«Тамақ өнімдері өндірісіндегі ғылыми зерттеу негізідері»



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#124514
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

УМКД

УМК 042-14-1-03.01.20.50/03-2009



«Тамақ өнімдері өндірісіндегі ғылыми зерттеу негізідері» пәннің оқу-әдістемелік материалдары

№1 - басылым,

«___» _____ 2009 ж.


«Тамақ өнімдері өндірісіндегі ғылыми

зерттеу негіздері»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050727 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»

мамандығы үшін




Оқу-әдістемелік материалдары


Семей,

2009


Мазмұны




Глоссарий

3



Дәріс оқулар

3



Зертханалық сабақтар

17



Тәжірибелік сабақтар

41



ОСӨЖ және СӨЖ тақырыптарының тізімі

44



Емтихан сұрақтарына қосымша сұрақтар

45



Әдебиеттер

46


1 Глоссарий
ҒЗЖ - ғылыми-зерттеу жұмысы

ММ – математикалық моделдеу

ҒА – ғылыми ақпараттар

ЭН – экспериментті нәтижелер

ТТ – теориялық талдау

ПТ – тәжірибелік талдау

ӘШ - әдеби шолу

ҒЗ – ғылыми зерттеу

ТЭН – техника-экономикалық негіздеме

РПТНБ – республикалық патенттік-техникалық

ғылыми кітапхана

ЭТ – экономикалық тиімділік

ОӘК - әмбебап ондық классификация



  1. ДӘРІС оқулар

Дәріс № 1, 2

Тақырыбы: Ғылыми зерттеу (ҒЗ) негіздері.


  1. Ғылыми зерттеу бағыттарын таңдау.

  2. Ғылыми тақырыптарды таңдау көзі.

  3. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері.

Ғылыми зерттеу бағыттарын таңдау.

Ғылыми зерттеудің мақсаты – жанжақтылық, объектісі, үрдісті және құбылысты тыңғылықты зерттеу; оның құрылымын, байланысын және қатынасын ғылымда жетілдірілген принциптер мен меңгеру тәсілдері негізінде, сонымен қатар адам үшін қажетті нәтижелерді алу және өндіріске (тәжірибеге) енгізу.

Кез-келген ғылыми зерттеу өзінің объектісі мен пәніне ие. Ғылыми зерттеу объектісі - материалды немесе өзіндік жүйесі болып табылады. ҒЗ пәні бұл жүйенің құрылымы, жүйе ішіндегі және одан тыс элементтердің бір-біріне әсерінің заңдылықтыры, дамуы әртүрлі қасиеті, сапа және тағы басқа заңдылықтар.


ҒЗ қоғамдық өндіріспен байланыс түрі бойынша және халық шаруашылығы үшін маңыздылық дәрежесімен, тұтас мақсатта белгіленуімен; қаржыландыру көзімен және зерттеу ұзақтылығымен жіктеледі.

Тұтас мақсатты белгілеу бойынша ғылыми зерттеудің үш түрін ажыратады: іргелі (фундаменталды), қолданбалы және жетілдіру.

Іргелі зерттеу жаңа құбылысты зерттеуге және алуға, табиғаттың заңдылықтарын, зерттеудің жаңа үрдістерін жасауға бағытталған. Бұның мақсаты болып, қоғамның ғылыми білімін кеңейту табылады.

Қолданбалы зерттеулер табиғаттың заңдарын жаңа құралдар мен әдістер жасау үшін және бар құралдарды одан ары жетілдіру үшін бағытталады. Мақсаты болып – іргелі зерттеу нәтижеснде алынған ғылыми білімді адамның тәжірибелік шығармашылығында қалай қолдану керектігі жайында.

Қолданбалы зерттеу нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік қалыптасады. Қолданбалы зерттеу ізденіс ғылыми-зерттеу және тәжірибелі- құрастыру болып үшке бөлінеді. Іргелі және қолданбалы зерттеу нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми техникалық ақпарат қалыптасады.

Әр ғылыми зерттеу жұмысын нақты бір бағытқа жатқызуға болады. Ғылыми бағыт ғылым немесе ғылыми кешені негізінде түсіндіріледі, яғни зерттеу жүргізілетін төңірігіне байланысты. Осыған байланысты: техникалық, биологиялық, әлеуметтік, физика-құрылымдық, тарихи және тағы басқа ажыратылады.

Техникалық бағытқа – техникалық-жылудинамика төңірігіндегі зерттеуді; биологиялық бағытқа – биохимиялық немесе гендік инженерия төңірегіндегі зерттеуді жатқызуға болады. Сонымен ғылыми бағыттың негізгі арнайы ғылым немесе арнайы ғылымдар қатары саналады.

Ғылыми зерттеудің құрылымдық бірлігі болып кешенді мәселелер табылады: мәселелер, тақырыптар және ғылыми міндеттер. Кешенді мәселе өз алды мәселенің өзіндік құнын көрсетеді, бір мақсатта біріккен; мәселе бұл күрделі теориялық және тәжірибелік тапсырманың өзіндік ұйлесімділігі, олардың шешімі қоғамда жетілдірілген мәселе әлеуметтік аумақта, ұлттық, салалы, салааралық болуы мүмкін. Бұл пайда болған тапсырманың аумағына байланысты. Сонымен ғылым – табиғат туралы, қоғам туралы және ойлау қабылеті туралы жаңа білім алуға бағытталған зерттеу жұмыстарының аймағы. Қазіргі қоғамда ғылым мен техниканың әсері өте жоғары. Ғылым нарықтық экономика жағдайында қоғамдағы өндіргіш күшке айналды. Ғылыми-техникалық прогресс өнеркәсіптің бар саласында – медицинада, транспортта, байланыста, тұрмыста-үлкен өзгертуші күшке айналды. Ғылымды жіктеу – олардың өзара байланысын белгілі принциптер негізінде көрсету, олар зерттейтін материалдық өмірдің объектілерін анықтау. Мысалы, техникалық, табиғаттану, қоғамдық және философиялық ғылымдар.

Ғылыми тақырыптарды таңдау көзі.

Ғылыми зерттеудің тақырыбы мәселенің құрама бөлігі болып табылады. Тақырып бойынша зерттеу нәтижесінде мәселенің бір бөлігін қамтитын ғылыми сұрақтың нақты шеңберінде жауап алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет