Тақырып: Билік саяси феномен ретінде Жоспар


Билік туралы мынадай анықтамалары бар



бет2/7
Дата03.01.2022
өлшемі22.09 Kb.
#450905
1   2   3   4   5   6   7
16.03.21.№5 Билік саяси феномен ретінде

Билік туралы мынадай анықтамалары бар: 

1. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі. 

2. Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. (құдай арқылы). 

3. Инструменталистік билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.  

4. Структуралистік билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.  

5. Конфликттік анықтама бойынша игіліктерді, даулы жағдайларды бөлісуді үйлестіру, құрастыру ретінде түсіндіріледі.

Жалпы алғанда билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.

«Билік» сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай бөлуге болады:

ата-аналар билігі, мемлекеттік билік, экономикалық билік, саяси билік, әлеуметтік билік, құқықтық билік, әскери билік, рухани билік т.б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет