Тапсырма Полимерлердің мономерлеріне қандай молекулалар жатады?



Дата04.03.2024
өлшемі14.87 Kb.
#494215
полимерлер


Тақырып-1
Полимерлердің химиясы және полимерлердің химиялық құрылымы туралы негізгі түсініктер
Тапсырма 1. Полимерлердің мономерлеріне қандай молекулалар жатады?
Жоғары молекулалық қосылыстар табиғи немесе синтетикалық болуы мүмкін. Табиғи түрлеріне ақуыздар, полисахаридтер, табиғи шайырлар, каучук және т.б. жатса, синтетикалық полимерлерге полиэтилен, полистирол, полиамидтер, фенолды шайырлар және сол сияқты қосылыстар кіреді. Үлкен молекулалық массасыжәне өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды. Ең қарапайым органикалық полимер – полиэтилен, ол этиленнің полимерленуінен түзіледі. Этиленнің екі молекуласы қосылып, бутилен молекуласын құрайды.
2. Полимерлеу дегеніміз не және қандай полимерлеу әдістерін атай аласыз?
Табиғи полимерлер ежелгі заманнан белгілі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы полимер ақуызға тікелей байланысты. Бүкіл адам ағзасы ақуыздан тұратындықтан табиғат пен полимерлердің арасындағы байланыс миллиард жылға созылады. Алғаш рет «полимер» деген терминді 1833 жылы швед ғалымы Берцелиус енгізген. Бірінші полимер поливинилхлоридті 1833 жылы Реньо, ал полистиролды 1839 жылы Симон алды. Әйгілі фенолформальдегид шайырын неміс ғалымы Байер 1872 жылы синтездеді. Өнеркәсіпте алғаш рет фенол-формальдегид шайырын 1909 жылы бельгиялық ғалым Л. Бакеланд, ал целлофанды 1912 жылы Ж. Брандбургер алды. Жоғары молекулалық қосылыстар туралы жүйелі түрдегі түсініктерді алғаш рет неміс ғалымы Г. Штаудингер (1920) ұсынды. Ол «полимер», «полимерлену» терминдерінің түсінігін қазіргі заманғы мағынасында тұжырымдады. Осыдан бастап полимер ғылымында көптегенжаңалықтар ашылды және полимерлерді синтездеу, қасиеттерін зерттеу күрт өсті. Лебедевтің синтетикалық каучукты (1933), Карозерстің полиамидті алу жолындағы еңбектері өте құнды болды. 1955 жылы К. Циглер мен Д. Натта ашқан стереоретті полимердің алынуы полимерлер химиясы саласындағы елеулі жаңалықтар болып саналынады.
Полимерлену – мономерлердің активтік орталыққа тізбектеліп қосылуының нәтижесінде макромолекулалардың түзілу үдерісі. Полимерлену реакциясын жалпы түрде былай көрсетуге болады: nM - [-M-]n - Реакция нәтижесінде қосалқы заттар бөлінбейді, ал алынған полимерлердің құрамы мономерге сай келеді. Полимерленуге қатысқан мономерлердің түрлеріне байланысты гомополимерлену (егер бір түрлі мономер) және сополимерлену (егер екі және одан да көп әртүрлі мономер қатысса) болып екіге бөлінеді. Полимерленуге негізінен қос немесе үш байланысты және циклді тобы бар мономерлер қатысады. Төменде полимерленетін мономерлердің құрамына кіретін топтар көрсетілген. ЖМҚ алудың негізгі әдістері — полимерлену және поликонденсациялану реакциялары.
Полимерлену реакциясы радикалды немесе иондық механизммен тізбекті процесс түрінде жүреді, ал поликонденсациялану реакциясы сатыланып жүреді және кіші молекулалы қосылыс бөлінеді.
Полимердің макромолекуласы түзілу үшін мономерлердің өзара бірігуі үш түрлі әдіспен жүзеге асырылады: қос байланыстардың үзілуі, эфирлік байланыстар мен амидтік байланыстардың түзілуі.
Сополимерлену, яғни әр түрлі мономерлерді біріктіріп полимерлеу арқылы "егу, тігу" әдістерін қолдана отырып, қасиеттері алдын ала болжанған сапалы, бағалы полимерлер алынады.
Құрылым буындары бірдей, бірақ ұзындықтары әр түрлі (яғни, полимерлену дәрежесі әр түрлі) макромолекулалар полимергомологтар деп аталады.
Активтік орталықтың табиғатына байланысты радикалдық және иондық полимерлену деп ажыратады. Полимерлену тізбекті реакцияларға жатады. Сондықтан кез келген полимерлену реакциясы үш негізгі сатыдан тұрады: 1. Активті орталықтың түзілуі, яғни мономер молекуласын қоздыру арқылы активті күйге ауысуы.
3. Полимер тізбегінің ұзындығын және полимердегі мономер бірліктерінің санын қандай шама анықтайды?
Көп рет қайталанатын мономерлерден немесе мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп, ал буындардан құралған үлкен молекула макромолекула деп аталады. Полимерлік тізбектің соңында тұратын топтар соңғы топтар деп аталады. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары молекулалық қосылыстардың полимерлену дәрежесін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет