Бақылау сұрақтары:
Азаматтар заңды тұлғаларға көбінесе қандай құжаттар жазады?
Жанрлық стилі және тілдік нормасы нені талап етеді?
«Өмірбаян» деген қандай құжат?
«Өмірбаян» қай кездерде жазылады? 5. Ол қандай тәртіппен жазылады?
Бақылау тапсырмасы: 1.Берілген үлгі бойынша өмірбаяныңызды жазыңыз. 18-сабақ.
4.10.тақырып.Ведомстволық мұрағатқа істерді өткізуге дайындау Істі мұрағатқа тапсыруға дайындауды іс-қағаздарын жүргізуге жауапты тұлға жүзеге асырады.
Жыл бойы жатқан істі олардың құндылығын айқындау үшін сараптау комиссиясы қарайды. Тұрақты жұмыс істейтін сараптық комиссия мүшелері мекеменің білікті қызметкерлерінің ішінен бұйрықпен тағайындалады, оның құрамына тиісті мұрағат органының өкілі кіреді. Тұрақты және ұзақ уақытқа сақтауға және жеке құрам бойынша іріктелген құжат материалдарын мұрағатқа өткізер алдында мекеме оны тәртіпке келтіреді : істің дұрыс қалыптастырылуы тексеріледі, тақырыптары нақтыланады, құжаттар төрт жерден тесіліп, мықты жіппен тігіледі немесе байланады. Металл заттар істен ( түйреуіш, скрепка) алынады. Істердегі парақтарға қара графитті қарындашпен немесе нөмірлегішпен (нуменатор) нөмір жазылады. Аяқталған істің соңында бөлек таза параққа, журналда таза соңғы бетіне жазбаша жазылған растау жазбасы (заверительная надпись) болады.
Уақытша (10 жылға дейін) сақталатын құжат материалдарын скорошивательдерге қалдырады. Егер құрылымдық бөлімшелерге жұмыс үшін құжаттар, істер керек болса, онда уақытша пайдалануға деп істі ресімдейді. Мұрағатқа жұмысы толық аяқталған істер тапсырылады. Ол іс номенклатура бойынша тапсырылады.
Құрылымдық бөлімшелерге жұмыс үшін қажет істер мұрағаттан уақытша пайдалануға берілген сияқты ресімделеді. Іс номенклатурасының не- зінде мұрағат тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттардың жиынтық тізімдемесін жасайды. Тізімдеме мекеменің басшысымен келісіледі және мұрағат органының сараптау-тексеру комиссиясының бекітуіне ұсынылады. Ұзақ мерзімді және уақытша сақтаудағы істер олардың сақтау мерзімі біткенге дейін іс номенклатурасында есептеледі.Жиынтық тізімдемеге енген іске шифр қойылады – істің мұқабасына қордың нөмірі,тізімдеменің нөмірі, тізімдеме бойынша істің нөмірі,байланыс нөмірі жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |