығып, бір бойында
ұстаз ~ ғалым ~ қайраткер ~ ана ~ әже т.б. қасиеттерін тұтастырған бірегей тұлға –
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының
докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы I дәрежелі сыйлықтың лауреаты, ҚР
БҒМ-ның «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, педагогика ғылымдары Халықаралық
академиясының академигі, ҚР-не үміткерлеріне мемлекеттік тілден емтихан алушы «лингвистикалық
комиссиясының» хатшысы (1999, 2005, 2011, 2015 ж.ж.) Фаузия Шәмсиқызы Оразбаева.
Ұлы дала елінің ертеңгі ұрпағына тіл арқылы ұлттық құндылықтарды игертіп, оқытуға бағытталған
профессор Ф.Оразбаеваның өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметі де «Ұлы дала тұлғалары» аясында
қарастыруға әбден лайық. Ғалым еңбектерінде ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен және жаңа дәуірдің
ізгі мұраттарымен үндескен осы жоба идеясының тұғыры қаланып, жас ұрпаққа дұрыс білім беру, оқыту
жүйесінде дәстүр мен жаңашылдықты заманауи талаптардың өзара бірлігі мен тұтастығы белгіленген.
Осымен байланысты қазақ руханиятында өзіндік орны бар ғалым-тұлға академик Р.Сыздықтың
«ғаламындағы» тектілік пен қайраткерлік мінезінің профессор Ф.Оразбаеваның ғылыми-шығармашылық
қызметіндегі үндестік туралы тағы бір талантты ғалым қызымыз профессор Т.Ермекованың: «Қазақ тіл
ғылымында өзіндік орны бар, өз бойындағы білімі мен қажыр-қайратын ұстаздық, ғалымдық жолға арнап
тілді құрметтеу арқылы ұлтты құрметтеудің ғажайып үлгісін көрсету нәтижесінде қайраткерлік дәрежеге
жеткен қазақтың ғалым қыздары Рәбиға Сыздық пен Фаузия Оразбаевалардың есімдері айрықша аталары
хақ» деген тұжырымынан асырып айту қиын. Екі тұлғаның үндестігін профессор Т.Ермекова
«жарасымды жалғастық» деп анықтап, тілді құрылымдық жүйеде зерттеуді оны үйрету ісімен
сабақтастыратын, күнделікті тәжірибедегі қолданыстық сипатын да танытуды мақсат ететін еңбегінің
негізінде профессор Ф.Оразбаеваны
синкретті тұлға деп атайды.
Қасиетті ана тілінің киесін отбасылық тәрбие негізінде бала кезінен бойына сіңірген, ал
кейін тіл
тереңіне бойлаған саналы, ұлтжанды тілші-ғалым «тілдің негізгі қоғамдық қызметі – қарым-қатынас
құралы» деген жалпы да, жалаң қағида мемлекеттік тілдің өрісін кеңіте алмайтынын түсінді. Осымен
байланысты күнделікті тәжірибеге сай жан-жақты ізденістер мен зерттеулер нәтижесінде қоғамдағы
қарым-қатынас үдерісіндегі тілдің қызметін жаңа сапалық деңгейде анықтап, антропоөзектік парадигма
өрісінде қарастыратын тілдік қатысым туралы коммуникативтік теорияның ғылыми-әдіснамалық негізін
жасау
ғалым ~ ұстаз ~ әдіскер ~ қайраткер өмірінің негізгі арқауына айналды.
Осы тұрғыдан қарасақ, ғалым зерттеулерінің тұтас тінін тіл иесінің болмысымен тығыз байланыста
қарайтын антропоөзектік қағида құрайды. Өз сөзімен дәйектесек: «Сөйлеу арқылы ұғынысу, түсінісу
дегенді
нақтылай келіп, оның жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде
өзіндік орны бар, қооғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы
арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдық қатынасының түп қазығы».
Осы қағиданың негізінде қазақ тіл біліміндегі коммуникативтік теорияның ғылыми-әдіснамалық
негіздерін және қатысымдық бірліктердің тілтанымдық, елтанымдық, мәдениеттанымдық
аспектілерін
антропоөзектік парадигмада анықтау профессор Ф.Оразбаеваның іргелі еңбектерінің негізінде
қалыптасуда.
Оны Ф.Оразбаеваның әр жылдарда жазылған ғылыми зерттеулері мен
тіл, діл, ел, ұлт, қоғам
мәселелеріне қатысты мақалаларының мазмұны мен тақырыптарынан да айқын көруге болады: «Тіл –
рухани құндылық», «Жаһандану және қазақ тілі», «Ұлтты сүю – ұлылық тағылымы», «Сөз – ұлттың
мәңгілік тұмары» т.б.
Олай болса, тіл – адамның танымдық қызметінің нәтижесі ретіндегі күрделі жүйелі құрылымдық
туынды. Сондықтан тіл арқылы адамның мынадай негізгі қызметтері іске асатыны белгілі:
өзгертуші,
Достарыңызбен бөлісу: