Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет24/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
Учебник Теор. этнология

2 Примордиализм. Примордиалистік концепция ағылшын тілінен 
аударғанда алғашқы, басынан ақ деген мағынаны білдіріп, этнос - ортақ 
белгілер жиынтығы бар адамдар тобы, деген ұғымды тұжырымдайды. Оның 
негіздері антикалық авторларда қарастырылған, ал этнография ғылымының 
қалыптасу қарсаңында этнографияның атасы Э.Тейлор: «Халық өзінің киімі
құралдары мен қарулары, неке және мүліктік заңдарымен, адамгершілік және 
діни ілімдерімен ерекшеленіп, басқа этностан ажыратылады. Этнография 
осындай ортақ, әрі біртүрлілік қасиеті бар ұжымдасқан адамдар тобының 
ерекшелігін зерттейді », - деген болатын.
Ресей этнологиясында бұл концепция 1920 жж. С.М. Широкогоровтың 
еңбектерінде бастау алған болатын. Этникалықты талдаудағы бұл тәсіл шет 
елдік зерттеушілер: К. Гирц, Р. Гамбино, У.Коннер, Э. Стюарт, Пуван ден 
Берг, т.б. еңбектерінде қарастырылды. Олардың тұжырымдары бойынша 
этникалықтың обьективті негізі табиғатта не қоғамда бар, адамгершілік 
біргейлігі (иденттілігі) туа біткен қасиет, деп қарастырылады. Сонымен бірге 
этникалықты шартсыз және өзгеріске түспейтін адамдық бірегейліктің 
(иденттілігінің) іргелі аспектісі деп түсіндіреді.
Примордиалистік бағыт ХІХ ғасырда Германияда пайда болды. Бұл 
«примордиалды байланыс» атты терминді ғылыми айналымға енгізген ХХ ғ. 
американ социологі У. Шилз болғанмен ол ішкі отбасылық қатынастарды 
сипаттау үшін ғана қолданды. Ал, американ антропологі К. Гирц этникалықты 
талдаудағы примордиалистік тәсілді кеңінен таратып дамытты. Ол былай дейді: 
«Әрбір қоғамда барлық уақытта адамдар арасындағы кейбір тартылыстар не 
жақындық табиғилық сезімнен туады. Мұндай тартылыстар кейбіреулерді - 
әлеуметтік өзара әрекеттестікке қарағанда рухани жақындық тездетеді», - дейді.
Бұған примордиалды сипат беретін этникалық байланыстармен қатынастар 
жатады.


Примордиализмді жақтаушылар «топтық тегін түйсіну генетикалық кодта 
бекітілген, бірігіп күн көру үшін туыстық топтың мүшесін танып білу қабілеті 
қажет болған кезең - ежелгі адамзат эволюциясының алғашқы жемісі», - деп 
санады. 
Примордиализм аясындағы барлық теорияны талдай отырып, этностың 
өмір сүруіндегі екі обьективті негіздемені (табиғат пен қоғамды) екі бағытқа: 
табиғи және тарихи –эволюциялық деп бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет