Таланттар



бет71/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   151
Таланттар

ҰЛ МЕН ҚЫЗ

Өздерінің ұл мен қыз айырмашылықтарын сезінуі балаларда бесінші сыныпта анық байқалады. Ұл мен қыздың бір-біріне көңіл аударуы шашынан тарту, түртіп кету, бір нәрсесін тартып алып жылату, сөмкесін тығып қоюдан көрінеді. Осы жағдайларда жазғыруға асықпай, түсіністікпен қабылдасаң, өзінен-өзі орнына келеді. Бірақ олардың бір-біріне деген сый-құрметін осы кезден тәрбиелеу дұрыс. Байқасақ, оны балалардың өздері-ақ сездіреді екен.


Біздің сыныпта соңғы кезде киім кию, отырыс-тұрыстан сылбырлық байқалып жүрді. Әнеу күні бір әдемі қыз екі-үш күн қонаққа келгенде бір өзгешелік байқалып еді. Қазір қуанышты ештеңе қалмағандай, жинақылық жоқ. Бір кезде Мұрат мырза айтты:
– Алма бибі, қыздармен бірге отырайықшы, – деді. Келіспей қала ма деген оймен: «Сөйлеспей отырамыз!» – дегенді қосып қойды.
– Кіммен бірге отырғыңыз келеді?
– Данамен отырайын.
Бір риза болғаным, «О,о, қызбен отырамын» дейді, – деп мазақтаған ешкім болған жоқ. Аздан соң жеңіл шу болып кетті. Тағы біреу ол да қызбен отырғысы келетінін білдірді. Қыздар аса қарсы болған жоқ, тек қызға тән сыпайлықпен: «Онда кімнің-кіммен отыратынын өзіңіз айтыңыз», – деп рұқсат берді.
Мен мырзаларға бір шарт қойдым: Қыздар ірге жақта, жігіттер шет жақтан отырсын. Қыздарға әрқандай жағдайда көмекке келуге дайын болсын. Қаламы түсіп кете ме, тақта сүрту керек бола ма, сырт киімін ілу ме? Қыздардың сырт киімін ілгішке апарып іліп келсін. Кезекшілігі болса, шүберегін сулап бере салсын т.б. Қыз балаға бет-аузын айғыздап жылаған жараспайды, бірақ алда-жалда көңіл күйі бұзыла қалса, халін сұрап, көмекке келсін, тағы-тағылар.
Жігіттер өз міндетін шуласа анықтап алған соң, қыз бен ұл болып бірлесіп отырды. Сабақ үстінде байқалды, бір-екі түсіп кеткен қаламды жігіттер көтеріп, әперіп жатты. Қуақы біреуі: «қасы-қабағыңды бағып отырмын» дегендей, қасындағы бикештің бетінен көз алмай қарап қалып еді, бикешіміз қып-қызыл болып кетіп: «Әрі отыршы», – деп қояды. Сабақтың соңына дейін қыздар, байқатпай ғана, біртіндеп сырт киімдерін тастап, шаштарын жөндеп, сипаланып шыға келді. Жігіттер де үлкен жауапкершілікке ие болып, маңғаздау, салмақты күйге түсті. Отбасын, бала-шағасының жауапкершілігін қайыспай көтеретін, жарын сыйлайтын жігіттерді осылай тәрбиелеу керек шығар.


ҰРЛЫҚ

Мектебіміздің ашылған алғашқы күні, 1993 жылғы қыркүйектің 6-сында, сылдыр үнімен балаларды қуантып, дүниеге жаңа бір мектептің келгенін хабарлаған – мыс қоңырау. Бұл қоңырау ғасырымыздың басында жасаған нағашы атамыз Ысқақ молданың ұстап-тұтқан заты екен. Сары ала сандықтың түбінде жатқан осы қоңыраудың даусы аталардың үніндей естіліп, ырым көрдік. Балалар қызығып, қолдан-қолға тигізбей, сылдыратып жүруші еді. Бір күні ғайып болды. Сабақтың басталғанына бір-ақ ай өткен.


Бұл – біздің мектебіміздегі бірінші ұрлық. Алғашқы ойға келгені: сырттан келген біреу алды дедік. Бұл көңілсіз жағдайды балаларға хабарладық. Қоңыраудың жоғалғанын жаман ырымға жорығысы келмесе де, мұғалімдер мұңайып қалды. Жайсыз хабар оқушылар арқылы үйден-үйге тарап кетті. Мақтаған мектебі осы ма дегендей, пенделіктің де жылжи жорғалап жүрмесіне кім кепіл? Жаңа мектепке сыншы көп.
«Жығылған үстіне жұдырық», екі-үш күн өткен соң, бір оқушының шешесі келді: «Бұрын 300 баланың ішінде жоғалмайтын кепкі жоғалды», – дейді. Қоңыраудың жоғалғанын естіп келген сияқты. Мұғалімнен оқушылардың сөмкесін қарауды талап етіпті.
Бұл оқиға көп уақыт өткен соң еске алуға оңай болғанымен, әжептәуір есеңгіретіп тастады. Бүкіл үмітімізді жоққа шығарғандай. Мұғалімдер «Шынында, ішімізде ұры жоқ па екен?» дегендей сескене қарап қалғанда, есін жиған Ләйла бике болды.
– Қой, сөмке қарау деген не сұмдық?
Әңгімені ары қарай өрбітпедік, сол жерде қала берді. Тағы екі-үш күн өткен соң, жоғалған кепкіні кітап сөрелерінің үстінен тауып, Фарида бикенің қуанышы қойнына сыймады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет