Тақырып Экономикалық өсу Қарастырылатын сұрақ

Дата12.12.2023
өлшемі170.28 Kb.
#486177
Тема 11. Экномикалық өсу

Тақырып
Экономикалық өсу
Қарастырылатын сұрақ
1. Экономикалық өсудің мәні, факторлары және оның көрсеткіштері
2. Экономикалық өсудің үлгілері
Экономикалық өсу – барлық елдер үшін негізгі экономикалық мәселе.

Экономикалық өсу – ұлттық өнімнің сан жағынан көбейюі мен сапа жағынан жетілдірілуі.

Экономиканың өсуінің қайнар көзі – экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталар. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.

Макроэкономикада экономикалық өсу факторларының 3 тобын бөліп қарастырады:

Макроэкономикада экономикалық өсу факторларының 3 тобын бөліп қарастырады:

1) Ұсыныс факторлары:

2) Сұраныс факторлары:

  • баға деңгейі;
  • тұтыну шығындары;
  • инвестициялық шығындар;
  • мемлекеттік шығындар;
  • таза экспорт.

3) Бөлу факторлары:

  • ресурстарды өндірісте толық әрі ұтымды пайдалану;
  • ресурстарды пайдаланудың тиімділігі.

Экономикалық өсудің түрлері:

  • Экстенсивті - тұрақты техника негізінде еңбектің орташа өнімділігін сақтай отырып қосымша қорларды пайдалану арқылы өнім көлемін көбейту.
  • Интенсивті (қарқынды) – бұл технология деңгейін көтеру арқылы өнім көлемін көбейту, яғни өндіріс факторларының тиімділігін арттыру арқылы өнімді ұлғайту.

Экономикалық өсу келесі өлшемдермен болады:

  • Номиналды (атаулы) экономикалық, өсу – ағымдық бағамен есептелген экономикалық өсу.
  • Нақты экономикалык, өсу – базалық бағамен есептелген экономикалық өсу.

Экономикалық өсудің келесі үлгілері бар:
1. қарапайым кейнстік үлгі (Е.Домар мен Р.Харрод);
2. неокласикалық үлгі (Солоу үлгісі).

Домар мен Харродтың үлгісі бір үлгі ретінде қарастырылады.

Домар үлгісі 1840 жылы ұсынылды.

Домар үлгісі 1840 жылы ұсынылды.

Домар үлгісінде еңбек ұсынысы өте жоғары болғандықтан баға деңгейі де тұрақты болады. Өндіріс көлемі бір ғана ресурс капиталға тәуелді. Экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың өсу факторлары инвестиция өсімі болып табылады.

Домар үлгісі мынадай алғышарттарға негізделеді:

  • үлгіде тек игіліктер нарығы қарастырылады;
  • факторлар өзара орын ауыстырмайды;
  • еңбек нарығында артықшылық;
  • капиталдың орташа өнімділігі және қор жинау нормасы тұрақты.

Харрод үлгісінде де игіліктер нарығы беріледі. Оның тек өзіне тән ерекшеліктері бар:

Харрод үлгісінде де игіліктер нарығы беріледі. Оның тек өзіне тән ерекшеліктері бар:

инвестиция эндогенді өзгермелі болады, Домарда ол экзогенді өзгермелі;

  • инвестиция эндогенді өзгермелі болады, Домарда ол экзогенді өзгермелі;
  • капитал сыйымдылығы тұрақты;
  • кәсіпкерлердің іс әрекеті сұранысты күтуіне байланысты.

Р.Солоудың экономикалык өсу үлгісі – қор жинау, еңбек ресурстарының және ғылыми-техникалық прогрестің халықтың өмір сүру деңгейі мен оның динамикасына әсер ету механизмін бейнелейтін экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі.

Р.Солоу үлгісі 1956 жылы дүниеге келді және ол қор жинау, капитал қорлануы арасындағы өзара байланысты көрсетеді.

Р.Солоу үлгісі 1956 жылы дүниеге келді және ол қор жинау, капитал қорлануы арасындағы өзара байланысты көрсетеді.

Р.Солоу үлгісі мынадай алғышарттарға негізделеді:

  • капиталдың кемімелі шекті өнімділігі;
  • масштаб әсерінің тұрақтылығы;
  • ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы;

Р.Солоу үлгісінің негізгі идеясы экономикалық өсу капиталмен қарулану есебінен емес, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.

Р.Солоу үлгісінің негізгі идеясы экономикалық өсу капиталмен қарулану есебінен емес, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет