кеңістіктік күштер жүйесі деп аталады. Егер қарастырылатын
күштер жүйесінің əсер сызықтары бір жазықтықта жататын болса,
онда оларды жазық күштер жүйесі деп атайды. Əсер сызықтары бір
нүктеде қиылысатын күштер жүйесі жинақталатын күштер жүйесі деп аталады. Əсер сызықтары параллель күштер жүйесі
параллель күштер жүйесі деп аталады. Аталған күштер жүйесі
кеңістіктік жəне жазық күштер жүйесін түзуі мүмкін.
Дененің механикалық күйін өзгертпей əсер етуші күштер жүйесін
тепе-теңдіктегі күштер жүйесі деп немесе нөлге эквивалентті (парапар) күштер жүйесі деп атайды.
1.4. Күштің өске проекциясы Белгілі бағытталған түзу сызықты өс деп атайды. Күштің өске проекциясы деп күш векторының ұштарынан өске түсірілген екі
перпендикулярмен шектелген, өстің бағытталған кесіндісі аталады.
Егер кесінді бағыты өстің оң бағытымен сəйкес келсе, күштің өске
проекциясы оң таңбалы деп есептеледі. Егер кесінді бағыты өстің оң 1.5. Күш моменті. Күштің нүктеге қатысты моменті Қатты дененің өзіне түсірілген күш əсерінен тек ілгерілей
қозғалып қоймай, сонымен қатар белгілі бір нүктеге қатысты айнала
да қозғалатыны тұрмыста белгілі. Күштің денеге айналдырушы əсері
күш моменті деген ұғыммен сипатталады.
Күштің нүктеге қатысты моменті деген ұғымды механикаға
енгізген – Қайта өрлеу дəуірінің итальяндық ғалымы жəне суретшісі
Леонардо да Винчи (1452-1519).
Күштің нүктеге қатысты моменті деп плюс не минус таңбамен алынған күш модулі мен осы нүктеден күштің əсер сызығына дейін түсірілген перпендикулярдың ұзындығына көбейтіндісін айтады. Күштің əсер сызығы бойындағы жататын нүктеге қатысты алынған
күш моменті нөлге тең, өйткені бұл жағдайда күш иіні нөлге тең.
Күштің түсу нүктесін оның əсер сызығы бойымен жылжытудан
күш моменті өзгермейді (1.11, d-сурет).
Сонымен, күш моментінің шамасы мен бағыты ( таңбасы) момент
алынатын нүктенің орнына тəуелді екеніне көз жеткіземіз.
Күштің нүктеге қатысты векторлық моментідеп осы нүктеге түсірілген жəне шамасы күш модулі мен осы нүктеге қатысты иіннің көбейтіндісіне тең векторды айтады (1.12-сурет). Күш моментінің векторы күш жəне моменттік нүкте жатқан жазық- тыққа перпендикуляр, сонымен қатар ұшынан қарсы қарағанда күштің денені сағат тілі жүрісіне қарама-қарсы айналдыруға тырысатын бағытта түсіріледі.