Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет59/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94
Абайдың-таксономиясы

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


192 
Жетінші тарау 
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
БЕРНЕЛЕУ МЕН БЕЙНЕЛЕУ: ҚАБЫЛДАУ, ТҮСІНУ, 
ЗЕРДЕЛЕУ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы шығармаларын-
дағы бернелеу мен бейнелеу, қазіргі əдеби терминология 
бойынша символ жəне метафора жөнінде айтқанда, ақынның 
жекелеген туындылары, жеке образдар мысалында ғана емес, 
тұтас көркемдік əлеміне тереңінен бойлай отырып, жалпы 
шығармашылығының контексінде алып қарастырған жөн деп 
санаймыз. Себебі Абай əлеміне зер салып қарағанда ұлы 
ақынның əдеби-көркем əрі философиялық шығармашылығы 
өзара сабақтастасқан көркем бейнелер мен бернелер жүйесінен 
құралғанын байқау қиын емес. Осы жүйенің ажырамай, бірін-бірі 
толықтырып, бірінен бірі өрбіп отыруы Абай шығарма-
шылығына концептуалды тұтастық дарытады. Ақын тудырған 
берне-символдардың беріктігі мен тереңдігі уақыт өткен сайын 
Абай сөзінің өзектілігі мен өміршеңдігін арттыра түспек. Замана 
жылжыған сайын Абай сөзін қабылдау, түсіну, зерделеу үдерісі 
де əр бағытта дамып, жаңғырып отырады. 
Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы бейнелеу (метафора 
– А.Байтұрсынұлы осылай атаған) жəне оның түрлері туралы 
əдебиет зерттеушілері айтып жүргені белгілі, ал ақын 
поэзиясындағы бернелеу (символ) жөнінде ара-тұра аталып 
өткенмен, тереңірек, жан-жақты танытылмай келеді. Ал 
шындығына келгенде, біздіңше, ұлы Абайдың шығармаларында 
бұл екі көркемдік əдіс аса жиі кезігеді əрі олар өзара сабақтасып, 
ақынның концептуалдық идеяларын аша түседі. Басқаша 
айтқанда, Абай метафоралары ол тудырған символдармен тығыз 
байланыста көрінеді, бірінен бірі туындап, біріне-бірі ұласады. 
Осылайша, жоғарыда айтқанымыздай, ақынның бүкіл шығар-
машылығында түрлі образдарбен өрілген, авторлық идеяны 
танытатын бейнелер мен бернелер жүйесі түзіледі. Сондықтан да, 
біз өз зерттеуімізде Абай шығармаларындағы бейнелеу мен 


193 
бернелеуді қатар алып, ерекше салмақты да өзекті көркемдік 
категориялар ретінде тығыз байланыста қарастырамыз.
Алдымен, осы аталған екі көркемдік құралдардың өзара 
байланысы мен айырмашылығына аздап тоқталып өтсек. 
Құбылту түрлерінің ішінде метафора мен символдың поэ-
тикалық мəні де, қызметі, күші мен əсері де басқа көркемдік 
құралдарға қарағанда терең болып келеді. Бұл орайда, ең 
алдымен, Ахмет Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқышында» 
айтылған «тіл көрнектілігі» əдістерін негізге аламыз. Осы 
зерттеуінде ғалым «бейнелеу мен бернелеу» пəнсөздерін алғаш 
атап, оны ғылыми негіздеп береді:
а) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет