Дәмтатымдық көкөністер
Дәмтатымдық көкөністер жеуге жарамды түрі бойынша тамырсабақты (ақжелкек) және жапырақты (аскөк, фенхель, кориандр, эстрагон, жалбыз, мелисса, майоран, жебір, райхан) деп бөлінеді.
Тамырсабақты дәмтатымдық көкөністер. Тамырсабақты дәмтатымдық көкөністер. - Ақжелкек — қырыққабатты тұқымдасына жататын көп жылдық шөптік өсімдіктің шағын тұқымы болып табылады. Тамаққа жапырағы (тұздауға) мен тамыры пайдаланылады. Ақжелкек тамырында эфир майы 0,05 мг% дейін, С дәрумені — 15 мг%, минералдық тұздар (калий, кальций, магний, темір, мыс, фосфор, күкірт және т.б.) құрайды. Жас тамырдың шырынында лицозин – атнибиотиктік әсер беретін зат орналасқан. Өсімдіктің жапырақтарында С дәруменінің мөлшері 85 мг%.
Жапырақты дәмтатымдық көкөністер. Жапырақты дәмтатымдық көкөністер. - Аскөк. Аскөк жапырағының құрамында:
каротин — 3,5 мг/100 г, көмірсу — 1,8 %, дәрумендердің жиынтығы (С — 95,2 мг%, B1 , B2 , PP, фолий қышқылы), флавоноидтер, минералды заттар (темір, калий, кальций, фосфор және т.б. тұздары), эфир майы. Аскөкті салаттарға, көжеге, ыстық тағамға дәмдеуішті қосымша ретінде пайдаланады. Фенхельдің құрамында С дәрумені — 50 — 90 мг%, каротин — 6—10 мг%, В, Е және PP дәрумендері бар. Фенхельді балғын күйде салаттар мен көжені дайындауда, бұқтыруда пайдаланады. - Фенхельдің құрамында С дәрумені — 50 — 90 мг%, каротин — 6—10 мг%, В, Е және PP дәрумендері бар. Фенхельді балғын күйде салаттар мен көжені дайындауда, бұқтыруда пайдаланады.
- Кориандрдің құрамында А және С дәрумені бар. Кориандрдың піскен жемісінің құрамында эфир және майлы май (2 және 25% қатынаста), азотты экстрактивтік заттар, крахмал, қант және басқалар бар.
- Эстрагон — астра тұқымдасына жататын биіктігі 150 см құрайтын, тік сабақты және ұзын жіңішке жапырақты көп жылдық шөпті өсімдік. Эстрагонның қара жасыл түсті жіңішке жапырақтары жағымды иісті және жеңіл анистік иіске ие. Оның құрамындағы эфир майына негізделген осы хош иістің арқасында эстрагон дәмдеуіш ретінде пайдаланылады және ол балғын және кептірілген күйде қолданылады
Достарыңызбен бөлісу: |