Таланттар



бет81/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   151
Таланттар

КҮНДЕЛІКТЕН ҮЗІНДІЛЕР

1. Бүгін Жандосов мектебінде бірінші сабағым болады. Таңертеңнен көп ойланудамын. Мектеп оқушысы студент емес. Қызықтыра алмасаң, ұялтып тыныштандыра алмайсың. Онда бір-ақ жол қалды: Олардың күнделікті өмірін қажытқан – ұрысу. Сол деңгейге түсетін болсақ, несіне әуре болып жүрмін. Жаңа мектеп ашамын дегендегі ойым да ұлттық мектеп өміріне жаңа бір тамшылар қосу емес пе?


Бірінші сабағымның атын «Адырна және Әліпби» деп қойдым. Қызыққан мұғалімдер, ата-аналар да қатыспақшы. Халқымыздың азып-тозғаны сондай – өзіне өз ұлтының мәдениетін оқыту керек. «Адырна» деген сөздің мағынасын да білетін қарапайым қазақ аз қалды ғой.
2. Үйге осы ауылдың мектебінде оқитын Ғ. деген бала келіпті. Оның өзі әдейілеп келгенін көргенде, әкем келгендей қуандым.
Кешкі ымыртта терезе тырс-тырс етеді. Қарай қойсам, біреу терезені ұрады да, еңкейіп тығыла қалады. «Бұ несі?» – деп Бұланды жібердім, артынан өзім шықсам, Ғ. екен.
Бұл баланың аты ауылға белгілі: «жынды», «ең нашар оқушы». Мұғалімдер ұрысып та жатады, балалар ұрып та жатады, әбден қадірі кеткен. Егер интеллектісі жоғары бала болса, мұндай қорлауды көтере алмай, өліп те кетер ме еді! Ғ. болса, өз тіршілігін мойындап, көніп алған. Сөйлеуі төменгі сынып оқушысының дәрежесінде, ой-өрісі дұрыс тәрбие болмағандықтан өспей қалған. Барақ, естуімше, жақсы қасиеттері бар: адал, жасырын домбыра тартады, су толтырылған шелекті көтеріп жаттығады. Өз бетінше кісіге тиіспейді, бірақ балалардың мазағынан мезі болғанда, оларды қосақтап ұрып жібереді. Бір орнында екі жыл қалған. Байғұс бала қатарынан ересектеу мұғалім ұрып жатқанда, қайырып қойған шашының жатықтығын бұзып алмайын деп, қолымен қайырмалап сипалап жатады. Оның әбден қорланған адамдық келбетінен өзіне қалғаны сулап, тарап жүретін осы шашы ғана. ...................................................................................................


Бүгін, міне, 1995 жылдың 4 мамыры. Күнделікті бастаған 1992 жылдан бергі аласапыран үш жыл өтіпті. Бүгін бір көңілде сенім пайда болған, ісім нәтиже берген күн. Ал үш жыл бұрын не боларына анық көзім жеткен жоқ еді.
Алғаш бір жыл бойы жанымдағы мемлекеттік мектепте «Қазақ мәдениеті» деген сабақты аптасына төрт сағат тегін оқыттым. Қандай талапты балалар бар екенін, қандай жақсы мұғалім бар екенін білдім. Мектептің ішкі өмірі қандай екенін елестеттім. Бұл да бір пайдалы уақыт болды. Келесі жылы, яғни 1993 жылы көктемде аудандық әкімшілікке барып мектеп ашу туралы ұсынысымды айтқанда, артымнан: «Бұл кісі кім өзі? Ақыл-есі түгел ме?» – деген пікірлер айтылыпты. Жалпы, ақыл-есіме деген күмән көпке дейін сақталып келді. Олардың түсіне алмайтыны – материалдық пайдасы жоқ жұмысты істеймін дегенім. Мүмкін, Алматыда университеттен қуып жіберген шығар деп те ойлайды. Ол жақта қадірлі болса, ауылға келіп неге мектеп ашпақшы? – дейді. Әйтеуір, себебін түсіне алмай, бастары қатты.
Енді, құдайға шүкір, сол арпалысқан екі жыл артта қалып, біраз нәтижеге жеттік.
Бүгін оқып отырсам, М.П.Щетинин де былай жазыпты: "Жұрттың өзіңді дұрыс түсінуінің қандай қиынға түсетінін мен сол жылдары тұңғыш рет сезіндім" (Педагог жазбалары. А.: Мектеп, 1985. 13-б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет