Тарау І жердің негізгі сызықтары, жазықТЫҚтары туралы жалпы мәліметтер


ГЕОДЕЗИЯДАҒЫ КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІ. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КООРДИНАТАЛАР



бет2/5
Дата07.09.2022
өлшемі27.43 Kb.
#460353
1   2   3   4   5
05,09,

1.3 ГЕОДЕЗИЯДАҒЫ КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІ. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КООРДИНАТАЛАР
Жер бетіндегі нүктелердің орналасулары олардың координаталары арқылы анықталады. Берілген нүктенің координаталары дегеніміз - нүктенің орналасу жағдайының бастапқы берілген сызығынан немесе қабылданған координаталар жүйесінің жазықтығынан салыстыра қарағандағы орны.
3-сурет. Географиялық координаталар
Деңгейлік беттегі нүктенің жер бетіндегі жазық проекциясыңда орналасу жағдайын географиялық координаталар жүйесінде анықтауға болады.
Айталық, Жердің деңгейлік бетінің пішіні шар тәрізді, центрі О нүктесінде орналасқан (3-сурет). Р1Р2 -жердің айналу осі. Жердің айналу осі арқылы өтетін, оны жазықтықтармен қиғаннан кейін пайда болған деңгейлік беттің үстіндегі сызықтар географиялъщ меридиандар деп аталады. Жердің айналу осіне перпендикуляр деңгей бетті жазықтықтармен қиғаннан пайда болған сызықтарды параллелъдер деп атайды. Жердің ортасы (центрі) арқылы өтетін параллельді экватор дейді, ал ішінде экватор жатқан жазықтықты экватор жазықтығы дейді.
Деңгейлік бет үстінде жатқан кез келген А нүктесінің орны екі географиялық координатамен анықталады - ендік φ және бойлық λ.
А нүктесінің географиялъщ ендігі деп осы нүкте үстінен өтетін АО тіктеуіш сызығы мен экватор жазықтығы арасындағы φ бұрышын айтады. Берілген нүктеге дейінгі бұл бұрыш, экватор жазықтығынан солтүстікке немесе оңтүстікке қарай (Жер шарының қай жарты шарында жатқандығына байланысты) есептеледі. Солтүстік жарты шарда жатса, ол солтүстік ендік, оңтүстік жарты шарда жатса, ол -оңтүстік ендік деп аталады. φ бұрышының шамасы экватор үстінде 0° -тан полюстердің үстінде 90° дейін өзгереді.
Берілген нүктенің географиялъщ бойлығы деп, бастапқы меридиан жазықтығымен (Р1МоР2) және осы нүктенің үстінен өтетін меридиан жазықтығы (Р1АА1Р2) арасындағы екі 10

қырлы λ бұрышын айтады. Бастапқы меридиан болып Лондондағы Гринвич обсерваториясының Бас залының ортасынан өтетін меридиан, Халықаралық келісім бойынша қабылданған. Бойлық Гринвич меридианынан шығысқа қарай және оңтүстікке қарай 0° градустан 180° градусқа дейін өлшенеді, оны шығыс бойлық немесе оңтүстік меридиан деп атау қалыптасқан.


Географиялық координаталар жүйесі өте қарапайым, бірақ іс жүзінде, мысалы, инженерлік-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарды атқаруда қолдануға қолайсыз. Ендік және бойлық бұрыштық өлшемдерде беріледі. Олардың сызықтық мәндері Жер шарының (эллипсоидының) барлық жерінде бірдей емес. Географиялық координаталарды есептеу, өзінің аумақтылығымен ерекшеленеді, ал қарапайым есептерді шығару күрделіленіп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет