Тақырып. Дабылдарды түрлендіру мен қалыптастыру әдістері.
Сұрақтар:
1. Стационар емес үрдістердің ерекшелігін оқу.
2. Шектелген спектрі бар ақ шудың корреляциялық функциясын оқу.
3. СП жіңішке жиілікті корреляцияланған функцияны оқу.
Электр байланысына қойылатын талап берілген хабарды алушыға жеткізіліп берудің ең жақсы әдісін табу. Мұндай мәселені дұрыс шешу үшін берілетін хабардың жаратылысымен құрылымын оны түрлендіріп, өзгерту әдістерін оның жүріп өтетін жолының сипаттамасын және ондағы бөгеуіліктерді, келген сигналды қабылдағышта қабылдаудың тиімді шешімдерін табу әдістерін білу керек, сонымен қатар сигналдың қуатына қойылатын шек оның спектр кеңдігі апаратуралардың күрделігі сигналдың жылдамдық қасиеттерін білу керек. Сөйтіп ЭБ қойылатын талапты жалпы түрде тұжырымдалғанда, белгілі жерге жеткізгендегі қателігі ең аз болатын байланыс жүйесінің мүмкінділігіне қарай таңдап алуға болады. Байланыс арнасына қойылатын жалпы талаптың бірі арнаның көлемі, сигналдың көмегімен кем болмауы керек VK≥Vc Арналар мен сигналдардың көлемдері жиілік спектрінің кеңдігіне
Vс = ∆Tс ×∆Fс ×∆Dс . (1.1)
Сигнал өтетін уақыт ұзақтығына және сигнал ауқымына байланысты болады:
∆Tс -сигнал ұзақтығы;
∆Fс -сигнал спектрінің кеңдігі;
∆Dс -сигналдық бөгеулікпен салыстырғандағы деңгейлік ауытқымы;
(1.2)
Рс-сигнал қуаты
Рn-бөгеулік қуаты
Сигналдың арнада бұзылмай өтуі үшін мына шарттарды қанағаттандыру керек:
∆Тс ≤ Тк,
∆Dс ≤ Dк,
∆Fс ≤ Fк.
Байланыс жүйесінің маңызы.
Үлкен көрсеткіштерге жататындар олардың өткізу қабілеті мен жеткізу дәлдігі. Өткізу қабілеті дегеніміз берілген өлшем бірлігі уақытындағы өтетін хабар санын айтады. Арнаның өткізу қабілеті немесе өтетін сигналдың жылдамдығы сол арнаның жиіліктін спектрінің кеңдігінде, сигналды түрлендіру әдісіне және бөгеуілдік шамасына байланысты болады. Жиіліктік спектрліктің кеңдігі сигналдың ауысу процессінің ұзақтығына әсер етеді:
(1.3)
Сигналдық түрлендіру жылдамдығын ең жоғарғы деп алсақ онда ең қарапайым сигнал импульсінің ұзақтығы мынаған тең:
Сонда хабар тарату жылдамдығы:
«Бод» тең. (1.4)
Мұнда жылдамдық өлшемі Бод секундына берілетін ең қарапайым импульс санына тең. Егер арнамен таратылатын хабар екілік импульспен берілетін болса онда осындай арнаны екілік арна деп атап, оның өткізу қабілеттілігін төмендегі теңдікпен есептейді:
. (1.5)
Арна байланысы дегеніміз таратылатын сигналдардың ортақ жинақтылығын атайды.
1.1 Сурет– Бір арналы байланыс жүйесінің құрылымдылық сұлбасы
1.2 Сурет– Көпарналы тарату жүйесінің құрылымдық сұлбасы
Вебер-Фехнер заңы эмпирикалық психофизиологиялық заң, ол бір нәрсені сезіну қарқындылығы тітіркендіргіштің қарқындылығының логарифміне сызықты түрде тәуелді екенін айтады.
Вебер-Фехнер заңы, негізгі психофизикалық заң кез келген сезім мүшесіне әсер ететін түйсіктің қарқындылығы мен тітіркену күші арасындағы байланысты анықтайды.
Вебера — Фехнера закон, основной психофизический закон, определяет связь между интенсивностью ощущения и силой раздражения, действующего на какой-либо орган чувств. Неміс физиологы Э.Вебердің (1830-34) бақылауына сүйене отырып, ол абсолютті емес, тітіркендіргіш күшінің салыстырмалы түрде жоғарылауы (жарық, дыбыс, теріге жүктеме т.б.) қабылданады:
Мысалы, теріге басылған жүктің бастапқы массасы 75 г болған кезде адам 2,7 г, бастапқы массасы 150 г, 5,4 г артқанын сезінеді. Неміс физигі Г.Фехнер (1858) зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеп, формуланы шығарды: S = alnI + b (мұндағы S - түйсіктің қарқындылығы; I - тітіркендіргіштің күші; a, b - тұрақтылар). V. - F. z. тек қалыпты ынталандыру қарқындылығында сақталады, шекті немесе өте жоғары ынталандыру қарқындылығында қатты бұрмаланады.
Кез-келген байланыс жүйесінде түрлендіруді жүргізетін қондырғы болуы керек:
- таратуда - ақпарат → хабар→ дабыл;
- қабылдауда - дабыл —> хабар —> ақпарат.
Байланыс жүйелерінің құрылымдық сұлбасының жалпыланған бейнесі 1.3-суретте келтірілген.
1.3-сурет. Байланыс жүйелерінің құрылымдық сұлбасы
Байланыс жүйелерінде хабарды жіберуші мен қабылдап алушы болып абоненттер табылады, сондықтан оларды абоненттік терминалдар деп атайды (немесе тұтынушылар). Тартқышта байланыс желісі бойынша ыңғайлы тарату үшін алғашқы дабылды жоғары жиіліктікке ауыстыру жүреді. Қабылдағышта қабылданған дабылдан алғашқы дабыл бөлініп алынады, бірақ байланыс желісіндегі бөгеттерге байланысты ол бастапқы дабылдан біршама өзгеше болады. Хабарды жіберушіден қабылдаушыға таратуға арналған техникалық және программалық құралдардың жиынтығын бір сөзбен байланыс жүйесі деп атайды. Электробайланыс арналары алғашқы электробайланыс дабылдарын тарату үшін қолданылады. Байланыс арналары – бұл жіберушіден қабылдаушыға хабарды таратуды қамтамасыз ететін таралу орталары мен техникалық құралдардың жиынтығы. Хабардың түріне және таралу ортасына тәуелді арналарды былай бөледі: телефондық, телеграфтық, мәліметтерді тарату, дыбыстық және теледидарлық хабар тарату, өткізгіштік және кабельдік, радиоарналары. Егер арнаның кірісінде де, шығысында да дабылдар дискретті болса, онда арна дискретті деп аталады. Егер арнаның кірісінде де, шығысында да дабылдар үздіксіз болса, онда арна үздіксіз деп аталады (аналогтық). Үздіксіз арнаның жалпыланған сипаттамасы оның сыйымдылығы болып табылады (көлем):
VK = TKFKDK.
Vc көлеммен байланыс арнасы арқылы бұрмаланбай таратылудың қажетті шарты:
Vc VK .
Алғашқы дабылды жоғары жиілікті дабылға түрлендіру дабылдың арнамен сәйкес келуі үшін қажет. Бұл кезде мына шарт орындалуы қажет:
TC≤TK;FC≤FK;DC≤DK.
Достарыңызбен бөлісу: |