«Тамақ өндірістерінің технологиясына кіріспе»


Рефрактометрия және поляриметрия



бет12/48
Дата06.09.2023
өлшемі0.94 Mb.
#476730
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
file-8164 (15)

2.2 Рефрактометрия және поляриметрия

Рефрактометрияоық және поляриметриялық оптикалық әдістер тамақ өнімдерін талдау тәжірибесінде кеңінен қолданады.


Екі орта бөліктерінің бетінен өткенде жарық сәулесі бастапқы бағытынан ауытқиды, басқаша айтқанда жарық сәулесі сынады. Ауытқу бұрышының өлшемі ортаның концентрациясына және температурасына байланысты болады. Құлау және сыну бұрышы арақатынаспен байланысты, ол сыну көрсеткіші деп аталады. Рефрактометрия сыну көрсеткіштерін өлшеуге негізділеген.
Кейбір заттар оптикалық белсенді болады. Олар полярленген сәуле жазықтығының айналдыруға қабілетті. Полиметрия әдісі полярленген сәуле бұрышын анықтауға негізделген.


Рефрактометрия

Егер монохроматикалық сәуле А екі ортаның бөліктерінің бетінен өтсе, онда жарықтың бір бөлігі екінші бөліктің бетінде шағылысады, басқа бөлігі В басқа ортадан бағытын өзгертіп өтеді (2.1 сурет). Бұл монохроматикалық жарықты бөлігін сынған жарық деп атайды. Жарықтың сынған сәулесі Снелль заңында жазылған:


(2.1)
мұнда α – құлау бұрышыугол падения, град;
β – сыну бұрышы, град;
n1, n2 – 1-ші, 2-ші ортаның сыну көрсеткіштері.

Сурет 2.1 – Жарық сәулелерінің сыну сұлбасы


Рефрактометрия әдісі сыну (рефракция) көрсеткіштерін анықтауға негізделген. Сыну көрсеткіші ерітіндінің температурасына және концентрациясына, өтетін жарық толқының ұзындығына басланысты.


Сыну көрсеткіші температура сияқты факторға байланысты, сондықтан рефрактометрлік өлшеулерді 200С температурада өткізу керек. 200С температурадан ауытқып кетсе сәйкесінше температуралық түзетулер енгізіледі.
Сұйық заттар және ерітінділердің сыну көрсеткіштерін анықтау үшін рефрактометр деп аталатын аспаптар пайдаланады. Көптеген рефрактометрлерде зерттелетін зат екі призманың (екі жарты призма) арасына салынады. Призмадан өткізілген жарық орта бөліктерінен (призма-зат) сынып немесе шағылысып жарық және көлеңке шекарасын анық көрсетіп шкаланың бір бөлігіне ғана жарық түсіреді. Шкаладағы бұл шекара зерттелетін заттың толық ішкі шағылысу бұрышына байланысты. Шкалада толық ішкі шағылысу бұрышының әртүрлі мәндеріне сәйкес келетін сыну көрсеткіштері көрсетілген.
Шикізаттың және дайын өнімнің құрамдық бөліктерін анықтау үшін әртүрлі рефрактометрлер ИРФ-454, ИРФ-464 және т.б. пайдаланады.
Барлық өлшеулер жарық жерде өткізіледі. Тұнық орталардың сыну көрсеткіші өтетін жарықта, жартылай тұнықтарда шағылысқан жарықта анықталады.
Рефрактометрияны әртүрлі өнімдерде көмірсулар концентрациясын, құрғақ заттардың массалық үлесін анықтағанда кең қолданылады. Осы әдіспен тамақ өнімдеріндегі майды сандық анықтау, тамақ өнімдерін өндіру (кондитерлік, сусындар, консервілердің кейбір түрі және т.б.) үрдісінде әртүрлі фазалық бақылау үшін қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет