Тақырып: Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық Сыбайлас жемқорлық



Дата23.01.2022
өлшемі15.5 Kb.
#454764
түріКодекс
әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық


Тақырып: Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың  экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

Ағымдағы жылдың 5-ші шілдесінде елбасымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы жаңа Кодексіне қол қойылды. Ол 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енеді, ал 281 б. 5 т. 8 п. 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап әрекет етеді. Жаңа Кодекс 920 баптан тұрады, 760 бап қайта өңдеуге ұшырады, жаңа 62 бап енгізілді, 128 бап алынып тасталды.

«Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық» 34 тарауы 6 баптан тұрады, жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсеткені үшін, бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасаған тұлғаны жұмысқа қабылдау, сонымен қоса сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша мемлекеттік органдар басшыларымен шаралар қолданбағаны үшін, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданғаны үшін жауапкершілік көзделген.

Осылайша, осы құқық бұзушылық санатынан қаржылық бақылау шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік көздейтін бап алынып тасталды.

Одан басқа жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін 50-ден 100 АЕК айыппұл болса, ал жаңа Кодекс бойынша 200 АЕК айыппұл көзделген, заңды тұлғалар үшін 1-ші тарау бойынша 100-ден 500 АЕК айыппұл – 700 АЕК өсті, 2-ші тарау бойынша заңды тұлғаның әрекет етуін тоқтату – 1500 АЕК ауыстырылды.



Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар алғаны үшін айыппұл екі есе өсті 300 АЕК-тен 600 АЕК-ке дейін.

Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы, сонымен қоса бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасаған тұлғаны жұмысқа қабылдағаны үшін 50-ден 100 АЕК болса, жаңа Кодексте 100 АЕК көлемінде айыппұл көзделген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет