Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет36/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94
Абайдың-таксономиясы

 
 
 
 
 
 
 


75 
 
Үшінші тарау 
АБАЙҒА АБАЙ БОЛАЙЫҚ 
 
Өмір – өзгермелі. Тіпті, шындық, жақсы, жаман деген 
мəңгілік сауалдардың өзі заманмен бірге өзгеріп отырады. Əр 
дəуірдің, əр халықтың, əр ұлттың, əр адамның шаңырақта алған 
тəрбиесіне, мектепте алған біліміне, əлеуметтік ортасына,
атқаратын қызметіне, дініне, туған өңіріне, өмір сүретін табиғи 
ортасына, заманына байланысты туындайтын өз шындығы бар 
екеніне бүгінгі күндері көзіміз жете бастағандай. Кеңестік 
дəуірде қазақтарды жаппай орыстандыру саясаты жүргізілгенде, 
ұлы Абайдың өзі: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, 
ғылым да – бəрі орыста тұр» деген деп, осы сөзді алға тартып, 
ақын поэзиясының қыл үстінде тұрған тағдырының дұрыс 
шешілуіне бірден-бір себепкер болды. Қызықты қараңыз, енді 
тəуелсіздік алғаннан кейін ақынды осы бағытпен ол ұлт ақыны 
емес, «орысшыл» деген атаққа іліндірді. Сонда Абайдың 
«орысша оқу керек» деген бір ауыз сөзі бодандық кезеңде 
біртүрлі, тəуелсіздік дəуірінде басқаша бағаланды. Абайды 
айыптаушылар қазақтың бүкіл шер-шеменін айтқан Дулат, 
Шортанбай, Бұқарларды кемсітті; Абайдың өлеңдерінде, қара 
сөздерінде орыс отаршылдығы, орыстың қазаққа көрсетіп жатқан 
ит қорлығы туралы бір ауыз сөз жоқ; Кенесары-Наурызбай 
көтерілісін қолдамады деген сияқты кінəлар тағып жатқаны да 
жасырын емес. 
«Мен оны ұлы адам деп санамаймын жəне оның бүгінгі 
қоғамда алып отырған орнын мойындамаймын...
 
Абай біздің заманда өмір сүрсе, ары кетсе, атақты блогер ғана 
болар еді» (Нұрлан Байділдə. «Sputnik», 10.10.2020). 
Блогердің бұл пікірін ақын, қоғам қайраткері Мырзан 
Кенжебай қолдап, «Қолдан данышпан жасауға, бір адамға 
табынуға қазақ қана құмар» деген ойын ары қарай төмендегіше 
жалғастырыпты: «Абай ешқандай да Бас ақын емес. Ахмет 
Байтұрсынов айтты екен деп бір адамды бүкіл ұлттың Бас ақыны 
деу əрі күнə, əрі надандық болар еді. Мына тұрған орыс, одан əрі 
неміс, тілі мен діні бір өзбек, əзірбайжан халықтарында Абайдан 


76 
артық болмаса кем түспейтін небір данышпан ақындар бар. 
Парсы, тəжік поэзиясы – əлемдегі ең озық поэзияның бірі. Бірақ 
олардың ешқайсысы «мынау Бас ақынымыз» деп бір адамды ғана 
аспанға көтермейді...
 
Абай дүниеден озғалы 110 жылдан асып кетті. Одан бері 
табиғат өзгерді, қоғам өзгерді, мемлекет өзгерді. Адамның мінез-
құлқы, өмірге көзқарасы, дүниетанымы, т.б. түгел өзгерді, 
дамыды. Оның бəріне Абайды үлгі тұтыңдар деу – барып тұрған 
надандық» («365info.kz»).
 
«Абай біздің заманда өмір сүрсе, ары кетсе атақты блогер 
ғана болар еді», – деп, ақынды өзінің қатарына қосып, айды 
аспанға бір-ақ шығарған блогер жайлы атақты абайтанушы, 
профессор Мекемтас Мырзахметұлы «Бұл жігіт ақша табу 
жолына түскен, ғылыми жағынан надан. Себебі мұндай сөз 
наданнан шығады. Ол Абайды тани алмаған. Егер ол шын 
патриот болса, бұлай айтпас еді. Көп адам Абайды түсіне 
алмайды», – дей келіп, Абайды танудың дұрыс жолы оның 
«толық адам» ілімінде жатқанын көрсетеді: «толық адам» ілімі 
арқылы жастарды тəрбиелей аламыз. Алланың бойындағы сегіз 
сипат адамда да бар, бірақ Алладағыдай толық емес. Сондықтан 
бойымыздағы сегіз сипатты Аллаға еліктей отырып 
күрделендіріп, жөндеуіміз керек. Соған ұмтылуымыз керек. 
«Толық адам» ілімі содан барып шығады... 
 
Біз дүниетануымызды өзгертуіміз қажет. Бұрынғы сүйеніп 
келген материалистік, атеистік жалған ғылым болып шықты. 
Енді оны ұлы сана жолына қарай бет бұруымыз керек. Сонда ғана 
Абай ашылады, сонда ғана Абайды тани аламыз. Қазіргі танып 
келгеніміз философиялық жағынан бəрі жалған болып шықты. 
Ал Абайды əдеби жағынан танып жатырмыз» (сонда).
 
«Менің Абайда «алты аласы, бес бересім» жоқ. Шынымды 
айтсам, қазақтың бір адамды жеті қат көкке көтеріп, Абай, Абай, 
Абай деп, ауыздарын арандай ашып, бір айтқанын мың айтып 
шуылдайтыны жынымды келтіреді. Бұл да – надандықтың, соқыр 
көргенінен жазбастықтың, ақыр соңында қанға сіңген 
табынушылықтың, құлмінездіктің айқын нышаны» («Фейсбук», 
24.02.2020). 
«...Бірақ Абай сын айтуға болмайтын Құдай да, Пайғамбар 
да емес. Ол – екі қайтара болыс сайланып, қазақтың малын, 


77 
мүлкін есепке алып отыратын статистикалық комиссия мүшесі 
болып, Ресей патшалығына қызмет еткен адам. Ол қазақ деген 
дана халық туралы бір ауыз жылы сөз айтпаған, керісінше, екі 
сөзінің бірі – қазақты қорлау. Оның қазақты қорлаған сол 
сөздерін орыстар да өзгелер де сенің Абайың сөйдеген деп, қазір 
де бетімізге басып жүр» («Фейсбук», 08.03.2020), – деген сияқты 
пікірлер де айтылып жатыр.
 
Осы сияқты пікірлер хақында кезінде Ақселеу Сейдімбек 
мынадай пікірін білдірген екен: 
«Абайда мынадай сөздің бары рас: «Орысша оқу керек, 
хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыста тұр».
 
Осы сөзді қолданушылар Абайдың есімін бетке ұстап, 
орысшыл болу керек дейтін ниетті өзеурей насихаттап жүр. 
Ондайлар бара-бара «өз тіліңді білмесең де, орыс тілін біл» де-
ген пиғылын көлденең тарта бастағандай. Мұндай сорақылықты 
қазіргі саясат аңшының итін сипағандай еркелететін болып алды. 
Бұларға бүтін дүниетаным, бүтін тұлға керек емес. Керек болса, 
сол Абайдың келесі сөзін оқыр еді ғой. Келесі сөзі былай: 
«Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, 
ғылымын білмек керек». 
 
Қандай «зарарынан қашық болуымыз керек? Мұны ойлап 
жүрген де ешкім көрінбейді, ойлауға мұрша беретін заман да 
байқалмайды» [3, 593]. 
Абайды айыптаушылар мына бір жағдайларды да ескермей 
жүр. Сол кездегі тарихи жағдайда қазақтарға отаршыл болғаны-
мен де орыстан басқа жақтан білім-ғылым үйрену мүмкіндігі 
жоқтың қасы еді. Қазақ даласындағы медреселерде көбіне мұ-
сылманшылық негіздері оқылды. Қазақ даласындағы алғашқы 
зайырлы мектепті ХIХ ғасырдың ортасында Ыбырай Алтынса-
риннің Торғайда ашқаны белгілі. Міне, осындай тығырықты 
жағдайда Абай орыстың тілін, білімін, ғылымын үйрен деуге 
мəжбүр болумен бірге «Зарарынан қашық болуға, пайдасына 
ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек» деп те ес-
кертіп отырғаны көп нəрсені аңғартса керек. Оның үстіне екінші 
қара сөзіндегі «Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі қадарлы 
да жоқпыз» деген сөзді жетіскендіктен айтып отырмағаны да 
түсінікті.
 


78 
Əртүрлі пікірлердің айтылып жатуы – демократиялық 
қоғамда ой еркіндігінің басты көрсеткіші. Десек те мына бір 
нəрсеге назар аударғанды жөн көреміз: кезінде Абай барынша 
сынаған қазақтың бойындағы кертартпа жағымсыз қылықтардан 
əлі күнге дейін арыла алмай келе жатқанымыз – өмір шындығы. 
Заман өзгерсе де осы бір «надандық» қалыптан қалай шығудың 
жолдарын көрсетіп берген ұлы Абайдың ғибратты ойлары күні 
бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін жоймай, керісінше, өткірлене 
түсуде.
 
Керек десеңіз мына өмірде кемшіліксіз нəрсе жоқ. Өмір 
дегеніміз қарама-қайшылықтардан тұратындығы сияқты кез 
келген адамның, кез келген ұлттың бойында болатын кемші-
ліктер де жеткілікті. Мəселе сол кемшіліктерді көре білуде, жоя 
білуде жатыр. 
Ұлтының бойындағы осындай кемшіліктерді алдымен, көре 
біліп, аһ ұратын да, соларды жоюға шақыратын да ақындар, 
жазушылар. 
Қазақ əдебиеті классиктерінің бірі Ғабит Мүсірепов 
кезінде қойын дəптеріне: «Туған елін ең жақсы көретін адам 
елінің ең бір болымсыз кемшілігіне де ең қатал сын айту керек. 
Əттең, соны біз істемей отырмыз» [4, 109], 

деген қанатты сөз 
жазып, қалдырған екен. 
Мұндай əрекеттер ұлтын шексіз сүйе 
білген ұлыларының ғана қолынан келеді. Мысалы, орыс 
халқының бойындағы кемшіліктерді А.М. Горькийден батырып, 
жеріне жеткізе айтқан адам жоқ. Сонда да оған бір орыс 
М.Горький орыстарды жек көреді екен деп, оны күналаған жоқ. 
Керісінше, орысқа жаны ашығандықтан күйіне айтқан орыстың 
нағыз патриоты, жанашыры деп бағалады.
 
Ұлылар екі түрлі болады: ойшылдар мен көсемдер. Ой-
шылдар таза ой еңбегімен айналысып, адамның бақытты, 
халықтың тыныш өмір сүруіне көмектесетін ойларын еліне 
ұсынып отырады. Өзі тіршіліктің жақсы да, жаман жақтарын да 
көп көріп, таяқ та жеген, өмірдің ащысын да, тұщысын да көріп, 
қинала жүріп, биіктерге шыққан, өмірлік, білім, тағлымдар алып, 
қорытылған ойларын идея ретінде ұсына білгенімен де сол 
ойларын жүзеге асыруға келгенде, епетейсіздеу, тіпті қолынан 
келмеуі де мүмкін. Ойшылдар көбіне гуманистік ойлардың 
жетегінде жүрсе, ұлттың, халықтың намысын жыртып, сөзін 
сөйлеп, кегін қайтаратындар, абыройын асырып, биіктетіп, қол


79 
бастайтындар қайтпас-қайсар, батыр-шалыс, өр мінезді келеді. 
Бұл жерде ойшыл Абайдың ұлт-азаттық күреске шығып, сол 
кездің тарихи жағдайында күшпен жеңіске жетудің мүмкін 
еместігін біле тұра, Кенесары-Наурызбай қозғалысына қарсы 
шықпағандығын түсінуге болады. Өйткені қолыңнан келмеске 
ұмтылу – жеңіліс. Оның үстіне гуманистердің, мұсылмандардың 
қантөгіске шақырмайтындығы, қарсы екендігі, мұндай қиын жағ-
дайлардан шығудың бейбіт жолдарын іздейтіндігі де есте болып, 
иманды Абайдың сол кездегі саяси-əлеуметтік жағдайда бола-
шақ қазақ үшін бірден-бір дұрыс бағытты көрсете білгеніне назар 
аударған жөн. Абайдай ұлы тарихи тұлғаға артық-кем кетпей, сол 
кездің тарихи жағдайы, ол бізге, бүгінгі күнгі қазаққа несімен 
қымбат тұрғысынан бағалауымыз керек.
Тағы бір бəріміз мойындайтын мəселе – Абай да ет пен 
сүйектен жаралған пенде. Идеал адам біздің миымызда ғана. 
Өмірде бəрі – басқаша, тіпті керісінше. Өмір дегеніміз – тұнған 
қайшылықтар. Əр адам заманына қарай бейімделіп, өмір сүре 
алады. Өмірге бейімделе алмай, қиындықтан алып шығар тура 
жолды көре алмай, көрсе де халқының жарқын болашағы үшін 
қайтпас-қайсар мінезімен заманына ашық қарсы шыққан 
қаншама арыстарымыздың опат болғанын тарихтың сарғайған 
беттерінен енді оқып жатырмыз.
Демек, кез келген адамның бойында да осындай қайшылық-
тардың, тіпті, пендешіліктердің болуы да – диалектиканың заңы. 
Абайдың кезі түгілі, қазіргі заманның өзінде де адамның адам 
болып өмір сүруінің өзі сын болып жатыр; Шыңғыс Айтматов 
айтқандай, «адам қайткенде, адам болып қалады?» деген сауал 
бұрын да, бүгін де күн тəртібінен түспей өткір тұр: «Адамдық 
жаратылыстың табиғатына – сүріну, құлау, құлдырау, шарықтау 
арқылы, дəуірлеудің қайта өрлеуі, күнəлар мен өкініш-опы-
ныстар арқылы кемелдіктің биіктеріне талпыныс тəн». 
 
Ары бармай-ақ, ұлт мақтанышы деп жүрген не бір азамат-
тарымыздың өзі күні кешегі Желтоқсан көтерілісінің кезінде-ақ 
сыр беріп қалғандығын жасыра алмаймыз. Өмірде сайрап жатқан 
тура жол жоқ. Халқым деген нағыз ұлтжанды азаматтар басын 
бəйгеге тігіп, елі үшін нар тəуекелге барады; адасады; адасып 
жүріп, ұлтының өсіп-өркендейтін бірден-бір сара жолын табады. 
Иə, өмір жолы – осындай. Өмірде таза алтынның болмайтыны 


80 
сияқты, аяғын шалыс баспайтын адам да жоқ. Бар мəселе сол, 
байқамай шалыс басып кеткен аяғын дер кезінде тартып алып, 
мұны өмірдің ескертуі, сабағы ретінде ұғынып, тура жолға 
түсуінде жатыр. Сондықтан да басты мəселе Абай бізге несімен 
қымбат деген сауалға қазақтың көзімен қарап, дүниетанымымен 
келгенде ғана дұрыс жауап ала алатынымыз əрдайым есте 
болғаны жөн. 
Қазақ даласындағы қарама-қайшылықтардың барынша өріс 
алған қилы заманда өмір сүрген Абай «Өлсем орным қара жер 
сыз болмай ма?» атты өмірмен қоштасу, кейінгілерге өсиет 
мазмұнды өлеңінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет