Тақырып: Жалпы сынама



Дата02.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#453000
түріҚұрамы
жалпы сынама

Тақырып:Жалпы сынама

Геологиялық барлау колледжі орындаған:ускембаева Л.е Тексерген:жакупова А.б

шикізаттың, кендер мен қосалқы материалдар, отын және тағы басқалардың орташа құрамын анықтау.- негізгі сынама анализденетін материалдардың орташа құрамын көрсетуі керек;- анализ нәтижелері анализдеуге алынған заттың ғана құрамын көрсетеді;- негізгі сынаманың нәтижесін барлық партияға тән нәтиже ретінде қарастыруға болады.- анализденетін зат қатты, сұйық, газ күйінде болуы керек;- анализдеу үшін сынаманы белгілі мөлшерде алыну керек;- сынаманың құрамы анализденетін заттың құрамына түгелімен сәйкес болуы керек.

Өндірістегі химиялық анализдің міндеттері:

Сынама алу қателігі

Сынама алу қателігі - зат түйіршіктеріні мөлшері өскен сайын және сынама мөлшері азайған сайын өседі, сынама өте аз мөлшерде алынатын анализдеу әдістері (микро-анализ) үшін сынаманы өте жоғары дәрежеде гомогендеу керек. Егер анықталатын компонент сынаманың өте азғантай бөлігін құраса және сынамадағы жеке компоненттердің тығыздықтары әртүрлі болса, сынама алу қиындай түседі. Сынаманы алмас бұрын анализденетін затты жақсылап араластыру керек. Анализ жасау үшін алдымен сынаманы азайтып алу керек, сонымен қатар, сынаманы жақсылап ұсақтау қажет.

Орташа сынаманың мөлшерін мына теңдеу бойынша есептейді:q=Kdα q - орташа сынаманың мөлшері, кг;d - түйіршік диаметрі, мм.Егер d=0,1 мм болса, онда q = 0,1-0,12 = 0,001 кг = 1г.

Дайындалған орта сынамадан анализ үшін қажетті нақты үлгіні аналитикалық таразыда өлшеп алады. Сынамада анықталған компоненттің құрамы мен сандық өлшемдеріне сүйене отырып, нақты үлгінің шамамен алынатын массасын алдын ала анықталатын компоненттің сынамадағы мөлшерін және колданылатын сандық өлшеулердің ерекшеліктерін ескере отырып есептеп алады. Мысалы, гравиметриялық анализде нақты үлгінің массасын құрышталған тұнбаның массасы 0,05 - 0,3 грамм болатындай етіп есептеп алады.

Массаны азайтқан сайын өлшеудің салыстырмалы қателері өседі, ал тұнба массасының өсуі ешқандай артықшылық бермейді, керісінше анализдің ұзақ уақытқа созылуына әкеліп соғады. Аналитикалык нұсқауларда әдетте үлгінің массасы немесе оны есептеу жолдары көрсетіледі. Ауада құрғақ, яғни гигроскопиялық емес сынаманы өлшеу аса бір сақтықты қажет етпейді. Гигроскопиялық сынаманы өлшеу кезінде қажет болатын сақтық шаралары аналитикалық нұсқауларда көрсетіледі.

Назарларынызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет