Таланттар



бет80/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   151
Таланттар

ҚОШ, АУРОБИНДО!

1996 жылдың қысын өте ауыр өткіздік. Орталық жылу жүйесінен мектебімізді кесіп тастады. Көрші мектепте бар, бізде жоқ. Трубалар жарылып кететін болған соң, суды ағызып жіберуге мәжбүр болдық. Аядай оқу бөлмелеріне электр пештерін қойдық. Сыртқы есіктен бірден лап берген суық фойеде тек сырт киіммен жүруге мәжбүр ететін. Балалардың тамағы ауыра бастағаны байқалды. Аудандық әкімшілікке, жылу бөліміне сан рет барып, мәселе көтеріп бақтық. Жекеменшік мектеп жылуға өзі төлесін дегеннен басқа ештеңе ести алмадық. Ауыл күннен-күнге құлдырай түсті. Баланы бір ай оқытқанымыз үшін 400 теңге төлеудің өзі қиынға соқты. Қазақ мырзалардан қайран болмады. Сонымен мектептің алдағы жылы жұмыс істей алмасы мәлім болды.


Индияда бір Ауробиндо дейтін ауыл бар. Оған дүниенің түпкір-түпкірінен адамшылық іздегендер келеді. Айналадағы бәрін ақшамен өлшейтін азған тіршіліктен безгендер, сол ауылға мүше болып кіру үшін хат жазып, кезекке тұрады. Алғаш үш ай сынақтан өтеді, оған шыдағандар бір жылға қалдырылады. Кейбір романтика іздегендер шыдас бере алмай қайтып та кетеді.
Ауробиндода өмір ауыр. Бәрін тек адал еңбекпен, өз қолымен жасайсың. Жер жыртасың, дән себесің. Бәрі алақандағыдай. Біреуді біреу қорлауға, алдауға тыйым салынған. Еңбексіз төбеге шығуға жол жоқ. Онда тұру қайнаған алдамшы өмірден «адамдық аралына» кету сияқты. Адамдық аралын бұрын-соңды талай данышпандар іздеген. Асан қайғының «Жер үйегі», Платон, Фараби, Кампанелланың «Кемел мемлекеті», Сұлтанмахмұттың «Адасқан өмірдегі» әділетті қоғамы соған саяды. Онда:

Ол өмірде бірді-бір алдау болмас,


Арды ақшаға жағынып жалдау болмас,–

демеуші ме еді. Тіпті «коммунизм» идеясы да осыдан шыққан ғой дейміз. Қысқасы, адам кемелдікті аңсаумен келеді. Бүкіл қоғамды, ондағы бар адамды бірден жөндей алмайсың. Бір тамаша ағаш өсіріп, оның кемел жемісінен таңырқата татқызсаң да аз емес.


Біздің мектебіміз де оқудағы әміршілдіктен ығыр болған жандардың Ауробиндосы еді. Бала үшін де, мұғалім үшін де, жанға жайлы орта жасамақ болдық: Мың күнге татитын аз күн тіршілік бар. «Мың күніме татиды өзіңмен өткен бір күнім», – дейді халық өлеңінде. Мектебіміздің 3 жылдық өмірін өз ғұмырымның ең бір мағыналы күндеріне балаймын. Біздің ең үлкен қателігіміз – ауыл үшін қайырымдылық мектеп жасаймыз дегеніміз. Ауылдың қүрт құлдырап кетуі, керексіз болып қалуы бұл мақсатты күл-талқан етті. Бәлкім, уақыттан ерте туған шығармыз.
Қош, Ауробиндо! Мүмкін, бір кезде күнкөріс кіріне көкірек толып кетсе айналып, саяңа келермін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет