Тақырып 12. Экологиялық тәрбие берудің жалпы стратегиялары
Мұғалім - экологиялық мәдениетті қалыптастырушы тұлға
Экологиялық білім беру адамзат қауымы мен қоғамның үйлесімді нәтижесінде жүзеге асатын білім берудің тиімді жолдарын көрсету. Сабақта экологиялық білім беруді ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың рухани дамуына зор ықпал жасау. Экологиялық білім мен тәрбе беру оқыту процесімен қатар жүретінін есте сақтауымыз керек.
Қазіргі кезде экологиялық білім беру білім жүйелері дамуының өзекті мəселенің бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады. Заман талабына сай экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі. Экология - организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы, өзара қарым-қатынасты зерттейтін дербес ғылым ретінде XX ғасырдың бірінші жартысынан бастап қалыптасты. «Экология» терминін алғаш рет неміс биологы Эрнест Геккель (1834-1919) өзінің «Организмдердің жалпы морфологиясы»., еңбегінде ұсына отырып, оның негізі организм мен ортаның бірлестігі жəне организмдердің эволюция процесінде өзгеруі деген ұғымнан құралғандығын дəйектейді.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы мəселеге айрықша көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сəйкес Қазақстан Республикасы Білім, мəдениет жəне денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Ендеше осы аса құнды екі құжатты басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дəрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тəрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр.
Қазіргі заманғы экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады.
Міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мəселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету. Экологиялық білім беруді жалпы мектептердің əрбір кластар бойынша жүргізілетін пəн кіргізілуі керек. Бұрынғы уақытта жалпы экологиялық білім көтеріле қоймағаны өздеріңізге мəлім. Ал қазіргі уақытта яғни бүгінгі таңда нақты жəне маңызды бөлек пəн ретінде немесе пəн аралық байланыстар ретінде пайдалану мектептер үшін өте қажетті жəне керек.
Экологиялық тəрбие жəне оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру. Экологиялық тəрбие– ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мəдениетті қалыптастыру. Экологиялық тəрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын, экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, қарым-қатынасын қалыптастыру. Экологиялық тəрбиенің міндеттері: – жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мəдениетін бірізді дамыту; – табиғатқа қоғам дамуының материалды жəне рухани күштердің қайнар көзі ретінде карап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну; – адамдардың санасы мен іс-əрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау кағидаларын бекіту; – қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мəселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру. Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мəселелері туралы ғылыми теориялық жəне тəжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологияландырудың басты жолдары: экологияның білім жүйесі үздікіз жетілдіру, оқушыларға экологиялық хабарламаларды жан-жақты кеңейтілген түрде беру; оқушылардың ойлай білу жүйесін қалыптастыру жəне оған экологиялық тұрғыдан қорытынды жасай білу; іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгерту, экологиялық мəселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдау; жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың тəжірибелік іс-əрекеттерін дағдыландыру. Мектепте экологиялық мəселелерді танып білуде тиімді əдіс түрі экологиялық мəселелерді ортаға салып талқылау арқылы пікір алмастыру, танымдық ойындар, ғылыми конференциялар өткізу, эколог мамандармен кездесу, экологиялық мазмұндағы қабырғалық материалдарды жинау т.б.
Экологиялық тəрбие жəне оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру. Экологиялық тəрбие– ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мəдениетті қалыптастыру. Экологиялық тəрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын, экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, қарым-қатынасын қалыптастыру.
Экологиялық тəрбиенің міндеттері: – жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мəдениетін бірізді дамыту; – табиғатқа қоғам дамуының материалды жəне рухани күштердің қайнар көзі ретінде карап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну; – адамдардың санасы мен іс-əрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау кағидаларын бекіту; – қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мəселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мəселелері туралы ғылыми теориялық жəне тəжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологияландырудың басты жолдары: экологияның білім жүйесі үздікіз жетілдіру, оқушыларға экологиялық хабарламаларды жан-жақты кеңейтілген түрде беру; оқушылардың ойлай білу жүйесін қалыптастыру жəне оған экологиялық тұрғыдан қорытынды жасай білу; іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгерту, экологиялық мəселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдау; жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың тəжірибелік іс-əрекеттерін дағдыландыру.
Мектепте экологиялық мəселелерді танып білуде тиімді əдіс түрі экологиялық мəселелерді ортаға салып талқылау арқылы пікір алмастыру, танымдық ойындар, ғылыми конференциялар өткізу, эколог мамандармен кездесу, экологиялық мазмұндағы қабырғалық материалдарды жинау т. б.
Мұғалім оқушылардың əрқайсысының табиғатты қорғауға тəрбиелеуде дəрістер, этнографиялық əңгімелер,сол сияқты табиғатқа саяхат,экология үйірмесі (жас натуралистер станциясына қамқорлық),факультативтік сабақтар жəне сыныптан тыс тəрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады.
Қазіргі кезде оқушыларға экологиялық білім мен тəрбие беруде көбірек қолданылатын сыныптан тыс жұмыс түрлеріне ашық тəрбие сағаттары мен тақырыптық кездесу кештері жатады. Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мəтелдер,жастарды табиғатты сүюге,олардың экологиялық мəдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады.
Экология тəрбие беруде, табиғатты қорғауға баулуда, халықтық педагогиканың ролі ерекше жəне оның саласы мол. Олар-табиғатты қорғау дəстүрі,оған сену,сыйыну ырымдары,жан-жануарлар мен өсімдік түрлеріне байланысты əдеп-ғұрыптар т. б. Қазақ халқының табиғатты тануы,оған көзқарасы ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаға жүргізген бақылау нəтижесінде тəжірибе елегінен өтіп шыңдалып, сұрыпталған. Бақылау тəжірибесінде жинақталған жаратылыстану түсініктері мен білімдері негізінде халық табиғат жемісін пайдалану əдістерін, дағдыларын ғана емес, оны қорғау дəстүрлерін де дамытты, оларды жетілдіру жолдарында жөн-жорықтар мен ырымдарды қалыптастырды. Сол ереже-ырымдар арқылы жас буындарды сергектікке, байқампаздыққа баулып, қатерлерден сақтандырады. Халық табиғат жүдеуіне жол бермейтін тыйым ережелерін қоғамдық сана деңгейіне дейін көтерген.
А. Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері оны табиғат заңдылықтарын терең пайымдай алумен бірге оған байланысты ғылыми көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың бар байлығын баласының аузына таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз» деп өскелең ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді.
Асанқайғы атамыздың халқына жайлы қоныс іздеп, желмаясымен жеті жыл жер кезуі туған жерге, туған жер табиғатына деген ұлы сүйіспеншіліктің белгісі.
Ақындардың халақаралық «ХХ ғасыр, əлем жəне экология» қозғалыстарының төрағасы болған Мұхтар Шаханов өзінің «Аралға жол» мақаласында «... бізде экологиялық тəрбие болған жоқ, ол қазір де жоқ. Экология ғылым ретінде ең артта қалған, қараусыз қалған жағдайда, біз адамдардың экологиялық санасын оятуымыз қажет, ертең кеш болады» деп айтқан болатын.
Сонымен қатар, оқушы бойына экологиялық тəрбиені сіңіруде ескеретін жағдайлар:
А) Адамның, қоғамның табиғатқа əсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қолдану;
Ə) Тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тəрбиелеу;
Б) Экологиялық ісəрекетте білім,тəрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін жан-жақты факторлар қарастыру.
Сыныптан тыс жұмыс сабақтан бос кезінде жүргізіледі. Тəрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кезде тəрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едəуір орын алады. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тəрбиелеуде мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың орны ерекше.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды табиғатты қорғауға тəрбиелейтін мектептен тыс жұмыстардың мақсаттарына қарай төмендегідей етіп топтауға болады.
Оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстары:
– табиғатқа бақылау жүргізу;
– табиғат көріністеріне суреттер салу;
– табиғат сырын түсіндіруге байланысты əртүрлі баяндамалар, рефераттар жазу, альбомдар шығару.
Оқушылардың табиғат аясында істейтін жұмыстары:
– табиғат аясында істелінетін іс-тəжірибелік, сарамандық жұмыстар;
– əртүрлі бағыттағы серуендер, жорыққа шығу.
Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары:
–табиғат қорғауға арналған ғылыми оқулар мен конференциялар; – табиғат зерттеушілерімен, ғалымдармен кездесу; –табиғат қорғауға бағытталған кештер ұйымдастыру.
Қоғамдық пайдалы еңбек:
– жасыл жасақшылар тобын құру;
– табиғат қорғауға арналған сенбілік, жексенбілік, айлықтар өткізу.
Оқушылардың экологиялық білімдерін тексеру:
– экологиялық олимпиадалар, байқаулар ұйымдастыру
табиғат қорғауды жақсарту мақсатында тесеру жұмыстарын ұйымдастыру.
6. Оқушылардың табиғатты аялауға сүйіспеншілігін арттыратын мерекелік іс-шаралар:
– табиғат қорғау күнін (5 маусым) атап өту;
– Наурыз мерекесі, т. б;
Оқушылардың өлкетану жұмыстары:
– этнографиялық-экологиялық мұражай ашу;
– мектепте «Табиғат мүйісі» табиғат бұрышын ашу;
– ауылдағы табиғи ескерткіштерді қамқорлыққа алу.
Мектепте жоғарыда көрсетілгендей мектептен тыс жұмыстарды өткізгенде оқушылардың ата-анасын қамтыған абзал. Мектепте пəн мұғалімдері пəнді жүргізу барысында өз мамандығына қоса экология мəселесін алдыңғы орынға қойса, оқушылардың табиғатты қорғау мəдениеті қалыптасып, көзқарасы дұрыс жолға түсер еді. Осы айтылғандарды негіздей отырып, экологиялық мəдениетті ұстаздың қандай болуын жобалап көрейік:
Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау жəне көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған мəселе.
Табиғатымыз қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дəлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм беру керек екендігі анық. «Табиғаттың - əр беті терең мазмұнға толы бірегей кітап» - деген И. Гёте. Олай болса, мазмұнға толы табиғатымызды сақтап қалу экологиялық білімді талап етеді. Сіздерде келешекте өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенемін!
Достарыңызбен бөлісу: |