Тақырып: Билік саяси феномен ретінде Жоспар



бет5/7
Дата03.01.2022
өлшемі22.09 Kb.
#450905
1   2   3   4   5   6   7
16.03.21.№5 Билік саяси феномен ретінде
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді.
1. Институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі (мәселкен, саясиассоциациялардағы билік, биресми топтарды және т.б. басқару);
2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді(экономикалық, ата-аналар, корпорациялар және т.б. билігі жатады).
3. Құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік болып, сыртқы саясат қатынастарында, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі.
4. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық, т.с.с. болып топталады.
5. Қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел, т.с.с. билігі болып бөлінеді.
6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық, т.с.с. болып бөлінеді.
Сонымен қатар билікте “объект” , “субъект” деген ұғымдар бар. “Объект”- өзгертуші, “субъект” – іс-әрекетті жасаушы.
Биліктің объектілері:
1.Мемлекет.                                6. Әкімшілік.
2.Ел.                                            7. Ведомстволар.
3.Аймақ.                                      8. Ұйымдар.
4.Штат.                                        9. Өндірістер.
5.Республика.                            10. Жеке тұлға.
Биліктің субъектілері:
1.Мемлекет.
2.Әлеуметтік топ, тап.
3.Әлеуметтік топтар жүйесі.
4.Әлеуметтік топтарға сүйенген шағын адамдар тобы.
5. Қоғамның әлеуметтік саласындағы билік
1.Институционалдық белгілі құқықтардың өзгелердің сұранымына байланыссыз ықпал жасауы.
2.Субъектінің қызметі мен қоғамдық міндеттерді орындайтын қызмет әдістері.
3.Қоғамдық пікірлердің даму динамикасына ықпал ету мүмкіндігі.
4.Әлеуметтік жағдайларға қол жеткізетін басты критерийлер.
5.Белгілі әлеуметтік жағдайдың иелерін көтермелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет