«Тамақ өнімдері өндірісіндегі ғылыми зерттеу негізідері»


Ғылыми міндеттер әдетте ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына қатысты ғылыми тапсырмалар түсіндіріледі



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#124514
1   2   3   4

Ғылыми міндеттер әдетте ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына қатысты ғылыми тапсырмалар түсіндіріледі.

Ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдау кезінде бағытталған мәселені талдау негізінде қалыптасады, және жалпылама түрде күтілетін нәтиже анықталады. Содан кейін мәселенің құрылымы жетілдіріліп тақырыптар, міндеттер, өндіріске енгізулер мен әксперименттік бағыттары тұрақтандырылады.

Мәселенің негізін қалағаннан кейін және құрылысын тұрақтағаннан кейін ғылыми зерттеу тақырыбын анықтайды. Яғни ол өзектілігін (маңызды, тез арада шешуді талап ету), ғылымға пайдалы жаңалық енгізу, халық шаруашылығы үшін экономикалық тиімді болуы керек. Сондықтан тақырыпты таңдау арнайы техника-экономикалық есептеулер жүргізілуі қажет.


Тақырыптың маңызды сипаттамасы болып алынған нәтижелерді өндіріске жылдам енгізу мүмкіндігі табылады.

Тақырыпты таңдауға белгілі мамандық бойынша отандық және шет елдің әдебиет көздерімен түпкілікті танысуымен жүргізілуі қажет.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері.

Ғылыми-зерттеу жұмысы белгілі тәртіппен орындалады. Алғашқыда мәселемен толық танысу нәтижесінде тақырыптың өзі қалыптасады. Яғни осының шеңберінде зерттеуді және жоба алдындағы негізгі құжат техника-экономикалық негіздемені (ТЭН) жетілдіруді орындау күтіледі. Тек осындай негіздеменің негізінде тақырыпты тапсырушы тарапынан ары қарай жобалау және қаржыландыру мүмкін болып табылады.

ТЭН тақырыбының бірінші тарауында жетілдірудің себебі, қысқаша әдеби шолу, яғни онда зерттеудің жеткен деңгейі және бастапқы алынған нәтижелер жазылады. Ерекше көзқарас әлі де шешілмеген сұрақтарға, негіздемеге, елдің халық шаруашылығы мен саласы үшін жұмыстың өзектітілігі мен маңыздылығына бөлінбейді. Мұндай шолу зерттеудің кезеңдері мен тапсырмаларын шешу тәсілдерін белгілеуге, тақырыптың соңғы мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

ТЭН-ді құрау сатысында күтілетін ҒЗЖ нәтижелерін қолдану төңірегі. Оларды белгілі салада тәжірибеде қолдану мүмкіндігі, жаңа техниканы қолдану кезіндегі күтілетін экономикалық тиімділік анықталады.

ТЭН-ді құрау нәтижесінде мақсатқа жету және ҒЗЖ орындау қажеттілігі туралы қорытынды жасалады. Техника-экономикалық негіздеме салалық министерствомен бекітіледі. ТЭН-ді бекіткеннен кейін зерттеудің мақсаты мен міндеттері нақтыланады. Отандық және шет елдік әдебиеттердің библиографиялық тізімі, әртүрлі ұйымдардың саласына сәйкес тақырып бойынша ғылыми-техникалық есеп беру құрайды және қажет болған жағдайда тақырып бойынша рефераттар, процестер, пәндер, құбылыстар нақтыланып, бұлар нақты зерттеулерді, сонымен қатар зерттеу тәсілдерін қамтуы қажет.

Теориялық зерттеудің мақсаты – пәннің физикалық болмысын танып білу болады. Нәтижесінде физикалық модель қаланып, математикалық моделдер жетілдіріліп және осындай жағдайда алынған бастапқы нәтижелер талданады.

Ұйым алдында эксперименттік зерттеулердің тапсырмалары жетілдіріліп, эксперименттің әдістемесі (методикасы) мен бағдарламасы таңдалып алынады.

Қабылданған әдістемелік шешімдер, эксперименттер жүргізу үшін әдістемелік көрсетулер түрінде жасалады.

Зерттеудің әдістемесі жетілдірілгеннен кейін жұмыс жоспары жасалады, онда эксперименталды жұмыстың көлемі, әдістері, техникасы, жұмыс сыйымдылығы және мерзімі көрсетіледі.

Теориялық және эксперименттік зерттеуді аяқтағаннан кейін алынған нәтижелерге жалпы талдау жасалады, гипотезалар эксперимент нәтижелерімен жүзеге асырылады.

Дәріс № 3, 4

Тақырыбы: Ғылыми зерттеудегі ақпараттар.



  1. Ғылыми зерттеудегі ақпардың ролі.
  2. Ғылыми ақпарларды іздеу, жинау және өңдеу.

Ақпараттық жүйелерді жасау және оларды қолдану ғылым мен техниканың жетістіктерін көпшілікке жеткізу үшін өте қажет. Ғылыми ақпарат көздері ретінде әдебиеттер, мерзімді басылымдар, кітапхана қорлары, ЭЕМ, байланыс құралдары т.б.жатады. Ақпараттық өнімдерді жинақтау, олардың базасын жасау қағазсыз информатикаға көшумен байланысты.

ЭЕМ қолдану ақпараттардың көп мөлшерін сақтау, оларды дер кезінде тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз етті.

Ақпараттар қорын библиографиялық және фактографиялық деп екіге бөледі. Библиографиялық қор жарияланған еңбектер туралы ақпараттарды жинайды. Ал фактографиялық қорда осы жарияланған еңбектердің өздері сақталады. Ақпараттық қорлар салалық, политақырыптық, құжаттардың түрлеріне байланысты – патент, диссертация т.б. болуы мүмкін. Мұндай қорлар әр саладығы ғылыми зерттеу институтарында, ақпараттық органдарда жасалады.

Ақпараттық өнімдерді жасау үшін оларды алатын технология қажет. Технологиялардың негізін қолданбалы бағдарламалардың пакеттері – ППП- құрайды.

Информациялық өнімдерді жасау үшін техникалық жабдықтар, ақпарат базасы және ППП қажет. Тұтынушылар ақпарат қорын пайдалану үшін ақпараттар жүйесін пайдаланады. Байланыс құралдары мен ЭЕМ жетілдіру арқылы оларды тұтас бір ақпарат инфрақұрылымына айналдыруға болады- интернет.

Ақпарат ресурстарының құрылымдық бірлігі ретінде ғылыми құжат есептеледі, ол ғылыми-техникалық ақпаратты сақтайтын материалдық объект.

Ақпаратты беру тәсілі бойынша құжаттар – мәтіндік – кітап,журнал, графикалық – сызба, диаграммалар, аудиобейнелік – дыбыс, кино-бейнежазбалар, машинаоқитын – микрофотожазғыштар. Құжаттар бірінші және екінші деп бөлінеді.

ҒЗА – ғылыми-зерттеу ақпараттары – тез жету үшін периодты түрде шығатын басылымдар бар. Газет, журналдар, рефераттық басылымдар, ҒЗ жинақтар, стандарттар, патенттік құжаттар.

Бірінші жарияланбаған құжаттар керек мөлшерде көбейтіле алады. Оларға ҒЗ есептері, диссертациялар, депоненттегі қолжазбалар, ғылыми аудармалар, конструкторлық құжаттар, конференциялар туралы хабарламалар жатады.

Екінші құжаттармен басылымдарға анықтамалар, шолулар, реферативтік және библиографиялық жатады.

Дәріс № 5, 6

Тақырыбы: Ғылыми құжаттар және басылымдар.


  1. Мемлекеттік жүйедегі ғылыми техникалық ақпараттар.

  2. Халықаралық жүйедегі ғылыми техникалық ақпараттар.

  3. Патентті ақпараттар.

Құжаттардың қорларын тәртіпке келтіру үшін кітапханалық-библиографиялық классификация қолданылады. Әлемде ең көп тараған ӘОК (УДК) - әмбебап ондық классификация, көп елдерде қолданылады. ӘОК арқылы ақпаратты тез тауып алуға болады. Негізгі таблица 10 кластан тұрады – оларға ғылымның әр салалары бекітілген. Әр класс ары қарай 10 бөлімге, ол бөлімдер ары қарай 10 бөлімшелерге бөлінеді.

Шет елдерден келетін ақпарат РПТНБ – республикалық патенттік-техникалық ғылыми кітапхана арқылы таралады. КазГОСИНТИ – мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институты ақпараттарды көп таратады, оның аймақтарда бөлімдері бар.

Ғылыми ақпарат көздерімен танысу үшін анықтамалық басылымдардан бастау керек. Керек мәліметтерді кітапхана каталогтарынан табуға да болады. Алфавиттік каталог, жүйелік каталог ғылым салалары бойынша кітаптарды табуға көмектеседі.

Патенттік ақпараттар құқықтық және ғылыми-техникалық негізге ие. Патенттану жаңалықтар мен өнертапқыштықтықты қорғау үшін қажет. Авторлық құқық заңмен қорғалады. Өнеркәсіптегі қолданылатын ой еңбегінің нәтижесі өнеркәсіп жекеменшігі деп аталады. Олар жаңалық, өнертапқыштық, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер және фирмалық атаулар деп бөлінеді. Өнеркәсіп жекеменшігін қорғау үшін Ұлттық патенттік орталыққа өтініш береді.

Патенттік құжаттарда әртүрлі елдердің ресми органдары жаңалықтар мен өнертабыстар туралы мәліметтер жариялайды. Патенттік қорларда ақпараттарды іздеу үшін өнертапқыштықты жіктеу жүйесін білу қажет. Халықаралық жіктеу жүйесі 1954 ж. жасалды.

Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін орынды дайындау маңызды. Оқу, оқығанды есте сақтау, белгілеу, конспектілеу, реферат жазу, ғылыми шолу жазу әдістері маңызды.

Дәріс № 7, 8

Тақырыбы: Теориялық зерттеулер туралы.


  1. Теориялық зерттеудің бағыты және әдістері.

  2. Теориялық әдістерді зерттеуде қолдану.

  3. Математикалық, аналитикалық және ықтимал-статистикалық әдістер.

  4. Жүйенің жалпы теориясы.

Теориялық зерттеулердің мақсаты - зерттеу объектісімен қоршаған ортаның арасындағы байланысты көрсету және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін талдау мен түсіндіру, жалпы заңдылықтарды тауып, оларды қалыптау.

Теориялық зерттеулердің бағыттары – зерттеу әдістерінің нәтижелерін қорытындылау, оларды өңдеу арқылы жалпы заңдарды табу, зерттеу нәтижелерін ұқсас объектілер үшін қолдану, тәжірибелік зерттеулердің сенімділігін арттыру.

Француз философы Р. Декарт мүшелеу әдісін ұсынды. Осы әдіс бойынша маңызды не маңызсыз параметрлер, негізгі элементтермен олардың байланысы бөлектенеді. Бұған қарсы біріктіру әдісі қолданылды, ол объектіні кешенді түрде зерттеуге байланысты. Жүйелердің жалпы теориясы кейбір биологиялық объектілерді зерттеу кезінде пайда болды Л. Берталанфи. Бұл бағыт философиялық тұғырнама ретінде дамыды.

Теориялық зерттеулерді жүргізу бірнеше сатылардан тұрады. Оперативтік шұғыл сатыда техникалық қайшылықтарды жою, қоршаған ортаның өзгерісі, есепті шешу үшін басқа ғылым саласын қолдану, т.б. қарастырылады.

Синтетикалық сатыда объектінің бір бөлігінің өзгерісінің оның басқа бөліктеріне әсері, өзгерген объектіні жаңаша қолдану жолдары қарастырылады. Бұл алғашқы сатылардың нәтижесінде мақсатты анықтау сатысына көшуге болады.

Талдау сатысында шынайы соңғы мақсатты анықтау, оған кедергі болатын жайттарды білу, т.б. жүргізіледі.

Тәжірибеде кезігетін есептерді математикалық тәсілдермен шешу үшін мақсатты математикалық жолмен өрнектеу, яғни оның математикалық үлгісін жасау қажет. Есепті математикалық өрнектеу сандар, геометриялық өрнектер, функциялар, теңдеулер жүйесі түрінде болады. Математикалық үлгілеудің бірінші сатысында есептің бағытын анықтау, зерттеудің мақсаты мен объектісін және критерийлерін белгілеу жасалады.


Дәріс № 9

Тақырыбы: Ғылыми-техникалық тұрғыда моделдеу.




  1. Моделдеудің түрлері.

  2. Физикалық түрде моделдеу.

Математикалық үлгінің типін анықтайды. Әдетте бірнеше үлгі қатар жасалады. Оларды зерттеу нәтижелерін салыстыру арқылы ең дұрыс үлгі таңдап алынады. Алғашқы ізденіс зерттеулері бойынша зерттеу объектісінің сызықтығы немесе сызықсыздығы, динамикалығы немесе динамикасыздығы, тұрақтылығы немесе тұрақсыздығы анықталады. Дененің сызықтылығы оның статикалық сипаттамасымен анықталады. Статикалық сипаттама дегеніміз сыртқы әсердің шамасымен оның сыртқы әсерге реакциясының шамасы арасындағы байланысты айтады. Егер дененің статикалық сипаттамасы сызықтық болса, бұл объектінің математикалық үлгісі сызықтық функциялармен өрнектеледі және керісінше. Сызықтық математикалық үлгіні қолдану ары қарай талдауды қысқартады және суперпозиция тәсілін қолдануға мүмкіншілік береді. Осы принцип бойынша жүйеге бірнеше кіретін сигналдар болса, жүйе әрбір сигналды сүзіп, оған басқа сигнал әсер етпегендей жағдай жасайды. Сызықтық жүйенің жалпы шығу сигналы әрбір кірген сигналға оның реакциясының қосындысынан құралады.

Жүйелердің динамикалығы немесе статикалығы олардың зерттелетін көрсеткіштерінің уақыт бойынша өзгерістерін анықтау арқылы табылады. Осы қасиеттер анықталатын уақыт мерзімі өте маңызды. Объект аз уақыт ішінде статикалық болса,осы уақыт өскенде өзгермейді. Егер статикалық қасиет ұзақ уақыт мерзімінде анықталса, ол уақыт азайғанда нәтиже өзгеріп, объектінің статикалығы динамикалыққа өтуі мүмкін.

Дәріс № 10, 11

Тақырыбы: Эксперименттік зерттеу. Эксперименттік зерттеулер нәтижесін өңдеу.


  1. Эксперименттің жіктелуі.

  2. Эксперименттің түрлері

  3. Эксперименттің бағыттары.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бөлігі эксперимент болып табылады, оның негізін ғылыми түрде қойылған тәжірибе құрайды. Эксперименттің мақсаты зерттелетін объектілердің қасиеттерін анықтау, болжамдардың дұрыстығын тексеру, сол арқылы ғылыми зерттеудің тақырыбын тереңдету. Экспериментті бағыттау мен ұйымдастыру оның қажеттілігіне байланысты. Әртүрлі ғылым саласында өткізілетін эксперименттер химиялық, биологиялық, физикалық, т.б. деп аталады. Шарттарына байланысты олар табиғи және жасанды деп бөлінеді. Зертханалық эксперименттер типтік приборлар, қондырғылар және стендтер қолдану арқылы өткізіледі.

Әдетте Зертханалық экспериментте объектінің өзі емес оның үлгісі зерттеледі. Шынайы эксперимент табиғи ортада шынайы денемен өткізіледі. Олар өндірістік, далалық, полигондық және жартылай шынайы деп бөлінеді.Мұндай эксперименттің негізгі проблемасы – жағдайдың шынайы жағдайға мейлінше сай болуы. Педагогика, психология және социологияда ашық не жабық эксперименттер өткізіледі. Жабық эксперимент кезінде оның мақсаты қатысушыларға айтылмайды.

Қарапайым эксперимент құрылымы күрделі емес объектілерге өткізіледі. Күрделі экспериментте элементтері көп, құрылымы күрделі, күрделі функцияларды орындайтын объектілер мен құбылыстар зерттеледі.

Ақпараттық эксперимент ақпараттың белгілі объектілерге тигізетін әсерін анықтау үшін қолданылады.

Заттық эксперимент әртүрлі заттық факторлардың зерттеу объектісіне әсерін анықтайды. Мысалы, қоспалардың болаттың сапасына әсері. Үлгілік эксперимент зерттеу объектісінің үлгісімен жүргізіледі.

Дәріс № 12, 13

Тақырыбы: Эксперименттік зерттеу. Эксперименттік зерттеулер нәтижесін өңдеу.



  1. Эксперимент нәтижелерін статистикалық әдістермен өңдеу.

  2. Эксперимент нәтижелерін графикалық әдістермен өңдеу.

  3. Теориялық шешімдерді бағалау.

  4. Экспериментті жобалау теориясы.

Әрбір эксперимент алдында оның жоспары жасалады, оған эксперименттің мақсаты, есептері, өзгеретін факторлар, оның көлемін негіздеу, тәжірибелердің саны, факторларды өзгерту тәртібі, зерттеу құралдары, т.б. кіреді. Эксперименттің математикалық теориясын қолдану жоспарлау кезінде оның көлемін оңтайландыруды болдырады, оның дәлдігін арттырады. Өлшеу құралдарын дәл таңдап алу да өте маңызды, ол үшін өлшеу аппараттарын жете білу қажет. Кейбір жағдайларда сирек кездесетін приборларды жасау қажет.

Эксперименттік зерттеулер кезінде өлшеулер жүргізу өте маңызды болып саналады. МЕСТ бойынша өлшеу дегеніміз физикалық шамаларды тәжірибе кезінде арнаулы техникалық құралдар арқылы табу. Өлшеудің теориясы мен практикасын метрология анықтайды. Өлшеу тәсілдері тура немесе жанама, абсолютті, салыстырмалы деп бөлінеді.

Эксперименттерді жүргізу үшін жұмыс орыны және жұмыс аумағы қажет. Лаборатория – арнаулы жабдықталған бөлме, онда эксперименттік зерттеулер жүргізіледі. Олар тұрақты, қозғалмалы және жүргізілетін деп бөлінеді. Барлық зерттелген, анықталған шамалар арнаулы журналдарға жазылады. Зертханалық журналдар мен дәптерлер өте маңызды құжаттар деп есептеледі. Олар белгілі тәртіппен сақталып, жеңіл тексеруге дайын болу керек. Эксперимент кезінде әртүрлі көрсеткіштерді өлшеу дәл болмайды, өйткені приборлардың өздерінің қателіктері бар. Олар жүйелі және кездейсоқ деп бөлінеді. Жүйелі қателер қайталанған эксперименттер кезінде тұрақты болып қалады. Кездейсоқ қателер қайта өлшеу кезінде кенеттен пайда болады.


Дәріс № 14

Тақырыбы: Ғылыми жұмысты дайындау.

  1. Тақырыптың аты, мазмұны, алғы сөз, кіріспе, әдеби шолу.

  2. Ғылыми жұмыстың мазмұны. Қорытынды, жалпы қорытындылау, әдебиет тізімі.

  3. Аннотация, баяндама

Ғылыми мәліметтердің көп бөлігін ғалымдар ауызша ақпараттар көздерінен алады- баяндамалар, хабарламалар. Олар жиналыс, семинар, симпозиум, конференцияларда және жеке кездесулер мен сұхбаттасуда алынады. Жиналыс - бір ғылыми бағыттағы ғалымдар мен мамандардың ұжымдық кездесуінің формасы.Жиналысқа қатысушылардың құрамы мен сөйлеу ұзақтығы шектеледі.

Коллоквиумда әртүрлі бағытта жұмыс істейтін ғалымдар пікір алмаса алады. Келгендердің барлығы ерікті пікір таласуға қатыса алады. Коллоквиумда ресми баяндамашылар тағайындалмайды.

Симпозиум алдын-ала дайындалған баяндамалар негізінде жартылай ресми бас қосу, онда дайындықсыз да сөйлеуге болады. Симпозиумға қатысушылар тек баяндамаларды тыңдап қана қоймай, жеке кездесе алады.

Соңғы кездерде көп тараған ақпарат алмасу түрі – конференциялар. Олардың дәрежесі қатысушыларға байланысты әртүрлі – ЖОО ішінде, қалалық, аймақтық, республикалық және халықаралық. Баяндамашылар жаңа ғылыми нәтижелер туралы баяндайды, ал қалған қатысушылар ақпараттарды қабылдайды. Тыңдаушылар сұрақтар қоюға, жарыссөзге қатысуға құқықты. Баяндамашыларға, сөйлеушілерге белгілі уақыт беріледі – регламент- секцияларда басқа көп баяндамалар тыңдалады. Конференциялар кезінде кітап, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. ЖОО және ғылыми мекемелерде конференциялар жүйелі түрде өткізіледі, мысалы, жыл сайынғы студенттік ғылыми конференциялар, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің конференциясы.

Съездер мен конгресстер өте жоғары өкілдік түріндегі кездесулерге жатады, олар ұлттық немесе халықаралық сипат алады. Оларда ғылымның белгілі саласындағы стратегиялық мақсаттар айқындалады.

Жоғарыда аталған жиындардағы басты жауапкершілік баяндамашылардың үлесінде. Ғылыми баяндама жасау – үлкен жауапкершілік. Баяндама арқылы ғылыми зерттеулердің нәтижелері көрсетіліп, мамандардың пікірлері мен ескертпелері алынады. Бұл жағынан тыңдаушылардың сөздері мен жарыссөз өте пайдалы. Баяндама кезіндекөрнекі құралдарды дұрыс пайдалана білу қажет.

Баяндама жасау алдында оның тезистерін дайындап алу керек. Онда баяндаманың мазмұны қысқаша түрде баяндалады. Көлемі – 1-2 бет.

Баяндамашылар көбінесе қөрнекі құралдар мен техниканы пайдаланады. Графикалық материалдар сызу қағазына сызылады. Оған қазір плоттер қолданылады. Материалдар ретінде графиктер, диаграммалар, сызбалар қолданылады. Оларды сызғанда масштаб болмайды.

Техникалық құралдарға диапозитив, диафильм, аудио, видеожазу, видеофильм, т.б. жатады. Баяндама жасау арқылы автор өзін-өзі тексеріп, ұжымның көмегін алады. Олардың айтқан пікірлері мен сын-ескертпелері өте пайдалы. Ғылыми пікір таласуға қатысу баяндамашылар мен тыңдаушылардан белгілі бір біліктілікті талап етеді, оған үйрену қажет. Пікір талас кезінде жазуға, тыңдауға, қосымша сөйлеуге мүмкіндік бар. Пікір талас кезінде ең негізгі мақсат шындықты табу, қарсыласты жеңу емес, өйткені оның пікірі дұрыс болып шығуы мүмкін.


Дәріс № 15

Тақырыбы: Ғылыми жұмыстың нәтижесін дайындау.


  1. Басылып шығарылатын мақаланы дайындау тәртібі.

  2. Ғылыми жұмыстың нәтижесін енгізу.

ҒЗЖ енгізудің тиімділігі өндірістегі өнім өндіруге кететін шығындарды төмендету болып табылады. ҒЗ тиімділігі әртүрлі бағытта болады – экономикалық- ұлттық табыстың өсуі, шығындардың азаюы,т.б. әлеуметтік-экономикалық – еңбек өнімділігінің артуы, жұмысты жеңілдету, табиғатты қорғау,денсаулықты сақтау, т.б. отан қорғауды күшейту, ғылымның маңызын көтеру.

Тірі және затталған еңбектің бір жылғы үнемделген мөлшерін теңгеге шаққанда жылдық экономикалық пайда ЖЭП деп атайды. Ол жұмыстың біту сатысына байланысты алдын-ала не жоспарлы, күтілген, факт бойынша және потенциалдық деп бөлінеді.

Жоспарлы ЖЭП техникалық-экономикалық негіздеу кезінде іріленген көрсеткіштер бойынша зерттеулерді жүргізу тиімділігін анықтау үшін есептеледі. Күтілген ЖЭП ғылыми зерттеулер біткен сатыда нормативтік-анықтамалық көрсеткіштер бойынша жоспарланған енгізу көлеміне сәйкес есептеледі. Тапсырыс беруші енгізу көлеміне кепілдік берсе, ЖЭП кепілдік деп аталады.

Факт бойынша ЖЭП ҒЗ өндіріске енген соң есептегі жыл көрсеткіштері бойынша есептеледі.

Потенциалдық ЖЭП іріленген көрсеткіштер бойынша енгізуге мүмкін көлемді есептейді. Бұл ҒЗЖ кең көлемде пайдалануға және таратуға негіз болады.

ҒЗЖ нәтижелерін және лицензияларды шетелдерге және фирмаларға сатса, шетелдік ЭЖП алынады.

Іргелі ҒЗ пайдалы әсерді жұмыс басталғаннан бастап көп уақыттан кейін бере бастайды. Сондықтан ЖЭП жоспарлау біраз қиын.

Теориялық зерттеулердің пайдасын сандық көрсеткіштермен көрсету қиын, сондықтан оларды көбінесе сапалық көрсеткіштермен сипаттайды. Қолданбалы тақырыптағы зерттеулердің мерзімі қысқа болуы керек. Әдетте олардың мерзімі 3 жылдан аспауы шарт.

ҒЗЖ тиімділігін әртүрлі жолдармен анықтайды. Ұжымның жұмысын жарияланған ғылыми еңбектердің санымен, сапасымен, алынған патенттердің мөлшерімен, өндіріске енгізілген ҒЗЖ санымен, еңбек өнімділігімен анықтайды.

ҒЗЖ тиімділігін арттыру үшін ғылыми қызметкерлерді ынталандырудың жолдарын жетілдіру керек.

ҒЗЖ өндіріске енгізу екі сатыдан тұрады – тәжірибелік-өндірістік енгізу және сериялық топтап енгізу. ҒЗЖ қандай ыждағаттылықпен өткізілсе де өндіріс жағдайында ескерілмеген, кездейсоқ факторлардан ешкім сақтана алмайды. Сондықтан ғылыми жұмыстардың нәтижесін бірінші өндірістік жағдайда тексеріп алған дұрыс. Мысалы, машиналар мен қондырғылардың жаңа түрлерін дайындап, оларды заводтарда немесе полигондарда сынайды. Технологиялық процестерді өнеркәсіп орындарында тәжірибелік сынақтан өткізеді. Тексерістердің ұзақтығын арнаулы есептеулер арқылы тағайындайды.

Өнеркәсіптегі тексеру кезінде тәжірибелік үлгілердің техникалық-экономикалық тиімділігін анықтайды. Әсіресе үлгілердің эксплуатациялық көрсеткіштеріне, сенімділігіне, шыдамдылығына, өзіндік құнына, дайындау және жұмыс істету оңайлығына баса назар аударады. Сынақ нәтижелері арнаулы түсіндірме жазбада көрсетіліп, оған тексеру актылары қосылады. Актыларға тапсырыс берушілер мен орындаушылар қол қояды.

Өндіріске енгізудің бірінші сатысында өте көп қаржы және жұмыс күші қажет. Бұл сатыда үлгілерді сынау кезінде авторлар міндетті түрде қатысу керек.

ҒЗЖ нәтижелерін өңдеп әдеби тілмен есеп, баяндама, мақала түрінде жазу белгілі бір талаптарға сай болу керек. Әсіресе баяндаудың түсініктілігі,жүйелігі және тәртіптілігі маңызды. Қолжазба мәтіні жаңа жолдан басталатын бөліктерге, яғни абзацтарға бөлінуі тиіс. Бұл оқуды жеңілдетеді және мәтіннің мазмұнын айқындайды. Бұлай бөлу жазылған мәтіннің мазмұнына байланысты - әрбір абзац жеке ойды білдіреді.

Қолжазбада қайталануларды болдырмау қажет, белгілі бір ой шумағы толық біткенше жаңаны бастамау керек.

Қолжазбаны цифрлармен, цитаталармен, суреттермен көп толтырмау керек, бұл мәтінді дұрыс түсінуге кедергі келтіреді. Бірақ, мұндай материалдан мүлде бас тартпау керек, өйткені ол зерттеу нәтижелерін қөрсетеді.

Көмекші материалдарды есепте қосымша түрінде келтіруге болады. Қолжазбада көрсетілген сілтемелер үшін олар алынған ақпарат көздерін көрсету қажет.

Стандарттарға сәйкес сөздерді және шартты белгілерді қысқартып қолдануға болады. Мысалы, т, кг, вт т.б. Стандарттық емес қысқартуларды міндетті түрде көрсету керек.

Ғылыми есеп, баяндама, мақала жазған кезде жалпы жоспар төмендегідей болуы мүмкін. Алдымен оның атын жазу керек, ол қысқа, анықтаушы, жұмыстың мазмұнына сай болу керек, өйткені осы аты бойынша ол каталогқа кіреді.

Мазмұны оны оқырман үшін қысқа түрде мазмұнын ашатындай болу керек, негізгі бөлімдер, тараулар және тағы басқа бөліктер көрсетіледі. Кейде ғылыми жұмысты жазғанда алғы сөз жазу қажет. Онда ғылыми жұмысты жазудың алғы шарттары, жұмыстың орындалған жері, т.б. келтіріледі.

Кіріспеде қысқаша проблема туралы, көкейкестілігі, мақсаты мен мүдделері, проблеманың қазіргі жағдайы сөз болады.

Әдебиеттерге шолу әдетте қарастырылатын мәселе бойынша беріледі. Бұл жерде ең маңызды әдебиетті қосымша әдебиеттен ажырата білу қажет. Әдебиеттің белгілі бір бөлігі соңғы жылдарда жарияланғаны дұрыс, шет елдік әдебиеттерде болғаны жөн.

Жұмыстың негізгі мазмұнына материалдар, зерттеу тәсілдері, тәжірибенің нәтижелері, қорытындылар мен талдаулар кіреді. Мәтінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері дәл, ұғынықты болуы керек. Жаңадан енгізілген терминдер мен ұғымдарды тиянақты түсіндіру қажет. Цифрлық материалды таблица, диаграмма не график түрінде беру керек. Олардың аттары мен нөмірлері болады.

Қорытындылар жұмыста келтірілген материалға сай болуы керек. Олар қысқа түрде, нөмірленген тезистер түрінде болады.

Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі. Осы тізім бойынша мәтінде оларға сілтемелер жасалады. Тізім библиографиялық тәртіпке сәйкес, мәтінде жазылған кезегі бойынша жасалады. Тізімде авторлардың аты-жөні, кітаптың аты, баспаның аты, шыққан жылы, жалпы бет саны, не беттің нөмірі көрсетіледі. Журнал болса шыққан жылы, нөмірі, беті. Тізімдегі әдебиеттің нөмірі мәтінде жақша ішіне жазылады.

Ғылыми жұмысты жазған кезде оның құрылымы туралы ойлау керек, яғни оның жеке бөліктері арасындағы пропорция оның логикалық тұтастығын сақтайды.

Қосымшада көмекші таблицалар, графиктер, есептеулер, программалар, т.б. материалдар орналасады. Олардың әрқайсысының нөмірі бар. Ғылыми жұмыстың мәтіні бойынша реферат немесе аннотация дайындалады. Аннотация – есептің, ғылыми жұмыстың қысқаша сипаттамасы. Ол бұл құжатта не туралы айтылады деген сұраққа жауап береді. Ондағы сөйлемдер қарастырылды, зерттелді, дәлелденді, деп келеді. Реферат негізгі құжаттың қысқартылған түрдегі мазмұнын баяндайды, онда материалдармен қорытындылар келтіріледі. Рефераттар рефераттық журналдарда, жинақтарда жарияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет