Тарау І жердің негізгі сызықтары, жазықТЫҚтары туралы жалпы мәліметтер



бет1/5
Дата07.09.2022
өлшемі27.43 Kb.
#460353
  1   2   3   4   5
05,09,


Тарау І
1. ЖЕРДІҢ НЕГІЗГІ СЫЗЫҚТАРЫ, ЖАЗЫҚТЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1. Жер беті туралы жалпы түсінік (геоид, эллипсоид, шар)
Жер - полюстеріне қарай аздап қысыңқылау болып келетін шар пішінді дене. Әр түрлі ғылым мен техниканың салаларының сұранысы негізінде, оның пішіні мен өлшемдерін білу өте қажет. Бұл берілімдермен теңізшілер, авиацияда, жасанды Жер серіктерін және ғарыштық аппараттарды ұшырғанда, пайдалы қазбаларды іздеу және барлауда, ірі құрылыс жұмыстарын салғанда, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау шараларын т.б. жүзеге асырғанда пайдаланады. Жердің өлшемдерін, пішінін білу астрономияда, геофизикада, геологияда, географияда және басқа да ғылымдарда керек ұғым.
Жердің физикалык бетінің жалпы аумағы 510 км2 оның шамамен -71% Әлемдік мұхит, 29% құрлық алып жатыр. Құрлықтар таулар, ойпаттар, қыраттар, ойлар, тегіс аймақтардан тұратын жер бедерлерінен құрылған. Құрлықтың мұхит деңгейінен орташа биіктігі 875 м, ал Әлем мұхитының тереңдігінің орташа шамасы 3800 м құрайды. Сонымен құрлық беті, бүкіл Жер бетімен салыстырып қарағанда онша биік емес жалпақ тау іспеттес.
Осы берілімдер негізінде Жер пішіні ретінде тыныш, бұрқанбаған, жағаға немесе кейін ұрған толқынсыз Әлемдік мұхит беті қабылданған. Мұндай тұйық бетті - деңгейлік бет, ал осы бетпен шектелген денені геоид дейді. Деңгейлік беттің бірнеше қасиеттері бар: сыртқа шығыңқы және барлық жері жазық, яғни өзінің әр нүктесінде ауырлық түсу сызығына (тіктеуіш сызығына) перпендикуляр.
Жер қойнауының барлық тұсында салмағының тең бөлінбегендігінен, оның әр нүктесінің салмақ күшінің бағыты бір орталықта қиылыспайды. Сондықтан геоидтың пішіні өте күрделі, оны математикалық жолмен өрнектеу қиынға соғады (1-сурет). Геодезияда геоидтың пішінінің орнына, соған ұқсас эллипстің кіші осі (полярлық осі) РРі бойында айналуынан алынған айналым эллипсоиды (сфероид) қабылданған.
1.2 Гаусс проекциясы туралы түсінік
Жердің деңгейлік беті қисық (дөңес) болғандықтан, оның көп бөлігін жазықтықта өзгеріссіз кескіндеу мүмкін емес, осы себепті бірнеше картографиялық проекциялар ал, ТМД елдерінде 1928 жылы қабылданған, К.Ф.Гаусс ұсынған арнаулы проекциясы қолданылады.
Бұл проекцияның мағынасы мынада: Жердің деңгейлік беті 60 бөлек аумақтарға бөлінген, әрқайсысы екі меридианмен шектелген, олардың еңдігінің шамасы 6 градустан. Бұл бөліктерді зона деп атайды. Әр зонаның ортаңғы меридианы осьтік меридиан деп аталады.
Жер шарының цилиндр ішіне орналасқанын көзге елестетіп көрейік, цилиндрдің осі экватор жазықтығыңда жатыр, ал цилиңдр жазықтығы жер шарының бетін осьтік меридиан Р1Р2 арқылы жанай өтеді (2а-сурет). Осы зона арнаулы түрде цилиндр бетінде сәулеленген. Әрі қарай цилиндрді К1К2 және R1R2 құрастырушы сызықтарынан қиып, жазғанда жазықтыққа айналған. Сонда зонаның жазық кескіні пайда болады, оның үстінде осьтік меридиан Р1Q1Р2 және экватор Q1О Q2 бір-бірімен перпендикуляр сызық құрайды. Зонаның шектеуші меридиандары Р1Q1Р2 және Р1Q2Р2 параллельдер сияқты қисық сызықтармен кескінделеді (2 ә-сурет).
Проекциялау әдістерін таңдағаңда қоятын шарттары бар, ол - кіші аймақтарды цилиндрге кескіндегенде, олардың шамасы Жер бетіндегі шамасына тең (ұқсас) болуы керек. Яғни бір-біріне сай екі бағыттың арасындағы бұрыштың проекциядағы және шар үстіндегі шамалары бірдей болуы керек.
2-сурет. а-цилиндр бетіне проекциялау; ә-зонаның кескіні 9

Картографияда мұндай проекцияны тең бұрышты проекция деп атайды. Сондықтан Гаусс проекциясын көлденең-цилиндрлік тең бұрышты проекция дейді. Сонымен бірге Гаусс проекциясында кесінді ұзындықтары дәл берілмейді, оның үстіне бұл дәлсіздік шама зонаның шетінде осьтік меридианнан мейілінше көп ұзаған кезде ең үлкен шамасына жетеді. Бірақ, есептеулер нәтижесінде, ең көп ауытқу шамасы графикалық құру қателерінен аспайды да, 1:10000 масштабтағы карталарды құру талаптарын қанағаттандырады. Ірі масштабтардағы (1:5000 және одан ірі) карталарды құру кезінде үш градустық зоналарды пайдаланады, олардағы ауытқу шамалары өте аз және ондағы атқарылатын дәлдік талаптарын қанағаттандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет