Тақырып Магнитостатика Негізгі сұрақтар


Заттағы магнит өрісі. Диамагнетизм, парамагнетизм, ферромагнетизм



бет6/12
Дата11.10.2024
өлшемі0.57 Mb.
#504580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
file-1738 (14)

Заттағы магнит өрісі. Диамагнетизм, парамагнетизм, ферромагнетизм
Магнетиктер – магнит өрісінде магниттелуге қабылетті, яғни магниттік моменті пайда болатын заттар.
Диамагнетиктер –  сыртқы магнит өрісі жоқ кезде атомдарының (молекулаларының) магниттік моменттері болмайтын заттар. Сыртқы магнит өрісі ықпалымен диамагнетикте элементар дөңгелек токтар индукцияланып, сыртқы магнит өрісіне қарсы бағытталған бағдарлы магнит өрісі пайда болады.
Парамагнетиктер – сыртқы магнит өрісі жоқ кезде атомдарының (молекулаларының) магниттік моменттері болатын заттар, алайда молекулалық жылулық қозғалыс салдарынан магниттік моменттер ретсіз бағдарланған. сыртқы магнит өрісіне орналасқан парамагнетикте атомдардың магниттік моменттері өріс бағытымен жалпылай бағдарлана отырып сыртқы магнит өрісінің күшеюіне үлес қосады.
Магниттелу  – аз көлемді макроскопиялық заттың бірлік көлемдегі магниттік моментімен сипатталатын векторлық шама.
(9.32)
мұндағы  - сыртқы магнит өрісінде жеке молекулалардың (атомдардың) магниттік моменттерінің векторлық қосындысымен анықталатын заттың жалпы магнит моменті.
және  векторларының арасындағы байланыс
(9.33) 
заттың магниттелуі мен магнит өрісінің кернеулігі арасындағы бұл сызықтық тәуелділік әлсіз өрістер үшін ғана орындалады.
Заттың магниттік алғырлығы  – заттың магниттелу дәрежесін сипаттайтын өлшемсіз шама.
Диамагнетиктер үшін  , ( ). молекулалық токтардың өрісі сыртқы магнит өрісіне қарсы бағытталады. парамагнетиктер үшін  ( ). Молекулалық токтардың өрісі сыртқы магнит өрісіне бағыттас болады.
Магнетиктегі қортқы магнит өрісінің индукция векторы
(9.34)
– сыртқы магнит өрісі индукциясының векторы;
– магниттелген заттағы молекулалық токтардың түзетін магнит өрісі индукциясының векторы.
Заттағы магнит өрісінің индукциясы
(9.35)
заттағы магниттік өтімділігі
(9.36)
диамагнетиктер үшін 
парамагнетиктер үшін  .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет